Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет13/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69
Бір кем дүние

Алла жар
Патшалар заманынан бастап қазақтарды өз жерінен бірте-бірте
ығыстырып, шұрайлы жерлерді иемдене беруге құмарлықтың сыры неде?
Мұны 1907 жылы ІІ Думаның депутаты Марков деген ашықтан ашық
былай деп жайып салды:
"Киргизы (қазақтар дегені - Ш. М) потомки орд Чингизхана и
Тамерлана и что с ними надо поступать так, как поступали с краснокожими
в Америке".
Жағына жылан жұмыртқалағыр Марковтың айтқаны келе жаздап барып,
қазақтарға Алла жар болып, əйтеуір, мемлекеттілігін сақтап қалды.
Бірақ толық тəуелсіздік əлі де түгел емес.
Бір кем дүние.
Бір уыс топырақ
Смағұл Сəдуақасов ерен ақыл-ойдың жəне батыл əрекеттердің иесі
болған екен. Туған халқы үшін, өз ұлты үшін шын күрескер. Мұндай адам
сол кездегі Мəскеуге ұнамайды-ақ. Ақыры Сталин өкіметі оны Ростов на
Дону деген жаққа жұмысқа жіберіп, сол жақта белгісіз жұмбақ өлімге тап
болады. Мəйітін Мəскеуге жеткізіп, крематорий дегенге салған ғой, күлі
ғана қалды.


Смағұл əйгілі Əлихан Бөкейханның күйеу баласы еді. Əлекеңді сол
жолы крематорийден Тұрар Рысқұлов, тағы бір қазақ, сірə, Нұрмақов,
сүйеп алып шығады.
Сөйткен Тұрардың өзі де 1938 жылы көктемде Сталин тізімімен
атылды.
Əлихан Бөкейханға да Сталин оғы атылды. Сүйегі қайда қалғанын
білмеймін.
Есіл ерлерге, сөйтіп, туған жерден топырақ та бұйырмаған ғой.
Əттең, бір кем дүние.
Өз үйіңді қорлама
Адам да құстар сияқты өмірбақи алып бəйтеректің бір бұтағын паналап
тіршілік етеді. Сөйте тұра, сорлылар, сол өзі паналайтын бұтақты балталап
шаба береді.
Бұтақ құласа, өзі де құлайтынын сезбейтін қандай мақұлық?!
Кейде адамдар жасампаз бола тұра, өркениеттене келе өз құйрығын өзі
жалмайтын айдаһар сияқтанады-ау деймін.
Құмырсқа екеш құмырсқа да өз илеуін қорғайды. Ал адамдар өз үйін
(табиғатты) қорлайды.
Ойсыраған орны толмас бір кем дүние.
Дүлей күш
Карл Маркс, əрине, ақылдан кенде емес. Кейбір айтқандары – шын
данышпандық. Мысалы, оның: "Надандық – дүлей күш. Сол надандық əлі
талай сойқанның сойылы бола ма деп қорқамын" дегені – көрегендік.
Содан бері де талай қырғын болып, талай қан төгілді.
Надандықтан.
Орасан кем дүние.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет