Жедел ларингит көмей шырышты қабығының қабынуы



бет2/11
Дата18.08.2023
өлшемі56.7 Kb.
#476124
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Тыныс алу ағзалары және Жүрек қан тамыр жүйесі аурулары

5.4.5. Жедел пневмония
Пневмония-альвеолар зақымдануымен өтетін, өкпелердің жұқпалы жедел қабыну ауруы. Пневмония ең жиі және ауыр түрде өтетін балалар ауруы.
Себептері. Өкпе қабыну процесстерінің себептері: патогендік микроағзалар (ішек таяқшалары, стафилококктар, стрептококктар, пневмококктар), вирустар (тұмаудың вирусы, аденовирус,энтеровирус,цитомегаловирус),микоплазма,паразиттер (Карини пневмоцистасы), патогенді саңырауқұлақтар. Кейде пневмонияның аралас түрі болуы мүмкін. Негізгі кірер жолы - бронхогендік. Кейде лимфогендік және гематогендік жолдар кездеседі. Пневмонияның пайда болуына макроағзаның жағдайы әсер етеді: тұқым құалаушылық, морфологиялық және функциялық жеткіліксіздігі, тыныс жолдарының туа біткен ақаулары, шала туғандық т.б.
Патогенезі: жұқпаның өкпеге тусунің негізі жолы үстінгі тыныс жолдары және бронхтар екені анық. Пневмония жедел респитарорлы-вирусты жұқпалардан кейін 4-7 күн өткесін пайда болады, өйткені, вирустар тыныс жолдарын бактериялық флора еңуіне даярлайды. Үстінгі тыгныс жолдарына түсіп, вирустар оның шырышты қабығын тебендеп, иммунитетті төмендетеді, барлық ағзаны әлсіретеді. Ақыр аяғында жұқпалы агент бронхиолалар және альвеолалар арқылы өкпе ұлпасына еңіп, қабыну өзгерістерге ұшыратады.
Өкпе желдетуінің жеткіліксіз болғанына байланысты гипоксия пайда болады. Ол барлық мүшелердің (орталық нерв жүйесі, жүрек - қантамыр т.б.) қызметін төмендетіп, зат алмасудың барлық түрлерін бұзады.
Клиникалық көріністері. Пневмонияның негізгі белгілері: 1.фебрильді дене қызуы, 2. уытталу, 3.тыныс тапшылығы, 4.өкпелердің жергілікті өзгерістері (перкуссиялық және аускультативтіқ), 5.рентгенде - инфильтративті көлеңкелер, 6.перифериялық қанның өзгерістері (лейкоциттер саны көбеюі, нейтрофиллез, ЭТЖ жоғарлауы).
Жіктелу: өкпе қабынуы зақымдалатын көлемге байланысты ошақты, сегментті, крупозды, интерстициалды болып бөлінеді.
Ағымына байланысты: жедел ағымды пневмония (2 айға дейін), созылыңқы (2-8 ай), созылмалы (8 айдан жоғары). Ауырлығына байланысты - жеңіл, орташа және ауыр түрлері болады.
Ошақты бронхопневмония жас балаларда жиі кездеседі. Қабыну процесс ошақтары 5х0,7 см көлемінен кем болмайды. Көп болған кезде ұсақ ошақтар бір бірімен қосылып ірі ошақтарға айналады. Ауру жедел респираторлық жұқпалардан кейін 5-7 күндерінде басталады. Бала мазасыз, үйқысы бұзылған, уытталу белгілері көрінеді. Баланың дене салмағы төмендейді, жөтел пайда болады. Ақырындап тыныс тапшылығы басталады: әуелі мұрын асты көгереді (цианоз), одан кейін жайылған цианоз пайда бола бастайды. Тері түсі сұршыл-бозғылт. Тыныс алуы ыңырсыған, мұрын танаулары желбіреген, қабырға аралық және бұғана үсті ойыстарының ішке тартылуы білінеді, ентікпе пайда болады. Емізулі балалар ентікпе орынына басын изейді, еріндерін созады, ауыз - мұрынынан көбікті сілекей ағады.
Қарағанда: ошақ үстінде перкуссия дыбысының қысқаруы, тыңдағанда - қатаң дем алу, ұсақ ошақты сырылдар және «сықырлаған» шулар естіледі. Рентгенде - кіші ошақты, шекарасы анық емес көлеңкелер көрінеді. Емдеуге байланысты, клиникалық көріністері 10-12 күн арасында жойылады. Морфологиялық өзгерістер 4-6 жұмада өтеді.
Сегменттік пневмонияның көріністері ошақты пневмониядағыдай, тек рентген суретінде бір немесе бірнеше сегменттер зақымданады. Асқынулар арасында пневмосклероз немесе абсцесс болуы мүмкін.
Интерстициалды пневмония өте сирек кездесетін түрі. Қоздырғыштары: вирустар, микоплазмалар, саңырауқүлактар, пневмоцисттер. Ол дистрофиясы, анемиясы, иммунодефициттық жағдайлары бар балаларда кездеседі. Қабыну процесс біріктіруші және альвеолааралық өкпе тіндерінде ғана дамиды. Балада тыныс, жүрек тапшылығы пайда болады, орталық жүйке және ас қорыту жүйелерінің бұзылыстары анықталады. Ұстама тәрізді, жиі, азапты жөтел, қақырығы-көбікті, кейде қан аралас. Тыныс алуы әлсіз, тұрақсыз сырылдар. Асқынулар арасында – пневмофиброз.
Крупозды пневмония негізінде мектеп жасындағы балалар арасында болады. Ағымы өте ауыр, дене қызуы 39-40о дейін көтеріледі, бала халі нашарлайды. Жөтел бірінші күндері болмауы мүмкін, болса да – құрғақ, сирек. Уыттану синдромы ұлғая береді, І-ІІ дәрежелік тыныс тапшылығы пайда болады. Рентгенде - инфильтрация ошағында бүкіл өкпе бөлігінің қамтығаны анықталады. Соңғы кездері антибиотиктерді ерте қолдануға байланысты крупозды пневмонияның классикалық бейнесі өзгерген. Баланың денсаулығы 1-2 жүмадан кейін қалпына келеді.
Жаңа туған баланың пневмониясы ауыр ағымды, өзіндік клиникалық көріністері бар. Жатырішілік өкпе қабынуы - жүктіліктің аяғында немесе әйел босану кезінде ұрық өзінің жанындағы жұқтырылған суларды жұтып қоюына байланысты пайда болады. ере жүреді. Клиникалық көріністерінде жалпы уытталу және орталық жүйке жүйесінің зақымдану (адинамия, бұлшық еттерінің және рефлекстерінің тонусы төмендеуі) белгілері кездеседі. Сәби ерте көгереді, ауыз – мұрынынан көпіршікті шырыш пайда болады, дене қызуы әлсіз айқындалған. Жөтелі – сирек, ылғал, кейде тіпті пайда болмайды. Аурудың ағымы созылыңқы болуы мүмкін
Емі.  Бір жасқа дейінгі балалар және ауыр жағдайдағы балалар міндетті түрде емханаға жатқызылады. Балаларды емханаға салғанда бокстарға орналастырылады. Күніне 3 реттен кем емес бөлмені жуып, кварцтау керек. Баланың дене қызуы көтерілгенде не басқа уытталу көрсеткіштері болғанда - төсек режимі. Баланы жиі қолға көтереді, не бір бүйірінен екінші бүйіріне ауыстырады. Балаға таза ауа жеткізіп тұру керек. Бөлмелерді не бокстарды күніне 5-6 рет 20-30 минут ұзақтығымен желдетіп түру керек. Бөлменің температурасы 18-20С. Дене қызуы 3-4 күн қалыпты болса, баланы далада не верандада серуендетуге болады, тек ауаның жылылығы 10-150 С-ден кем болмауы керек. Баланың тамақтандыруы жасына сай. Жетіспейтін сұйықтықты ит мұрын, қарақат қайнатпасымен, қышқыл шырындармен, морстармен толықтыруға болады. Бір жасқа дейінгі балаларды ана сүтімен не донорлық сүтпен тамақтандыру қажет.
Емдеу арасында негізгі орынды қоздырғыштарға қарсы ем алады. Ол үшін антибиотиктер, нитрофурандар, сульфаниламидтер қолданылады.
Антибиотиктерді парентералды жолмен, негізі бұлшық етке егеді. Пневмонияның ауыр түрінде дәрілерді тамыр арқылы еңгізеді. Антибиотиктерді ауыз, тік ішек арқылы, аэрозоль түрінде қолдануға болады. Антибиотиктердің тағайындауы ауруды қоздырған микроорганизм түріне байланысты. Олады қолданғанда міндетті түрде дәрумендер (С, ВІ, В2) және лактобактерин беріледі, ұзақ қолданғанда, саңырауқұлақтарға қарсы ем өткізіледі (нистатин, леворин). Бірінші күндерден бастап детоксикалық ем, симпатомдық, синдромдық ем өткізіледі. Іріңді асқынулар болғанда хирургиялық ем қолданылады.
Тыныс тапшылыққа қарсы оксигенотерапия қолданылады. Тыныс жолдарында секрет жиналса - бронхолитиктер, муколитиктер, қақыртатын дәрі - дәрмектерді қолдану. Үлкен маңыз рефлекторлық емге, вибрациялық массажға және ұстанымдық дренажға, тыныс гимнастикасына, физиоемге беріледі.
Ауру бала үйден емделгенде оған қажетті мөлшерде сұйықтық ішкізу, толық сапалы тамақ беру. Бөлме таза және балғын болуы керек, жиі желдетіп тұру қажет. Қақырықтың бөлінуі қиын болса – қақыртатын дәрілерді тағайындау. Бала температурасы қалыпқа келгенкезден бастап пневмониядан тез жазылып кету үшін жаттығулар мен кеуде массажын жасау керек. Алдын алуы. Сауығудың критерийлері: дене қызуының қалыптасуы, хал-жайы мен денсаулық жағдайының жақсаруы, клиникалық және рентгенологиялық дәлелдемелерінің жойылуы.Пневмонияның алдын алуында өте маңызды болып саналатын жағдайлар: Hib-қа, пневмококқа, қызылшаға, көкжөтелге қарсы егулерді жасау; алты айға дейінгі сәбилерді тек ана сүтімен қоректендіру; бала денесін шынықтыру және спортқа қатыстыру; баланы «пассивті» темекі шегуден қорғау; қоршаған орта мен ғимараттардың ішіндегі шаңмен және газдармен күресу; жеке бас гигиенасын сақтауға үйрету; сау балаларды жедел респираторлық инфекциялардан сақтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет