Бəрі тəртіпті: Күн де, Ай да, Жер де тек өз жолымен жүреді. Сансыз
жұлдыздар да бəрі тура жолмен жүреді.
Ал адамдар ше?
Пайғамбарлар, сахабалар,
аса бір данышпандар болмаса, көбісі
қисалаңдай береді. Бұралаң жолдарға түседі. Адасады, сүрінеді, құлайды.
– Е, Құдай, не жаздым?! – деп жылайды.
Құдай жолымен жүрсең, жыламайсың.
Бірақ соны ұмыта береді.
Бір кем дүние.
Аздың маңдайы тар
Жолда өзiнен үш есе үлкен тезектi домалатқан көң қоңызын əлдене
басып кетiптi. Шымалдар соған жабылып жатыр.
Шымал - құмырсқаның ергежейлiлерi. Мыңы жиналып,
қоңыздың
үлкендiгiне жетпейдi. Бiрақ мыңы жиналып, əлгi өлiктi жылжытып барады.
Қайда апарады? Əлде азық қыла ма? Əлде арулап, көмгiсi келе ме?
Сiрə, азық шығар. Қу тамақ. Ал əлгi қоңыздың өзi де қу құлқынның
құрбаны болған.
Дүниенiң кепиетiне қарап тұрсаң, тiршiлiктiң бəрi осындай.
Көпшiлiк азшылықты аямайды. Тiптi,
жеңiмпаз Құбылайдың өзiн
қытайлар кезiнде лек-лек түмен əскерiмен түп-түгел жұтып жiбердi.
Жеңiмпаздардың өзi қытайланып кеттi.
Сонда ақырғы жеңiмпаз кiм?
Бұл қай сипатты дүние?
Дар мен даңқ
Өлтiру оңай. Тiрiлту қиын. Сталин дəуiрiнде небiр марқасқалар атылды.
Бас айыптаушы прокурор Вышинский.
СССР Жоғарғы Сотының бастығы В.Ульрих.
Атылды:
Бухарин, Рыков, Ходжаев, Икрамов, Рысқұлов, Сейфуллин, Майлин,
Жансүгiров,
Нұрмақов, Мағжан Жұмабаев... тағы басқа аса iрi
қайраткерлер.
Сталин өлгеннен кейiн солардың бəрiн ақтады. Ақтағаны былай
тұрсын, мақтады.
Бiрақ одан не пайда? Моральдық, адамгершiлiк
жағынан пайда бар
шығар.
Бiрақ зорлықпен өлтiрiлгендердi қайтып тiрiлте алмайсың ғой.
Бəлкiм, кiнəсiзден "кiнəлi" болғандардың жағдайы о дүниеде жақсы
шығар. Бiрақ жалған дүниеге қайтып оралмайды ғой.
Мiне, бұл бiрегей кем дүние.
Шымшық пен адам
Таңертең балконға бір уыс тары шашып тастап, іш жақтан қарап
тұрдым.
Əуелі бір шымшық келіп қонды да, тарыларды абайлап шұқып көрді.
Көрді де, шыр-пыр болып шықылықтап, өзінің туыстарын шақыра бастады.
Балкон лезде шымшықтарға толып кетті.
"Өле жегенше, бөле же" деген осы.
Ал айталық, адамдардан əлдекім бір сандық алтын тауып алса,
шымшық сияқты өз жақындарын айқайлап шақырып алып, бөлісер ме еді?
Бұл жөнінде марқұм Оралхан Бөкейдің бір əдемі əңгімесі бар еді. ...
Кəдімгі дуана "Аллауху ах!"
деп келе жатып, жолда бір дорба алтын тауып
алады. Олжа тапқанын жұртқа жарияламақ болып:
– Уа, жарандар! – деп айқайлайды.
Ұдайы айқайлап жүретін дуананың бұл айқайына ешкім назар аудара
қоймайды. Сонда ол ішінен сыбырлап:
– Алтын тауып алдым! – депті.
Күнəдан пəк болды.
Жалған дүниеде мұндай да алдампаздық болады.
Достарыңызбен бөлісу: