Қабыл жеміс-жидегін алып барады. Абыл бағлан қозы жетектеп барады.
Құдіретті Баба қозының етін сүйсініп жепті дейді. Қабылдың жеміс-
жидегіне аса назар сала қоймапты.
Абылды арқасынан қағып мақтапты. Қабыл
ондай ықыластан құр қалса
керек.
Қабыл мен Абыл қайтып келе жатқан жолда қызғаныштан жарылып
кете жаздаған Қабыл Абылды таспен ұрып өлтірген ғой.
Əне, содан бері Адамзат арасында қызғаныш деген қызыл ит пайда
болған.
Мақұлбектің Қара атының даңқы алысқа кеткенін естіген сайын, азуы
алты қарыс айбарлы Керімбай болыс сол жүйрікті қолға қалай түсірудің
амалын ойлайды. Ақыры, Қара ат құлын күнінде
Керімбай болыс ауылынан
əлдеқалай Мақұлбектің қолында кеткен екен деген лақап тарайды.
Керімбай болыс қол жинап барып, Мақұлбек болыстың қол-аяғын
байлатып тастап, Қара атты тартып əкетіпті.
Бірақ Құдайдың құдіреті, Қара ат əлдекім
арбап қойғандай, шабыстан
қалып қояды.
Қара атқа бола жауласқан аталас екі болыс екеуі де бұл жалған
дүниеден өтіп кетті. Екеуіне де опа бермеген Қара аттың да сүйегі қурап
қалды.
Тірілерге олар туралы əлгіндей əңгіме ғана қалды.
Баянсыз бір кем дүние.
Достарыңызбен бөлісу: