«Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде жедел шұғыл көмек»



бет5/20
Дата25.06.2022
өлшемі117.97 Kb.
#459475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
УМК ЖМЖС

ЖМЖ шақырту тәртібі

  • ЖМЖ бригадалары «03» кейбір аймақтарда «103» телефоны немесе өзбетінше, «101», «102», «051» шақыртылуы мүмкін.

  • ЖМЖ бригадалары ЖМК көрсету үшін келесі жағдайларда жіберіледі:

  • төтенше жағдайларда;

  • өмірге қауіп төндіретін кенеттен болған ауруларда;

  • Келесі жағдайларда көмек көрсетіп, арнайы медициналық мекемелерге тасымалдайды:

  • босанғанда және жүктілік ағымының асқынуында;

  • 1 жасқа дейінгі балаларға;

  • жіті және денсаулығының күрт нашарлап кетуіне байланысты әр-түрлі созылмалы аурулардың асқынуында;

  • емдеу дәрігерінің шақыртуымен денсаулығына қарай зембілмен, санитарлы автокөлікпен тасымалдауды қажет ететін жол жөнекей медициналық көмекке мұқтаж науқастарға;

  • Науқасты тасымалдау үшін көлікті шақырған емдеу дәрігері өз аты-жөнін, жұмыс орнын атап, бригада келуін күтуі қажет.

  • жіті және денсаулығының күрт нашарлап кетуіне байланысты әр-түрлі созылмалы аурулардың асқынуында;

  • емдеу дәрігерінің шақыртуымен денсаулығына қарай зембілмен, санитарлы автокөлікпен тасымалдауды қажет ететін жол жөнекей медициналық көмекке мұқтаж науқастарға;

  • босанғанда және жүктілік ағымының асқынуында;

  • 3 жасқа дейінгі балаларға

Жедел жәрдемдегі сызықтық бригада


Сызықтық бригадалар:

  • Дәрігерлік: Дәрігер, 2 фельдшер(немесе фельдшер және медбикеден) санитар және жүргізушіден тұрады.

  • Фельдшерлік: 2 фельдшерден немесе фельдшер және медбикеден, санитар, жүргішуден құрылады

  • Сызықтық бригада ерекшеліктері:

  • Жедел көмек бригадасының негізгін құрайды. Барлық шақыртуларды қамти алады. Шақыртулар себебіне қарай әрі кезектілігін қамтамасыз ету мақсатында «дәрігерлік» және «фельдшерлік» деп бөлінеді.

  • «Дәрігерлік шақырту » себептері: қант диабеті, кардиологиялық және неврологиялық аурулар, балаларға шақыртулар.

  • «Фельдшерлік шақырту» себептері: іш ауруы, ауыр емес жарақаттар, науқастарды поликлиникадан стационарға тасымалдау.

  • Жедел жәрдемнің арнайы бригадасы

  • Арнайы бригада — ерекше қиын жағдайларда, профильді шақыртуларда,сонымен бірге сызықты бригадалар шақыртулардағы жағдайды түзей алмаған жағдайларда. бірінші болып баратын бригада.

  • Арнайы бригада оқиға болған орында жедел жәрдем көлігінде жасай алады:

  • Қан құю,

  • Қан кетуді тоқтату,

  • Трахеотомия,

  • Жасанда тыныс алдыру,

  • Жүректің жасанды массажы

  • Сонымен қатар диагностикалық тексеру жасайды:

  • ЭКГ түсіру,

  • протромбинді индексті анықтау,

  • Қан кету ұзақтығы және т.б.

Арнайы бригаданың орындай алатын міндеттері:



  • диагностикалық,

  • емдік -реанимациялық аппаратура

  • дәрілік препараттар.

Арнайы жедел жәрдем бригадалар бөлінеді:
Кардиологиялық — жедел кардиопатологиямен ауыратын науқастарды тасымалдау және шұғыл кардиологиялық көмек көрсетумен айналысады.
Реанимациялық — шекаралық және терминалды жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсетеді.
Педиатриялық — балаларға шұғыл көмек көрсету және тасымалдаумен шұғылданады,сонымен бірге жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізеді.
Психиатриялық —психологиялық бұзылыстары бар науқастарға жедел көмек көрсету және тасымалдаумен қатар оларды жақын арада орналасқан психиатриялық стационарға жеткізеді. Науқас жағдайына байланысты күш қолдануына және еріксіз ауруханаға жатқызуға құқығы бар.
Наркологиялық — наркологиялық науқастарға,алкогольді делирий және ұзақ ішкілікке салынған науқастарға шұғыл көмек көрсетуге бағытталған.
Неврологиялық— жедел немесе созылмалы неврологиялық және нейрохирургиялық аурулардын асқынуы болған жағдайда жедел көмек көрсетеді.
Травматологиялық —түрлі аяқ -қол жарақаттары мен басқа дене мүшелерінің жарақаттары,биіктен құлау және басқа жарақаттар кезінде көмек көрсетеді.
Жедел медициналық жәрдем адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенде – сәтсіз оқиғалар мен кенеттен болған жіті ауруларда көрсетілетін медициналық көмек жүйесі ретінде пайда болды.
Бүгінде бұл жедел жәрдем бекеттері мен ауруханаларының, санитарлық авиация мен ғылыми-зерттеу институттарының тармақталған жүйесінен тұратын бірыңғай күшті сала.
Бізідің елімізде жедел медициналық жәрдем құрамы мен ұйымдастырылуы денсаулық сақтаудың жалпы даму деңгейімен анықталады. ЖМЖ қызметі бүгінгі қоғамның дамуына әлеуметті маңызыды медициналық көмектің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтарына бұл көмек Мемлекеттік бағдарлама бойынша тегін жүргізіледі.
Республика тұрғындарына жалпы медицаналық қызмет ету жүйелерінің ішінде жедел медициналық жәрдем қызметінің орны ерекше.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет