Заманның дидары мен кепиетi туралы сырларымды ендi кiммен
бөлiсемiн?
Сен
тым ақкөңiл, адал едiң ғой, Камал! Қоғамда болып жатқан толайым
кемшiлiктердi мен ашына жазғанда, сол қоғамдағы зəредей жақсылықтарды
тiзбелеп, маған басу айтушы едiң.
Заманның, қоғамның алдағы күндерде
жақсылыққа, ақжарқын күндерге жететiнiн дəлелдеп, ұдайы да үмiт отын
жандандыратынсың.
Екеумiз бiр-бiрiмiзге жазған осы хаттар кейiн, "Елiм, саған айтам,
Елбасы, сен де тыңда!" деген атпен кiтап болып шығып,
сол кiтап
халықаралық абыройлы сыйлыққа ие болып едi.
Кiм ендi менiмен сыр бөлiсiп, армандар, тiлектер айтысып,
кiм ендi
маған хат жазады?
Əттең, дүние... Екеумiз жұп жазбай Ұлытауға барып-қайтып жүретiн
заман-ай...
Сен, Камал, осы заманның Баубек Бұлқышев ағаңдай батыры əрi қара
сөздiң ақыны едiң. Сонау өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан берi
жұп жазбай, жұп жазсақ та, көз жазбай,
қатар келе жатқан бiр жылдың
төлдерi едiк.
Жатқан жерiң жəннат болсын! Аллаһу-Тағала о дүние қызығын берсiн,
қанаттас, қаламдас асыл дос!
Сенсiз дүние – бiр кем дүние.
Мектептің тұғыртасы
Ұлттық кеңес жиналысында: Бiлiм тұжырымдамасын талқылау.
Президент резиденциясы.
Мен:
– «Байқоңыр қорлығы. Байқоңыр намысы деген ұғым туды.
Унизительный и оскорбительный Байқоңыр.
Байқоңырды өзiмiз игере алмайды екенбiз, тетiгiн,
техникасын бiлмейдi
екенбiз. Бұған бiлiмiмiз жетпейдi екен. Ендеше, несiне кекiрейемiз?!
Ауыл мектебi. Бастауыш мектеп. Тұғыртасы мықты болса, үй
құламайды. Бастауыш мектепте тұғыртас жоқ. Бар бəле содан.
Бастауыш мектеп – уыз. Уыз орнына – көкшалап.
Мұғалiм қайыршы. Одан бедел бола ма? Қаржы жоқ дейдi.
Бюджет салықтан тұрады. Ал бюджетке мұнайдан мұнша, мыстан
мұнша, хромнан,
молибден, бокситтен мұнша түседi деген статья бар ма?
Жоқ!
Қазақстан қайыршы болатындай сорлы емес. Оны сондай болуға
мəжбүр еттi.
Ұлы ұрлық дəуiрi. Сөз бiттi».
Əбiш Кекiлбаев қолдады. "Байконурский синдром", – дедi. (6.08.1995 ж)
Бұл қай, қандай кем дүние?!
Достарыңызбен бөлісу: