Критерийлік бағалау
- Оқушының жеке басы емес, оның жұмысы ғана бағаланады;
- Оқушының жұмысы басқа оқушылардың жұмысымен емес, эталонмен салыстырылады, эталон оқушыларға алдын ала белгілі;
- Оқушы өз жетістіктері мен өзінің бағасын анықтайтындай бағалаудың нақты алгоритмі жасалған;
- Оқушыға берілген білім ғана бағалана алады, сондықтан бағалау критерийі - оқу мақсаттарының нақты көрінісі;
Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқушылардың сол пән бойынша жетістіктерін және олардың жекелей жұмыстарының нәтижесін жалпылау – бағалау критерийлері болып табылады;
Критерий – оқыту міндеттерімен анықталады, оқушының жұмыс барысында орындайтын және нәтижесінде меңгеруге тиісті әртүрлі іс-әрекетінің тізбегі.
Дескрипторлар – әрбір критерий бойынша оқушының жетістік деңгейін сипаттайды және белгілі ұпайлармен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын ұпай да жоғары болады.
Критерийлер және дескрипторларды қолдана отырып, оқушы жақсы нәтижеге жету үшін қандай қадамдар жасауы керектігін анық көре алады. Ол жұмысын өздігінен бағалай алады және уақытында аяқтай алады.
Критерий оқушыларға жұмыстың басында таныстырылады. Сондай-ақ, критерийді мұғаліммен бірге талқылайды, тұжырымдалуына және критерий құнына өзгеріс енгізе алады. Сонымен қатар оны оқытуды жақсарту үшін бағалау деп те атауға болады.
Балдық бағалауда оқушылар жасаған еңбегіне сәйкес бал жинайды. Балдық жүйеде белгілі критерийлермен өлшенетін жазбаша жұмыс болу керек. Бағалаудың әр параметрі сабақтың және деңгейдің тармағында көрініс табады. Барлық көрсетілген параметрлер белгіленген критерийлер бойынша өлшенеді және есептеледі және оқушылар онымен таныстырылады. Бағалау криериийлерімен және дискрипторлар оқушыларға ұсынылады. Сол дескрипторлар арқылы оқушылар өзінің деңгейін анықтай біледі.
7.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлері Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде негізгі 6 критерий қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |