Кімдікі дұрыс
Мен Президентке:
– Бабаларымыз жүздеген жылдар бойы қызғыштай қорғап, ұрпағым
үшін деп сақтап келген жерді сату қалай болады?
Президент маған:
– Сатсақ, ол жерді біреу қабына салып,
топырақты арқалап кетпейді
ғой. Жер қалады! (1994 ж.)
Ақыры Жерді сату туралы Заң шықты.
Байлар байи түсті.
Не боларын Құдай біледі.
Бір кем дүние.
Тұмар-иіс
Отырып-отырып, Өмекеме (Өмірбек Байгелдиге) телефон соғайын.
Мың болғыр орнында отыр екен.
– Өмеке, Оразаңыз қабыл болсын! Мен ескі жазбаларымды ақтарып
отырып, Манастың 1000 жылдығын тауып алдым. Есіңде ме сол той?
Өмірбек:
– Есімде. Тараздан 170 үй апарып тіккенбіз.
– Əп бəрекелде-е-е! Ал, сонда
деймін-ау, бізде Манас тұлғалы қайраткер
болмаған ба? Əлгі
Кирдің басын кесіп алып, қан толтырған меске сол басты
салып: – “Кир! Іздегенің қан еді, іш енді тойғаныңша!” – дейтін біздің
Тұмар анамыз емес пе?
Өмірбек: –
Тұмар-иіс
Мен: – Е, еуропалықтардың Томирис деп жүргені сол екен ғой. Ал енді
содан бері қанша жыл?
– 2500 жыл.
– Манас оның қасында бала екен ғой.
– Сонда деймін-ау, Тұмар-иіс анамыздың 2500 жылдығын біз неге
атамаймыз? Мұны білетін тарихшылар жоқ па?
– Жоқ.
– Бұдан мыңдаған жыл бұрын гректерден
шыққан Геродот болмаса,
Тұмар-иіс анамыздан хабарсыз қалатын екенбіз ғой.
– Солай. Тұмар-иіс анаң өз алдына. Зарина апаңды айтсаңшы.
– Ендеше неге жазбайсың, ойбай?!
– Ертең кел, сөйлесейік.
– Құп болады, мақұл.
* * *
Сонда деймін-ау, бұрын бейшара қазақ зиялысы дегені қазақтың
тарихын 1917 жылғы ұлы Октябрь революциясынан бастаушы еді. Ендігі
қол жеткізгені ХV ғасырдағы Керей мен Əз Жəнібек құрған қазақ хандығы.
Одан арыға құлашы жетпеген.
Ал, Өмекемнің құлаш сілтесі мынау… Кəсіби тарихшылар жолда
қалды.
Ғылымдағы, тарихтағы бір кем дүние. Зор кем дүние.
Ықтият бол!
1972 жылдың жазы еді. Жазушылар одағының бастығы Əнуар
Əлімжанов Еңбек тақырыбына арналған Пленумды ашты.
Ол Пленумға еңбек ардагерлері шақырылды.
Кейбіреулер
көсіле сөйлеп, көп мылжыңдады. Сонда қалай сөйлеудің
үлгісін атақты күрішші Ыбырай Жақаев көрсетті-ау, жарықтық.
Қойшы таяғына,
Дихан кетпеніне,
Жазушы қаламына
Ықтият болсын!
Бар айтқаны осы-ақ.
Зал күңіренте ұзақ қол соқты.
Езбе мылжыңдарға – шапалақ!
Бірақ Ыбырай Жақаевтар ілуде біреу ғой.
Бір кем дүние.
Достарыңызбен бөлісу: