Өкінішті-ақ, Бельгерлер некен-саяқ. Есіктен кіріп, төр менікі дейтіндер
көп. Сол жаман жəне
бұған көнбіс, құлақ кесті құлдар қазақта көп. Сол
жаман. Бұл бəрінен де жаман.
Бір кем дүние.
Қорқыттың қобызы
Қорқыттың қобызы сарнап тұрғанда ажал оған жолаған жоқ. Аулақ
жүрді.
Қорқыт əлдеқалай қалғып кетіп, қобызы тартылмай қалып еді, жылан
шағып өлтірді.
Демек, өнер, əдебиет – рухани дүние тоқтаса, асағаны ақ май болса да,
қоғам өледі.
Осыны əсіресе қазіргі атқамінерлер ескере бермейді.
Қоғамның ең кедей тобы жазушылар, журналистер,
суретшілер,
композиторлар, əртістер, яғни мемлекеттік бюджеттен аластатылып
тасталғандар.
Əсіресе нағыз таланттарға қиянат. Дарынсыз арамшөптерге бұл тəсіл
керек те шығар.
Бірақ құммен бірге алтын түйіршіктерін де лақтырып тастау –
имансыздың ісі.
Бір кем дүние.
Достарыңызбен бөлісу: