Модуль 4. Неврологиядағы төтенше жағдайлар
Неврологияда күттірмейтін жедел жағдайларға барлық шұғыл патологиялық тез арада диагностиканы және мақсатты емдеуді ауырлығына қарамай талап ететін жағдайлар жатады
Неврологиядағы жедел жағдайлардың ерекшеліктері ОНЖ-ң ішкі ортасының функциясының бұзылуы, оның координациясын және сезгіштігін жоғалтады.
Олардың тұрақты себептерін табу қиын мәселе.
Кез-келген дәрігер осындай патологиямен кездескенде мынадай мәселелерді шешуге тиісті.
1.Тыныс алудың және қан айналудың бұзылуын тауып және оны емдеу (эпилептикалық статуста- тырыспаға қарсы дәрілерді енгізу).
2.Негізгі синдромдарды және нейрохирургиялық операцияның керектігін шеше білу.
3.Қандай ауруханаға жатқызуды шеше білу. Неврологияда күттірмейтін жағдайлар жиі есті жоғалтумен, орынсыз қылықпен, тіл күрмелуімен, анық себебімен шағымын, анамнез жинау қиынға түседі. Қасындағы болған адамды сұраудың схемасы:
1.Уақыты.
2.Болған жері.
3.Алып келген факторлар: ыстықтық, толғану, ауыру, денені ауыстыру, ауыр жұмыс т.б. 4.Алғашқы жайы: отыруы, тұруы, жатуы.
5. Айқайлау.
6. Тері түсі.
7. Тамыр соғысы.
8. Қимылдары: тырысу, ошақты және жалпы.
9. Құлаған кезде зақымдану, еріксіз дәретке отыруы.
10. Ұстама ұзақтығы.
11. Қалпына келтіру симптомдары: басы ауырады, есінің кіресілі-шығасылы, сөздің бұзылуы, қимылының, сезгіштігінің бұзылуы.
Жедел ми-қан айналымының бұзылыстары (ЖМҚБ )
ЖМҚБ кенеттен пайда болатын (минут, сағат), 24 сағат сақталып, немесе тамырлар бұзылысының нәтижесінде өлімге әкелетін, ошақтық неврологиялық симптоматика немесе жалпы милық бұзылыс.
Транзиторлы ишемиялық шабуыл – ошақтық неврологиялық симптоматика бірнеше минутта, кейде сағатта пайда болып, 24 сағат сақталады және барлық бұзылған функциялардың қайта қалпына келуімен аяқталады
Себептері
- тромбоз немесе эмболия себебінен ми тамырларының окклюзиясы (атеросклероз, жүрек қуысындағы тромбтар, васкулиттер)
- тамырлардың жарылуы (артериальды гипертензия, бас ми ішілік аневризма, артериовенозды мальформация, гипокоагуляция жағдайы)
- бас ми қанайналымының өзін өзі реттеуінің үзілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |