Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет21/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69
Бір кем дүние

Оқымайтын бастықтар
Таңертең емхананың алдына шығып, аяқ-қолымды ербеңдетіп, зарядка
жасап тұр едім, қасыма домалаңдаған кішкентай кемпір келді:
– Дұрыс. Қимылда! – деді.
Танитын сияқтымын. Шырамытамын. Жыға танымадым. Өзі ашық,
əңгімешіл екен. Кезінде Совнаркомның орынбасары болғанын сездіртті.
Сонда барып есіме түсе кетті: Зəуре Садуақасқызы Омарова.
– Аяғым ауырады. Жас кезімде сонау Днепрдің суын кештім. Қарағанды
шахталарының астына түстім… – деп қолындағы таяғымен сирақтарын
түрткілеп қойды.
Сенің “Даттарыңды” Камалға жазған хаттарыңды қалдырмай оқимын.
Тұрар Рысқұлов туралы жазған романыңды түгел оқыдым, – деді.
Ал қазіргі бастықтар оқымайды.
Бір кем дүние.
Бүлік неден
Адамның жүрегінен от көрініп тұратын болса…
Жақсы адамдікі жұлдыздай жарқырап тұрса…
Жаман адамдікі күңгірт, қарайып тұрса…
Сонда айыру оңай болар еді.
Жақсыға жақындар едің, жаманға жоламас едің.
Өкініш: ондай белгі жоқ. Тану қиын.


Дүние содан бүлікшіл.
Жалғыздық жаман
Жасың ұлғайған сайын құрбы-құрдас, қатарың кеми бастайды.
Өз қатарың болмаса тойға барма деген.
«1950 жылы мектепті менімен бірге бітіргендерден кімдер бар?» – деп
сұрастырсам… көбі жоқ. Сақал-шашы аппақ қудай болып Əбдіуəлі Данаев,
төбе шашы түсіп қалған Исатай Үмбетбаев жүр. Махан молда, бозкөз
Манап…
Əбдіуəлі күміс медальмен бітірген. Ленинград теміржол институтының
түлегі. Көп жыл Жамбыл теміржолының бастығы болды. Қазір де
студенттерге сабақ береді.
Соның барына да шүкір.
Мектепті бірге бітірген Қаратай Тұрысов еді. Көп жыл қатар жүрдік.
Соңғы жылдары Парламентте депутат болып, бірге отырдық. Жетпіске
толар-толмас дүниеден өтіп кетті.
Тараз шаһарында сол 1950 жылы мектепті бітіргендер суретіне қарап
отырып:
– Апырай, мен əлі тірі жүрмін, ə, – деп қоямын. – Мүмкін, Алла менің
қиянаттан қырыққа жетпей қайтыс болған əкемнің жасамаған жасын маған
қосқан шығар?
Бір Алла өзі біледі.
Дегенмен, жалғыздық жаман.
Бұл да бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет