«Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде жедел шұғыл көмек»



бет9/20
Дата25.06.2022
өлшемі117.97 Kb.
#459475
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
УМК ЖМЖС

ЖМҚБ негізгі түрлері
Ишемиялық инсульт – бас миының белгілі бір аймағындағы қанайналымның тоқтауы немесе азаюы.
Ошақтық симптомдар біртіндеп дамиды, ал жалпы милық симптомдар аз көрініс береді. Көбіне АҚҚ төмен, қалыпты болғанда және ұйқыдағы уақытта дамиды.
Эмболия кезінде клиникалық симптомдары бірден көрініп, қысқа уақыттық есінен айрылу және генерализацияланған ұстамалар дамиды.
Геморрагиялық инсульт - ми затына немесе қарыншасына қан құйылу.
Ошақтық симптомдардың көрінуі, бас ауруы, сананың тез жоғалуы болады.
Физикалық немесе эмоциялық күштемеден соң, көбіне күндіз дамиды.
Субарахноидальды қан құйылу - аневризмалардың жарылуы нәтижесінен бас миының қабығының астына қан құйылу.
Бұған бас ауру, жүрек айну, құсу, жарықтан қорқу, психомоторлы қозу немесе естің төмендеуі, менингиальды синдром, генерализацияланған эпиұстамалар тән.
ЖМЖ дәрігерлерінің бірінші жұмысы- ЖМҚЖ дұрыс диагностикалау, жедел көмек көрсетіп, науқасты неврологиялық бөлімшеге госпитализациялау.
Диагностика
1.Өмірге маңызды функциялардың жағдайын бағалау: ес, тыныс алу, қан айналым.
2.бастың жұмсақ тінін, сыртқы есту және мұрын жолдарын визуальды қарау- ликворея, гематорея, БМТ анықтау.
3.ЖСЖ, АҚ, жүрек аускультациясын, пульсті тексеру.
4.неврологиялық статусты тексеру.
Госпитализацияға көрсеткіш:
ЖМҚЖ-мен ауыратын барлық науқастар арнайы бөлімшелерде ем алу қажет.
Басын 30 градуста көтеріп, зембілде тасымалдайды.
Госпитализациядан бас тарту үшін науқас немесе оның туыстары арнайы қолхат жазып береді.
Тыныс алу және қанайналымның критикалық бұзылысында, эпистатуста, сананың төмендеуінде арнайы бригада шақырылады.
Жиі кездесетін комалар. Комада жатқан науқастарды көргенде оның ауруының қашан басталғанын, ұзақтығын, сипатын білмегенде, мынадай тексерулер жүргізу керек:

  1. Болған жерді және науқастың киімін, қалай жатқанын, уланғанда газдың иісін, дәрі упаковкасын, рецептін қарау керек.

  2. Туысқандарынан және көршілерінен науқасты қашан соңғы рет көргенін сұрайды.

  3. Науқасты зерттеуі ойықтың пайда болуын, асқынуын.Бас зақымдануы құлап қалғанда, суықтан, қатты шөлдеуден, кіші дәреті шықпай қалғаннан, пневмонияда болғанын білу керек.

Жедел көмек:
1.Науқасты қауіпті факторлардан аластату керек: жалыннан, электр тогынан, судан, көше қозғалысынан.
2.Шалқасынан жатқызып, қимылдатпау керек.
3.Тыныс жолының өткізгіштігін тексеріп, қалпына келтіру керек. (басты артқа шалқайтып, жанына бұрып, төменгі жақты алға шығару), бөгде заттарды алып тастау керек болса трахеяны интубация жасап, трахеостома қою.
4. Тынысының және ұйқы артериясында тамыр соғысының бар екеніне көз жеткізу. Жалпы зақымданғанда мидың қан айналымының шұғыл бұзылуы және ми мыжылуы қатар болып қатты қабақ астында қан ұюына алып келуі мүмкін. Мидың сілкінуі мен мыжылуы жалпы симптомымен, ошақты симптомдардың ”жарық” кезеңдермен қабаттасып келуі – қатты қабық асты қан ұюының шұғыл белгілері және жедел көмекті талап етеді.
5.Барлық бас-миы зақымданған науқастар мидың жіті ісігімен және бас ішінің қысымының көтерілуімен өтетін жайларды ауруханаға носилкаға салып алып барып жатқызу керек.

Ауруханаға дейінгі этапта ми қан айналымының шұғыл бұзылуының ишемиялық түрінде қан қысымы жоғары болса:


- пентамин 5%-0,5 мл + 10 мл 0,9% NaCl ерітіндісімен өте баяу
- лазикс 40-60 мг вена ішіне
- пирацетам 5,0 тамыр ішіне
- эуфиллин 2,4 –10,0 тамыр ішіне
- пентаминді қайтадан 10-20 мг дейін енгізуге болады
- гепарин 5000-10 000 ЕД тамыр ішіне
- қан қысымы төмен түскенде сульфакамфокаин 2,0-10% ерітіндісі, кордиамин 2,0 тамыр ішіне




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет