- “Ертегіні кім көп біледі?” деген ойынымен аяқтаймын.
Қорытынды
Қорыта келгенде, қай халық болса да өзінің дамуында қилы-қилы
жолдардан өтеді. Сол жолдардың көрінісін ертегі арқылы қалдырады.
Ертегі – тәрбие құралы, халық шығармасы, халық мұрасы. Ертегі ғасырлар бойы сақталып ұрпақтан – ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.Осы ертегіні балаларға жеткізу, насихаттау алғаш мектепте ана тілі сабағынан басталады.Ана тілінің 2-4-сыныптардағы пәнді оқытудың мақсаты нақтыланды. Балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту,әдеби сауатын ашу, оқырмандыққа баулу, рухани дүниесін кеңейту, адамгершілікті-ізгілікті , ұлтжанды-отансүйгіш, шығармашыл дара тұлға тәрбиелеу белгіленді.
Ана тілі арқылы оқушы бойына жалпы адамзаттық құндылықтарда сіңіруге басымдылық берілді. Бұл оқушының мәдени дағдыларды игеруіне , тәрбиені ізгілендіруге жағдай жасады.
Бастауыш сынып оқушыларына ертегі оқыту арқылы қиялдауға шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге қайратты, істер жасауға жұмылдыру және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесі адамдардың рухани арқауы сол себептіде біз педагогтар сол рухани байлықты балаға тарту етуге, тер төгуге парыздармыз. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен,қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Адамгершілік тәрбиесіне педагогикалық ережесі болғанымен оларды орын-орынмен қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Қазақ ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, ерлікке, әсемдікке, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді.
Орыс педагогы А. В. Сухомлинский: «Ертегі-халық мәдениетінің рухани байлығы, оны тану арқылы бала туған халқын жүрегімен танып біледі» ,-деп орынды айтқан. Демек, ертегінің қай түрін алсақта, онда халықтың отансүйгіштік, елін, жерін сүюге, отбасының, бауырларының амандығын, арман-тілектеріне негізділген патриоттық сезімі жатыр.
Сондай-ақ халық ауыз әдебиетіндегі жақсы айтылған ертегінің өзі де жасөспірімдер ғана емес, ересектердің ой-өрісі мен дүниетанымның кеңеюіне тигізетін әсері мол.
Ертегілер арқылы оқушылардың адамгершілік және эстетикалық тәлім - тәрбиесінің дамуына ықпал жасалады. Баланы мұратқа, жеңіске, жетістікке жету жолында белсенділікке, әрекетілікке үйретеді. Өмірде кездесетін жайттардың яғни жақсылық пен жамандықтың, мейрімділік пен қатыгездіктің, шындық пен өтіріктің, әділеттілік пен әділетсіздіктің, еңбекқорлық пен жалқаулықтың және т.б ара жігін ажыратып, түсіне білуге, бағалай алуға жол ашады.
Ертегі тілінің көркемдігі және оқиғаларының қызғылықты баяндалуы баланы еріксіз өзіне тартып, баурап алады. Ертегілерді баланың оқуы не тыңдауы, мазмұнын қайталап айтып беруі сөздік қорын молайтады, байланыстырып сөйлеу тілін дамытып, қиялдауға мүмкіндіктер туғызады.
Ертегі сюжетіне қатысты түрлі-түсті суреттерді пайдалану арқылы әңгімелесу баланың танымдылық әрекетіне қозғау салады. Ертегі балалардың өзінің көркемдігіне, әсемдігімен, тартымдылығымен баурап, олардың қиялын ұштап, қиындықты жеңуге, қиналған кезде ақылмен шешімді әрекетке баруға, зерек, тапқыр болуға итермелейді. Айналадағы әсемдікті түсіне, қызықтай, қабылдай білуге үйретеді.Жүйелі жүргізілген мұндай жұмыс баланың ана тілінде дұрыс, таза сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балаларға айтқан, көрсеткен нәрсенің барлығы шындық, сұлу, әсем үйлесімді болу шарт. Сонда ғана бала балғын талдан биік бәйтерекке айналады.
Қазақ халқының көрнекті азаматтары Ы.Алтынсарин, М.Дулатов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов және т.б . өздерінің педагогтік ағартушылық еңбектерінде халықтың рухани мұрасының өміршеңдігін көрегендікпен түйсіне отырып ұсынуда, оны тәрбие құралы деп санап, оған дидактика тұрғысынан мән бергендіктерін атап айтқан жөн. Оқушыларды адалдыққа, кішіпейлділікке, ақындылыққа, шыншылдыққа үйрете отырып, адам бойындағы жаман қасиеттерден аулақ болуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты жетілдіре тәрбиелеуде ауыз әдебиеті үлгілерінің барлық жанр түрлерін қолданудың білімдікте, тәрбиелікте мәнінің зор екені сөзсіз.
Төмендегідей ұсыныс жасаймын:
1. Ертегілерді оқыту барысында балалардың жас ерекшеліктерін және олардың сөздік қорын есепке алуды қатаң сақтау.
2. Бастауыш мектептерде оқылатын ертегілер жүйесі төмендегідей:
1. Хайуанаттар туралы ертегілері.
2. Қиял – ғажайып ертегілері.
3. Тұрмыс – салт ертегілері көрсетілген реттік бойынша берілсе.
3. Қазақ бастауыш мектептерде тек қазақ халық ертегілерін емес, өзге
ұлттардың да оыс типтегі ертегілерін көбірек оқыту қарастырылса немесе
сыныптан тыс жұмыстарда өткізілу ұйымдастырылса. «Ертекшілер клубын құру».
4. 3 – 4 сыныптарда шыншыл ертегілерді жүйелеп оқыту қарастырылуын басшылыққа алсын
5. Бастауыш мектептерде ертегілерді оқытудың әдістемелік жүйесін құру.
Достарыңызбен бөлісу: |