16. Оқушының жеке қабілетін бағалау.
а) топтық жұмыс кезінде мұғалім әр оқушының жетістіктерін жеке бағалауына мүмкіндік алады. Ол үшін ұстаз «Топтық жұмыс істегенде жеке оқушының қабілетін бағалау» үлгісін қолданады (төменде берілген кесте). Мұғалім алдын-ала (сабаққа дейін) кімді бағалайтыны жайлы жоспарлап алады. (2-5 оқушы)
Топтық жұмыс орындағанда жеке оқушының қабілетін бағалау.
Оқушылардың аты-жөні
|
Асан
|
Шынар
|
Бақыт
|
4.
|
5.
|
Топта әрқайсысына міндеттерді үйлестіріп, өз міндеттерін атқарады.
|
+
|
+
|
+
|
|
|
Идеялар ұсынады
|
-
|
-
|
+
|
|
|
Топ ішіндегі талқылауға белсене қатысады. (ұсынған идеялар, мәліметтерді жетілдіріп, жалпылайды)
|
+
|
-
|
+
|
|
|
Топ қатысушыларына көмектеседі
|
|
+
|
++
|
|
|
Мұқият тыңдап, сұрақтар қояды
|
+
|
|
|
|
|
Талқылау жүргізе біледі (сыпайы түрде қарсылық көрсетіп, дау тудырған сұрақтарға дұрыс шешім беруге тырысты)
|
++
|
|
+
|
|
|
Топқа берілген тапсырмаға зейін қойып орындайды
|
+
|
|
|
|
|
Ортақ ұпай
|
|
|
|
|
|
Мұғалім топтардың тапсырмаларды қалай орындайтын қадағалап, әр оқушының қабілеттіліктерін зерттеп кестеге түртіп отырады. Жұмыстың қорытындысы бойынша оқушыларға бақылаудың қорытындысын жариялап, әрқайсысымен кері байланыс жасап өзіне белгілеп отырады.
б) Мұғалім оқушылардың бірін-бірі бағалау әдісін қолданып, жұмыстарының нәтижесін және оқушылардың қабілеттерін байқап оларды бағалайды. Ол үшін мұғалім қатысушыларға топтағы әріптестерінің жұмыстарын бағалауын сұрайды. Бұл жұмыстың барысында оқушыларға бағаның межелеріне (критерилеріне) назарын аударту қажет.
Бұл маңызды! Топтық жұмысқа бұл үлгіні қолданар алдында мұғалім қатысушыларға осы белгілемелердің қорытындысы жеке оқушының жетістіктерін бақылауға қажет екендігін түсіндіре кетуі керек.
17. Топтық жұмыс барысында өзін-өзі бағалауы.
Мәлiметтің көмегімен алынған бақылаулар және оқушылармен қарым-қатынас орнату арқылы мұғалiмдер талдау жасай отырып, топтық жұмыстағы дағдыларының дамыту деңгейін, оқу материалының меңгерiлуінiң сапасын анықтауға және оқушылардың оқудағы жетістіктерінің сапасын жақсартуы бойынша ары қарайғы қадамдарын жоспарлай алады.
Нәтижесiнде қолданылған әр түрлi формадағы топтық жұмыстың бағалауларын мұғалiм оқушыларға үйрете алады:
- топта жұмыс iстеу процесін бағалау;
- өзін-өзі бағалау механизмін қолдану арқылы дайын тұрған жұмыстың күштi және әлсiз жақтарын анықтау.
18. Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тәсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болу тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін. Мұғалім ол білім алушылардың атын жазып алуы қажет.
Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы:
- Бұл туралы сіз не ойлайсыз?
- Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба?
Егер білім алушылар тәжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы:
- Сіз қазір не істеп жатырсыз?
- Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады?
- Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?
Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және әр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге болады. Бұл жағдайда білім алушыларға:
жаңа идеяны тұжырымдауды;
екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды;
топтық талқылау негізінде пікір білдіруді;
сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады.
