Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет18/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69
Бір кем дүние

Тарих қашан түзеледі
31 қаңтар. Президент мəдениет орталығында "Байтақ дала" атты
конференция өтті. Мырзатай Жолдасбеков кіріспе, Əбіш Кекілбай сөйледі.
Ал Өмірбек Байгелди : "Қазақ тарихы 500 жылға сыймайды. Қазақ тарихын
Керей мен Жəнібектен бастау обал", – деді. Өмекең Сақ дəуірін меңзеді.
Тарихшы ғалымдар осы уақытқа дейін қазақ тарихын дұрыстап,
анықтап жаза алмайды.
Бір кем дүние.
Туған жерің
Тілші менен сұрайды:
– Жұрттың көбі қалада тұрады. Сіз неге ауылды аңсай бересіз? – дейді.
Мен:
– Наурызкөк, қарлығаш, т. б. құстар ерте көктемде сонау жердің
түбіндегі Африкадан біздің елге мыңдаған шақырым ұшып жетеді. Немене,
сонда Африкада ұя салатын жер жоқ па? Құс екеш құс та туған жеріне жер
түбінен ұшып жетеді. Ал мен адаммын ғой.
Кейбіреулер туған жерінен жерісе, бұл да бір кем дүние.


Тұғырына саңғыған сұңқар оңбас,
Үйірінен безінген тұлпар оңбас.
Адасқан қаз
Қатарың сиреген сайын адасқан қаздай боласың.
Нағыз жетімдік, шын жалғыздық осылай келеді.
Зор кем дүние осы. Əйтпесе, Өсер қайда? Жолдасбек қайда? Кеңес
қайда? Əуесхан қайда?
Шын шығарма
"Соқыр музыкантты" көп жылдан кейін қайта оқып бітірдім. Көзімнен
сараң жас шығып, кірпігіме ілініп қалды.
Жаның жаннатта болсын, жазушы Короленко!
Жазсаң, осылай жаз.
Марқұм Мүсірепхан туралы мен де жаздым. "Жарамазан".
Бірақ менің əңгімемді оқыған адам жүрегі елжіреп, көзінен жас шыға
қоя ма?
Мəселе қайда?
Обалы кімге
Жер – адамзаттың анасы. Сол жердің елді асырайтын құнарлы қыртысы
қанша? Егер Жер шарын дарбыздың үлкендігіндей десек, сол дарбыздың
қабығындағы жұп-жұқа жасыл ніл қанша болса, жер құнарлығы (гумус) да
сондай жұқа.
Жазушы Чивилихиннің "Земля в беде" деген очеркін оқысаң, жер
құнарының құнын түсінесің. Бірде Чивилихин Таулы Алтайдағы орманшы
досының үйіне түнеп шығады. Таңертең далаға шықса, айнала-төңірек қап-
қара түнек. Ормандағы ағаштар да қап-қара.


– Бұл не? – деп сұрайды жазушы орманшыдан.
– Земля в беде, – дейді орманшы. – Мынау дауыл көтерген Қазақстан
тың жерінің топырағы.
Эрозияға ұшыраған жердің гумусын қалпына келтіру үшін 700 жыл
керек.
Əне, жаппай жыртып тастаған қазақ даласының тың "эпопеясы".
Құнарлы қыртысынан айрылған жер – бедеу. Ештеңе шықпай қалады.
Бұл да бір дəуір.
Бір кем дүние.
Кім сақ
Лұқпан Хакімнен сұрапты:
– Сақтықты кімнен үйрендің? – деп.
– Соқырлардан, – депті Лұқпан Хакім.
Мыңбұлақта
Мүсірепхан
соқырды
марқұм
Жолдасбек
ұдайы
құйрығынан түрткілеп ойнаушы еді. Сірə, құрдастар ғой.
Бірақ Жолдасбектің келе жатқанын Мүсірепхан алыстан сезіп қойып,
таяғын ыңғайлап тосып тұрады. Жолдасбек жақындай бергенде таяғын дəл
тигізіп, жон арқадан періп кеп жібереді.
Жоқаң байғұс қан-қақсап қалады.
Сонда Құдай кімді кем жаратқан? Жоқаңды ма, Мүсірепханды ма?
Жандарын жаннатта қыла гөр, Алла!
Асату
Көне түрiк сұлтандарының салты:


Сарай ақынының өлеңдерi ұнаса, аузы толғанша алтын тiллə асатады.
Ұнамаса, аузы толғанша жылқының тезегiн асатады.
Қазiргi ақын-жазушыларға да осы əдiстi қолданса, əдебиет шыңға
шығар едi.
Бiрақ "ералаш" қой.
Бiр кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет