Сабақтың тақырыбы: “Мақта қыз бен мысық” ертегісі.
Сабақтың мақсаты: 1. Ертегінің мазмұнымен танысу және оның
идеялық мәнін ашу.
2. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлесіп жұмыс
істеуге, жауапкершілікке, бір-бірін құрметтеуге,
өзара сыйласуға тәрбиелеу.
3. Өз бетінше және топпен жұмыс жасау дағдысын
қалыптастыру. Тіл байлығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Ертегінің мазмұнды суреттері, орталықтар жазылған
тіреуіштер, құпиялы үшбұрыш, ақ көгершін.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Математика, тіл дамыту, жапсыру.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
а) балалармен сәлемдесу, түгелдеу.
ә) оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тақырыпқа М. Әлімбаев “Сары жапырақтар жауғанда”. Оқушылардан сұрақ-жауап арқылы сұраймын.
ІІІ Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту.
Сыныпты қызғалдақ, саңырауқұлақ, көбелек, 3-топқа бөліп аламын.
І-топ. “Қызғалдақ тобы”.
ІІ-топ. “Көбелек”.
ІІІ-топ. “Саңырауқұлақ” тобы.
- Балалар, кәне барлығымыз бері қарайықшы.
- Міне, мына фигураларды біз не деп атаймыз?
-Үшбұрыш
- Тағы қандай фигураларды білеміз?
- Төртбұрыш, дөңгелек.
- Дұрыс, балалар біз бұл фигуралармен қандай сабақта оқып таныстық?
- Математика сабағынан оқып таныстық.
- Дұрыс, балалар, ендеше біз бұл үшбұрышты “құпиялы үшбұрыш” деп атаймыз.
Қазір үш топтан үш бала шығып, бір-біреуден таңдап аламыз да ішіндегі сұрақтарға жауап береміз, жауап берген оқушыға сол “құпиялы үшбұрышты” сыйлаймын.
Біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбын мен сендерге жұмбақтап айтамын. Сендер оның шешуін табыңдар.
Оны балалардың барлығы жақсы көреді. Үйде ұйықтар алдында ата-әжелеріміз айтып, бізді ұйықтатып тастайды. Оны тек қана өмірде оқиғалар емес, қиял-ғажайып, яғни өмірде болмайтын ойдан шығарылған оқғалар деуге де болады. Бұны не дейміз? (ертегі).
Ертегіні мазмұнды суреттер бойынша балаларға түсіндіремін.
Сергіту сәті: Түн болды.
Сәлден соң таң атты
Аспанды бұлт басты
Жаңбыр жәйлап жауды
Жаңбыр қатты жауды.
Күн ашылып енді жел тұрды
Жел қатты тұрды
Енді ауа тынық болып тып-тыныш болды.
Балалар ақ көгершіннен бізге хат жіберіпті, оның ішіне бізге тапсырмалар беріпті, біз бұл тапсырмаларды барлығымыз бірге бірлесе отырып орындауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |