– Тасмаңдай. Твердолобик, яки Толстолобик.
– Сазаны жоқ па?
– Сазан жарық түсіргенде тереңге кетеді.
– Балықтар да адамдар сияқты екен ғой. Ақылдысы бар, ақымағы бар.
Ақымағы көбірек пе, немене?..
Бір кем дүние.
Ұлттық рух
«Жаһандану! Жаһандану!» деп жалаулатқан ұран сияқты үндер үдей
түскен заман.
Жалаулатқан жаһанданудың ар жағында не бар?
Үңіліп қарайын десем, бойым жетпейді. Ойым да жетпейді.
Мен білсем, бұл Жаратқан Құдіреттің əміріне кəпірстан-қарсылық.
Жаратқан Құдірет Табиғатты сан алуан етіп жаратты. Гүлдерге
қараңызшы: сан алуан қызыл, жасыл сары, көк...
Шұғыла-кемпірқосаққа
қараңызшы: бояулардың сан түрі бар. Жан-жануар, аң құстар ше...
Əрқайсысының өз үні, өз тілі бар.
Бəрін бір келкі, бір бір қалыптан шығарамын десе,
Құдайдың Құдіреті
жетпей қалған жоқ шығар.
Адамдар да сондай. Əр ұлттың өз тілі бар.
Ал енді Жаһандану деген «жаңа Құдайды» қолдан жасап алып, адамдар
бір-ақ тілде сөйлемекші ме?
Күні кеше ғана болған сондай бір сорақы талап шығып,
Советтер Одағы
деген елде барлық ұлттарды бір-ақ тілде, орыс тілінде сөйлетпекші болған.
Құдай сақтап, ол Одақ тарады да, əр ұлт өз тілінде сөйлеуге еркіндік
алды-ау.
Бірақ
қатерлі кесел атпен келіп, жаяу қайтатын көрінеді. Орысша болып
кеткен тіл əсіресе кеңселерде, үкіметте, парламентте, министрлікте əлі
сіресіп тұр.
Арктиканың мұзы сияқты десе де, Мұзды мұхит та еритін көрінеді.
«Ана тілі» атты газет таяудағы бір нөмірінде елден сүйінші сұрап:
Достарыңызбен бөлісу: