Жеңешемнің жауабы


«Сталинге хат» - Москвада



Pdf көрінісі
бет42/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   69
Бір кем дүние

«Сталинге хат» - Москвада
«Сталинге хат» пьесасын жарыққа шығарып, бағын ашқан режиссер


Райымбек Сейтметов еді. Алматыда, спектакль Жастар театрында үзбей
ұзақ уақыт жүрді.
1987 жылы Жастар театры осы спектакльді Москваның театрлар білімін
жетілдіру институтына апарып қойғанда, сондағы ұстаз Михаил
Новожихиннан бастап, барлық артистер, көрермендер – бəрі жылағаны-ай.
Жастар театрынан Райымбек қалай кетті, сол-ақ екен басқа
«данышпандар» сол спектакльді репертуардан алып тастады.
Райымбек Түркістанға барып, жаңа театр ашып, «Домалақ Ананы»
қойды.
Есіл азамат жалған дүниеден ерте кетіп қалды.
Оның рухын Домалақ ананың, Тұрардың əруақтары қолдай жүрсін,
Алла о дүниесін жұмақтан берсін.


Тарлан Тахауи
Алматыда, «Горный гигантта» жазушыларға арналып шығармашылық
үй салынды. Сонда жатып Ғабит Мүсірепов «Ұлпанды», «Жат
қолындағыны» жазды.
Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесінді» жазды.
Мен «Қызыл жебенің» соңғы кітабын бітіріп едім.
Алмай-бермей, Тахаң мені іш тартты. Інісіндей сырласты. Мен оның 60
жылдық мерейтойына арнап «Айға шағылған найза» деген эссе жаздым.
Əңгіме құмар кісі еді, жарықтық. «Ант» атты атақты пьесасын жазғанда
тарихты қалай қопарғанын айтады.
Жалаң тарих көркем пьеса болмайды ғой. Тарихқа жан бітіру керек.
Əбілқайырдың Əбілқайыр екеніне, Фатиманың Фатима екеніне көрермен
шыннан сенуі керек.
Ал бұл шаруа тек хас таланттың қолынан келеді.
– Əбілқайыр – трагическое лицо, – дейді Тахаң. – Ақылды. Нағыз
қолбасшы. Бірақ заманы – трагедия. Тағдыр оны орыс қатын патшаға
тəуелдер еді.
– Ал Əбілқайыр ханның баласы Нұралы, міне, бұл дундук, – дейді
Тахаң. – Дундуктің қайдан шыққанын білесің бе?
– Жоқ, – деймін мен. – Əйтеуір, орыстар дундук деп жатады ғой.
– Ол қызық, – дейді Тахаң қыза түсіп. Қасы кейде керіліп, кейде екі
қастың арасы жиырылып кетеді. – Ол былай. Анау Еділдің ар жағында
қалмақ бар ғой. Сол қалмақтың Аюке деген ханы болған. Кəдімгі
қиссалардағы Аюке ше?
– Иə.
– О, Аюке коварный. Біресе орыстармен дос болады. Біресе


башқұрттарға жақындасады. Енді бірде башқұрттарды орыстармен
бірге шабады. Қырым хандығымен де дос болады. Тіпті Осман-түрік
сұлтандарымен де септеседі.
Сол Аюке өлгеннен кейін, оның ұрпақтарының бірі Дундук таққа
отырып, Еділ қалмақтарын Түркияның қоластына қаратпақ болады.
Ондайды орыстар оңдыра ма? Содан кейін орыстар есалаң
шатыстардың бəрін «Дундук» деп атап кеткен.
Тахаң сигарет тұтатады. Оймақтай рюмкелерді қағыстырып, аздап-
аздап коньяк ұрттап қоямыз.
Нұралы хан, оның туысы Айшуақ сұлтан орыстардың шен-шекпеніне,
сыйлықтарына мəз болып, естектерге көп обал жасады.
– Естек кім?
– Біздің жақта башқұрттарды естек дейді. Башқұрттарда Қарасақал,
Батырша деген көсемдер болған. Орыс патшасына қарсы көтеріліс
көсемдері.
– Салауат, – деп қаламын мен де бірдеңе білген болып.
– Ол кейін, – дейді Тахаң сөзді бөлме дегендей тыжырынып. – Патша
аясын ба, естектерді қырып жіберді. Естектер бас сауғалап қазақ
даласына қашпай ма? Орыстардың айдап салуымен Нұралы, Айшуақ
босқын башқұртарды əбден азаптады.
Əңгіме «Анттың» қалай жазылуымен басталып, аяғы Аюке,
Айшуақтарға жалғасып кеткенін байқамай қаламыз...
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет