4.Оқушының жетістігін бағалау түрлері.
Мұғалімнің қызметінде оқушының жетістіктерін тиімді бағалауды жоспарлауда бағалаудың мақсатын білу қаншалықты маңызды болса, оның жеке түрлерін білу соншалықты маңызды. Осы параметрлер бойынша бағалау мынандай үш түрге бөлінеді: диагностикалық, формативтік (қалыптастырушы), суммативтік (жиынтық, қорытынды).
Диагностикалық бағалау – оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдетте оқу жылының басында немесе бір тақырыпты, тарауды оқытудың алғашқы сабағында жүргізіледі.
Бағалаудың бұл түрі оқушыға да, мұғалімге де қазіргі жағдай мен талаптар туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Диагностикалық бағалаудың қажеттілігі мыналар арқылы анықталады:
а) оқушылардың даярлық деңгейінің әр түрлілігі;
б) оқыту мазмұнын тізбектей қалыптастыру;
в) оқушының білім алу процесі мен оқытуда «таяу арадағы даму аймағына» сәйкес талаптар мен мүмкіндіктерін көре білу қажеттілігі.
Формативті бағалау– оқушының білім алуын үнемі бақылап отыратын мақсатқа бағытталған үзіліссіз процесс. Формативті бағалау «формальды емес» бағалау болады. Ол бағалау критерилеріне сәйкестікке негізделіп, кері бойланысты ұстанады. Егер нәтиженің бағасы анықталған қажеттіліктерді ескеріп, оқу процесін жақсартуға қолданылса, онда бағалау формативті болады.
Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты - оқу процесі арасында оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулер енгізу болып табылады. Түзетулер енгізу білім алу нәтижесін жақсарту үшін мұғалімнің немесе оның оқушылармен бірігіп жаңа мәселелерді ұсынуы.
Суммативті бағалау белгілі бір уақыт аралығында тақырыпты, тарауды оқып болғаннан кейін оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған. Суммативті бағалау көптеген тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша жүргізіледі. Тексеру жұмыстарына қойылған бағалар қорытынды бағаны анықтауға негіз болады.
Суммативті бағалаудың мақсаты - белгілі бір уақыт аралығында оқушының меңгерген білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау және алынған нәтижелердің стандарт талабына сай болуын анықтау.
5. 12 жылдық білім беру кезеңінде жалпы білім беретін мектептің сыныптарында бағалау барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады:
0 балл – қанағаттанарлықсыз
1-2 балл – қанағаттанарлықтан төмен
3 балл – қанағаттанарлық
4 балл – қанағаттанарлықтан жоғары
5 балл – жеткілікті жақсы
6 балл – жақсы
7 балл - өте жақсы
8 балл - үздікке жақын
9 балл – үздік
10 балл - өте үздік
Білім алушының іс әрекетінің барлық түрін бағалау оқушының алған балдарын қосу әдісімен жүргізіледі. Әрбір оқу пәні бойынша жоғары балл білім алушының белгілі бір оқу кезеңінде, іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындағанда, сондай–ақ білім алушылардың іс-әрекеттерін бақылаудың ағымдық, аралық, қорытынды формаларында алған балдарын қосу арқылы анықталады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі оларды оқыту және тәрбиелеуде нақты алған нәтижелерді қадағалауды және оларды әрі қарай жетілдіруді көздейді.
Оқу жетістіктерін бағалау түрлері
Сабақ сайын білім алушылардың оқыту нәтижелерін бағалау оқу іс- әрекетінің деңгейіне сәйкес белгіленген баға ауқымы аясында бір сабақ ауқымында жинақталған балдардың орташа арифметикалық мәнін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Орташа арифметикалық мәнді анықтау үшін оқу іс- әрекеті деңгейлеріне сәйкес әртүрлі тапсырмаларды орындағанда алған оқушылардың балдары пайдаланылады.
Жалпылау, тақырыптық және қорытынды бағалауда мұғалім олардың іс- әрекеттерінің барлық деңгейлерін ескереді:
- Ағымдық
- Кезеңдік
- Межелік
Бастауыш және негізгі мектепті аяқтағаннан кейін (4 және 10 сыныптардан кейін) аралық мемлекеттік бақылау және оқыту нәтижелерін межелік бақылаулар арқылы өткізіледі.
Жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін (11 (12) сыныптардан кейін) Ұлттық бірыңғай тестілеу ретінде жалпы орта білім сапасын мемлекеттік бақылау түрінде өткізіледі.
6. Критерийлік бағалау жүйесі - қандай да бір оқу материалы қаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігі анықтайтын жүйе.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — мектепте білім беру сапасын көтеру, мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Достарыңызбен бөлісу: |