Өмір – қысқа.
Azt longo,
Vita vrevis.
Искуство долговечно,
Жизнь коротка.
«Төзім тамаша сипат. Бірақ шексіз ұзақ төзуге өмір тым қысқа ғой»
(Мұхтар Əуезов дəптері).
Түгел мен тұтас
Тараздан шығып,
Шақпақтан асып, Түркібас орталығына кіре бергенде
жол бойында қасиетті жазу тұр:
«Түркі елі, түгел бол!
Түркістан тұтас бол!»
Авторы Тұрар Рысқұлов екен. Сірə, ол кісі Түркістан Республикасының
Төрағасы болып тұрған кезінде айтылған ұран шығар.
Сол Түркістан Республикасының құрамына Қазақстанның оңтүстігі,
Өзбекстан,
Қырғызстан, Түрікменстан, Тəжікстан кірген еді.
1924 жылы Сталин біртұтас Түркістанды бөліп-бөліп тастады.
Рысқұловтың арманы үзілді. «Бөліп ал да, билей бер!» деген сұрқия
саясат белең алды.
Ал бөлінгенді бөрі жейді деуші еді.
Кім біледі.
Бір кем дүние.
Жалғыз ұл...
Жалғыз ұлы бар кісінің
Шығар-шықпас жаны бар.
Екі ұлы бар кісінің
Өкпе, бауыр, жалы бар.
Үш ұлы бар кісінің
Бұхарада малы бар.
Төрт ұлы бар кісінің
Аспанға салған жолы бар.
Кешегі
жоқ-жітіктеу, қиын-қыстау кездің өзінде «Алтын алқа», «Күміс
алқа» таққан аналар тізімі газеттерде жиі-жиі жарияланып тұрушы еді.
Соңғы он-он бес жылдың көлемінде көрінбей кетті.
Бала туудың алтын бесігі ауылдың өзінде қазір нəресте саны
қасқалдақтың қанындай азайды. Бала табу жалғыз-жарымнан аспайтын
болды.
Не себеп? Тұрмыс-жағдай бұрынғыдан гөрі біршама тəуірленген
сияқты еді. Не көрінді? Əлде өркениеттің «өкірігі» ме, əлде гендерлік
саясаттың сипаты ма?
Біз тым-тым азбыз ғой. Аздың маңдайында бақ тұрмайды деуші еді ғой.
Кейбір елдер сияқты бізге жер жетпей жатқан жоқ.
Шыннан
болашақты болжай алмайтын, бір күндік қарынды ғана
ойлайтын бейқам елміз бе?
Үкімет, Парламент құр кекірік атып отыра бере ме?
Кəрі қыздар мен Сүрбойдақ жігіттер көбейді.
Ойлан, Үкімет!
Шаңырақ болмай, шарана да болмайды.
Бір кем дүние.
Достарыңызбен бөлісу: