Жедел ларингит көмей шырышты қабығының қабынуы



бет8/11
Дата18.08.2023
өлшемі56.7 Kb.
#476124
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Тыныс алу ағзалары және Жүрек қан тамыр жүйесі аурулары

Туа бітті жүрек ақаулары

Туа бітті жүрек ақаулары (ТБЖА) - ол эмбриогенездің бұзылыстары арқасында жүктіліктің 28-ші жұмасында пайда болатын жүректің және магистралдық ірі қан тамырларының морфологиялық ауытқулары.
Себептері. Жүктіліктің бірінші үш айында жүректің дамуына ана жағынан пайда болатын вирустық жұқпалы ақаулар (қызамық, қызылша, мысқыл, желшешек, тұмау) және токсоплазмоз, радиация, гиподәруменшілік, жынысты мүшелер аурулары, аяғы ауыр әйелдің шағы 35 жастан асу әсер етеді.
Кіші және үлкен қанайналымы шеңберлердегі қанайналымы жағдайына байланысты ТБЖА үшке бөлінеді:

ТБЖА түрі




Көк

1.Кіші қанайналым шеңберінің қан байлығы

Ашық артериалдық өзек, жүрекше аралығындағы кемістік,
жүрек қарынша аралығындағы кемістік.




2.Кіші қанайналым шеңберінің қан аздығы

Өкпе артериясының жекелік стенозы

Фалло тетрадасы

3.Үлкен қанайналым шеңберінің қан аздығы

Аортаның тарылуы




ТБЖА- клиникалық белгілері әр тұрлі болса да, негізгі сипаттамалық белгілері бір: балалардың физикалық дамуы қалып қою, тері түсі боз не көк және демікпе пайда болу, тырнақтар фалангаларының пішіні бұзылуы («барабан таяқшалары», «сағат әйнегі»), кеуде түрінің өзгеруі (жүрек бүкірлігі). Жүректің шектері ұлғаяды, систолалық шу пайда болады.
ТБЖА клиникалық ағымында үш фазасы белгіленеді.
Бірінші фазасы (алғашқы бейімделу) - ақауға сай қанайналым бұзылысына бала ағзасының бейімдеулуімен сипатталады. Баланың хал - жағдайы едәуір жақсарып, қанайналымы мен газ алмасу бұзылыстарына ағзасы бейімделеді.
Екінші (салыстырмалы бейімделу) фазасында науқастың ТБЖА белгілері азайып, табиғи дамуы жақсара бастайды. Егер осы фазада тиімді ем жасалмаса, біраз уақыттан кейін үшінші терминалдық фазасы келеді.
Үшінші фазасында ағзаның теңгерушілік мүмкіншіліктері сарқылып, жүрек пен басқа ағзалардың дистрофиялық өзгерістері дамып, емдеуге көнбейтіндей қанайналым бұзылыстарымен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет