V. Қорытынды: “Сандардың сырын аш” ойынын ойнатып сабақты сұрақ қою арқылы қорытындылап шығамын.
1. Түлкі Айдаһар ауруына қандай ем айтты?
2. Оған Маса қанды не үшін әкелмек болды?
3. Маса қанды қалай жинады?
4. Айдаһар қанды неліктен іше алмады?
5. Қарлығаштың құйрығы неге айыр болды?
6. Адам қарлығашты неге жақсы көреді?
7. Осы ертегі туралы мультфильмді көрдіңдер ме?
8. Ертегі сендерге ұнады ма?
Сандарды ашқанда “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” етрегісі
бейнеленген сурет шығады.
VІ.Жиынға оралу.
Бағалау. Балаларды фишкалар немесе гүл, қызғалдақ
беру,мақтап,мадақтау арқылы бағалаймын.
Балаларды динамикалық үзіліске шығарамын.
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қазақтың көне жерінде ,
Асқар тау, бұйрат белінде,
Айдаһар өмір сүріпті
Күшсізді талай жалмапты
Тіссізді талай қандатты
Патша боп, көп жыл тұрыпты
Жылдардан жылдар өткенде,
Кәрілік жылжып жеткенде,
Қайраты қайтып бұрынғы,
Айдаһар дертке ұрынды
Айдаһар еттен арылды,
Тынысы әбден тарылды,
Көзден от, беттен сән кетті,
Кеудеден қуат ,әл кетті,
Нөкерлер сасып , сабылды,
Не істерін білмей,аңырды,
Адырдың арты жар еді,
Қу түлкі сонда бар еді,
Кей дертті емдеп жазатын ,
Өнері ептеп болатын,
Нөкерлер соған ағылды,
Түлкіге барып жалынды.
Ауруға түлкі келеді,
Тамырын ұстап, көреді,
Не қилы әдіс қылады,
Сан дәріні сынады.
-Тәтті қан іздеп тапсаңыз,
Жазылар, -деді,патшамыз.
Айнала жұртқа қарады:
-Кім іздеп, дару табады?
Біз тұмсық маса бар еді,
Ішкені ылғи қан еді,
Шағуға шебер болатын,
Қадалып қанды соратын,
Келместен сөзге ол енді,
Шөлмегін алып жөнелді.
Масадай малғұн зұлымға
Жамандық жасау қиын ба?
Бесікте жатқан нәресте
Жылы жұмсақ емеспе?
Деген бір арам ой келді,
Не болмақ дүние, ойла енді.
Келді де шақты баланы,
Шырылдап бала қалады
Осынау маңды мекендеп,
“Жақсылық қайтсем етем” деп,
Зұлымдыққа қаны қас
Жүретін бір Қарлығаш
Жөнелді іздеп масаны,
Қырлардан қырға асады.
Шарлады көпті көлбеген,
Жарысты жүйрік желменен.
Айдаһарға жеткізбей,
Тиісті емін еткізбей,
Масаны қуып жетеді,
Айқасқа түсіп кетеді.
Алыспай өлмек қайда бар?
Алас ұрған Айдаһар
Болдырмаған бұйрығын,
Қарлығаштың құйрығын
Жартылай жұлып алыпты,
Айыр боп содан қалыпты.
Содан бері Қарлығаш
Болса да нәзік талдырмаш,
Адал досы адамның,
Аты туған баламның!
Достарыңызбен бөлісу: |