19. Бағалау білім беру, оқыту әлемінде және адам өмір сүретін кез-келген ортада қажет, кез-келген жастағы адамдар өздерінің білім деңгейлерін білу үшін тестілерден немесе емтихандардан өтуі керек. Диагностикалық бағалау туралы айтатын болсақ, біз кез-келген жастағы адамға әр түрлі салада алынған баллды білу үшін кәсіпқой жүргізетін тесттер немесе тесттер арқылы бағалау түріне сілтеме жасаймыз.
Бұл бағыттар математика, тіл немесе эмоционалды немесе ақыл-ой деңгейі болуы мүмкін. Сайып келгенде, бағалау дегеніміз - білім беру немесе психологиялық маман қабылдауы үшін қажетті ақпараттар жиынтығы олардың оқуын немесе эмоционалды немесе психикалық жағдайын жақсарту үшін қажет шешімдер.
Диагностикалық бағалау - бұл мектепте оқу жылының басында жүргізілетін жүйелі және қатаң процесс, оқу пәні немесе академиялық кезең басталған кезде. Тіпті білім беру орталығы - студенттерге диагностикалық баға беру үшін қай уақыт жақсы екенін бағалай алатын орталық.
Әрбір диагностикалық бағалау белгілі бір мақсаттарды көздейді:
-Штат студенттерінің не екенін түсіну
-Тақырып туралы не білетіндерін білу
-Сіздің өміріңізді жеңілдететін шешімдер қабылдаңыз
-Оқу процесін дамыту барысында оқуды жетілдіріңіз
Қысқаша айтқанда, бұл студенттерге оқу барысында жақсы нәтижелерге жету үшін және өз мақсаттарында жетістікке жету үшін студенттерге дұрыс басшылық жасауды білуге қажетті ақпаратты қарастырады. Бағалаудың бұл түрі үш негізгі аспектіні ескереді: lнемесе кім біледі, не ынталандырады және оқушының оқу шарттары.
Диагностикалық бағалау оқушылардың жағдайын білуге, олардың оқуын жақсарту үшін не қажет екенін білуге қызмет етеді және ең алдымен мұғалімдерге сабақтарын дұрыс жоспарлауға көмектесетін өте пайдалы ақпарат береді. Бұл қандай да бір шешімдер қабылдау неғұрлым қолайлы болатынын білу үшін мезгіл-мезгіл жүзеге асырылуы қажет қажетті құрал екендігі сөзсіз. осылайша студенттер өз біліміне дұрыс жол ала алды.
20. Өзін-өзі бағалау – өзгелердің пікірі арқылы және өзіне сырт көзбен қарау арқылы деңгейін анықтай алуы. Адамның өзіне берер бағасы, сенімділігі жоғары болса, кез келген қиындықтан оңай шыға біледі. Өзін-өзі бағалауы тұрмыстық жағдайға, білім дейгейіне де байланысты болуы мүмкін. Адамның өзіндік «Мені» жоғары болғанда ғана өзін-өзі бағалауы да жоғары деңгейде болады. Ал «Мен» шектен тыс көп болса, тәкаппарлыққа тіреледі.
Адамның өзін-өзі бағалауы – өзін түсініп, қалай бар солай қабылдап, жеке қасиеттеріне нақты баға бере білуі. Нақты баға беру дегеніміз – өз бағаңды кемітіп не арттырып қою емес, өз-өзіңе іштей әділ болу.
Өзін-өзі бағалаудың екі түрі бар. Бірі тұрақты, екіншісі ауыспалы. Тұрақты өзін-өзі бағалауды өзгерту қиын, ол кішкене кезден қалыптасқан ұғым. Біреу сізге киім таңдау білмейсің, талғамың онша емес десе, шынында дұрыс айтты ма, жоқ бұрыс айтты ма деп ойланып қалуыңыз мүмкін. Ал егер сен ақша санай алмайсың десе, оған еш ренжімейсіз, себебі өзіңіздің ақшаны санай алатыныңызды жақсы білесіз. Міне, осы өзін-өзі бағалаудың тұрақты түрі. Ал үнемі пісіріп жүрген тортыңыз 1-2 рет ойдағыдай піспей қалды делік, тура сол кезде біреу сізге қолыңнан түк келмейді екен деп айта салса, өзін-өзі бағалау деңгейіңіз бірер уақытқа болса да төмендеп қалуы мүмкін, бұл ауыспалы түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |