Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері


Белсенділік орталықтарға бөлініп алайық



бет12/15
Дата19.02.2024
өлшемі369.5 Kb.
#492438
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Халық ауыз диплом

Белсенділік орталықтарға бөлініп алайық.
1-топ. “Қызғалдақ ” тобы.
Әдебиет орталығы:
Тапсырма: Осы ертегідегі кейіпкерлерге байланысты тақырыптар айту.
2-топ. “Көбелек” тобы.
Оқу орталығы:
Тапсырма: “Сөзжұмбақ” шешу.
3-топ. “Саңырауқұлақ” тобы.
Өнер орталығы:
Тапсырма: Осы ертегідегі кейіпкер бейнесінде сахналық көрініс жасау.

Топпен жұмыс:
Үш топтың оқушылары бірлесе отырып, ертегідегі кейіпкерлердің қима суреттерін тақтаға ретімен қойып шығады. Содан соң топқа бір-бір сұрақтан қоямын.
1. “Қызғалдақ” тобы:
- Ертеңгінің басты кейіпкерлері кімдер?

2. “Көбелек” тобы:
- Ертегідегі үй жануарларын ата?
3. “Саңырауқұлақ” тобы:
- Ертегінің соңы немен аяқталады?
VІ Қорытынды:
Балалар біз бүгін қандай ертегімен танысамыз.

  • Мақта қыз бен мысық ертегісі.

  • Ертегі сендерге ұнады ма?

Мысықтың құйрығын қайтарып алуына көмектескендерді атаңдар?
Сиыр, ағаш, тауықтарға не нәрселер керек екен?
Сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытамын.


VІІ Бағалау. Жұлдызша, үшбұрыш, төртбұрыш беру арқылы бағалаймын.

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат.

Мақсаты: Оқушыларға ертегі арқылы олардың өмірге деген дұрыс 
көзқарасқа, ой-өрісін, сөйлеу тілін,жақсылық пен 
жамандықты айыра білуге, жаман әдеттен айлақ болуға 
үйрету, баулу. Өз отанын сүюге, ана тілін қадірлеуге 
үйрету. Қызығушылықтарын талғампаздық қасиеттерін 
қалыптастыру.
Көрнекілігі: Орман көрінісі бейнеленген суреттер, ертегі 
кейіпкерлерінің суреттері, қоян, тиін, аюдың суреттері.
Барысы: Балалар біз бүгін “Ертегілер еліне саяхат” жасаймыз. 
Балалармен бірге орманның ішінің әсемдігіне таңданып 
келе жатқанда, балалардың құлағына бір дауыс келеді.
Жақындай келе ол дауыс қоянның дауысы болып шығады. 
Қоян байқаусызда қақпанға түсіп қалған екен. Қоянды 
балалар қақапаннан шығарып алғысы келеді, бірақ ол 
үшін алдымен мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.
Тапсырма: Мына суреттегі кейіперлердің атын ата? Олар қандай 
ертегілерде кездеседі? (қиял-ғажайып ертегілер).
Балалар берілген сұраққа жауап беріп, қоянды қақапаннан босатып алады. Қоянды ортаға алып барлығы бірге мына өлеңді шырқайды.
Ұзын-құлақ сұр қоян.
Естіп қалып сыбырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Кеше жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
Ақ қоян” деген қимылды ойын ойналады.
Мына сөйлемді жалғастыру қажет.
Қоян қыста ақ, жазда….

  1. Қоянның құйрығы қысқа, құлағы…..

  2. Қоянның артқы аяғы ұзын, алдыңғы аяғы……

Балалар қоянмен қоштасып, ары қарай орманды аралап келе жатқанда, мұғалім қане тыңдаңдаршы балалар, ормандағы ең көңілді жануар туралы жұмбақ жасырамын.
Секең – секең етеді,
Орман оның мекені.
Отырғанда шоқшиып
Құманға ұқсап кетеді.
- Бұл қай аң?
- Тиін.
- Дұрыс, айтасыңдар балалар!
Сендер білсеңдер айтыңдаршы, тиін немен қоректенеді? 
Жаңғақ, саңырауқұлақ, шырша бүршігімен қоректенеді деп жауап берді балалар.
Біз тиінға қоректенетін азығын жинауға көмектесейік. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік.
Тапсырма: Мына ертегі кейіпкерлерінің атын атау. Осы ертегі кейіпкерлерін қатыстырып бір ертегіні айтып беру. Түлкі мен ешкі. (хайуанаттар туралы ертегілер).
Тапсырманы орындау арқылы тиінға азығын жинап алуға көмектесеміз. Ал енді балалар тиін туралы қандай ертегі білеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет