Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет23/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70
29.05.2023 dis

мәдениетаралық коммуникация және шетел тілін меңгеру көрсеткіштері
Әрбір көрсеткіштің қажеттілігін дәлелдеу үшін, әрқайсысына жеке тоқталып, 
негіздеуді жөн көрдік. 
Әлемді тану компонентіне келетін болсақ, біз оны «Global Competence 
Scale for graduate students» [83, р. 6] сауалнамасына сүйене отырып үш фактор 
бойынша қарастыруды қажет деп есептейміз: әлемді тану, жаһандануды түсіну 
және ғылыми эрудиция. Veronica Boix Mansilla және Anthony Jackson өздерінің 
«Educating for Global Competence: Preparing Our Youth to Engage the World» 
атты ғылыми еңбегінде жаһандық сауатты адамдар әлем туралы және оның 
қалай жұмыс істейтіні туралы ақпарат алып, қызығушылық танытады және 


60 
білуге тиіс екенін алға тартады. Олар біздің заманымыздың өзекті мәселелерін 
шешу үшін кез келген пәннің (математика, әдебиет, тарих, жаратылыстану 
ғылымдары және өнер) негізгі бағыты болып табылатын тамаша идеяларды, 
құралдарды, әдістерді және тілдерді пайдалана алады. Олар осындай 
мәселелерді зерттеу, әртүрлі көзқарастарды тану үшін, өз көзқарастарын тиімді 
көрсетіп, жағдайды жақсарту үшін әрекет ету арқылы осы тәжірибені 
пайдаланады және дамытады [128, р. 2-130].
Бұл көрсеткіш жаһандық сауатты адамдардың жаһандық мәселелерді
сондай-ақ басқа адамдардың көзқарасы мен мінез-құлқын өзгелерден 
ажыратуға дайын және қабілетті екенін көрсетеді. Адамдар басқа мәдениеттің 
тарихы жайлы, құндылықтары, қарым-қатынас стильдері, нанымдары мен 
тәжірибелері туралы білім алған сайын, олардың көзқарастары мен мінез-құлқы 
көптеген факторлардың әсерінен қалыптасатынын, олар әрқашан бұл әсерлерді 
толық біле бермейтінін және басқалардың әлемге деген көзқарастары өздерінің 
көзқарастарына ықпал ету мүмкіндігін толықтай түсінеді [170].
Яғни, әртүрлі көзқарас пен дүниетанымның өзара әрекеттесуі адамдардан 
басқалардың шығу тегі мен өз болжамдарын зерттеуді талап етеді. Бұл өз 
кезегінде басқа адамға, оның шынайы тұжырымдамасына және оның 
эмоцияларына деген терең құрмет пен қызығушылықты білдіреді. Мұндай 
құзыреттілікке ие адамдар айырмашылықтарды жеңуге және ортақ негіз құруға 
мүмкіндік беретін байланыстарды (мысалы, адамның негізгі құқықтары мен 
қажеттіліктері, ортақ тәжірибе) ескереді және бағалайды. Олар өздерінің 
мәдени ерекшеліктерін сақтайды, бірақ сонымен бірге айналасындағы 
адамдардың мәдени құндылықтары мен нанымдарын біледі. Басқа адамның 
ұстанымын немесе сенімін мойындау міндетті түрде бұл ұстанымды немесе 
сенімді қабылдауды білдірмейтінін ескеру қажет [171]. 
Ал басқа адамның ұстанымын сыйлау, өзге мәдениетің құндылықтары 
мен нанымдарын білу − біз ұсынып отырған келесі көрсеткіш − 
мәдениетаралық коммуникация деңгейінің жоғары болуын талап етеді.
Жаһандану 
ұлттарды 
жақындастырды 
және 
мәдениетаралық 
коммуникациядағы құзыреттілік (ICC) бүкіл әлемдегі әртүрлі топтармен 
байланыс мәселелерін шешу үшін қажет [172]. 
Мәдениетаралық коммуникациядағы құзыреттілік мәдени деңгейдегі 
«айырмашылық арқылы» дұрыс қарым-қатынас жасау үшін маңызды 
дағдыларды, мінез-құлықты түсінуді қамтиды [173].
Ал қазіргі жаһанданған әлемде мәдениетаралық коммуникацияның 
маңыздылығы күмән келтірмейді. Әртүрлі елдердің ғалымдары осы саланың 
дамуына өз үлестерін қосты және оқу материалдарын – әртүрлі мәдениеттердің 
жіктелуі мен ерекшеліктеріне, мәдениетаралық коммуникация оқулықтарын, 
сондай-ақ күнделікті және кәсіби контексте мәдениетаралық дағдыларды 
дамытуға бағытталған жаттығуларды қамтитын шет тілдері оқулықтарын 
құрастырды. Көріп отырғанымыздай, атқарылған жұмыс аз емес, алайда, 
мәдениетаралық коммуникация мәселесі әлі де толық қанды зерттеліп, шешімін 
тапқан емес. 


61 
Құзыретті студенттер әртүрлі мәдени ортадан шыққан адамдармен тиімді 
және сыйластық қарым-қатынас құра алады. Егер сізде сол мәдениет өкілімен 
келіспейтін, не іштей қарама-қайшы көзқараста болсаңыз, тиімді қарым-
қатынас өзіңізді анық, сенімді және ашусыз ұстануыңызды талап етеді. 
Сыйластық қарым-қатынас әртүрлі аудиторияның үміті мен перспективаларын 
түсінуді және аудиторияның қажеттіліктерін қанағаттандыруды білдіреді. 
Құзыретті коммуникаторлар мәдениетаралық диалогқа қатысқан кезде сөздер 
мен сөз тіркестерінің мағыналарын тексере және түсіндіре алуға қабілетті. 
Мәдениетаралық контекстте дұрыс қарым-қатынас тыңдай білудің арқасында 
құралады. Бұл – тек айтылғандарды ғана емес, сонымен бірге дауыс ырғағы мен 
дене тілін қолдана отырып, оның қалай айтылғанын да қадағалап отыруды да 
білдіреді. Сонымен, біздің ойымызша, құзыретті студенттер − жаһандық 
мәселелерді талқылағанда, жеке пікірін білдіргенде және негіздегенде және 
басқаларды белгілі бір әрекет бағытын ұстануға сендіргенде вербалды және 
бейвербалды әдістерді тиімді пайдалана алатын қабілетті спикерлер. 
Еліміздің әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайында білім 
берудегі қазіргі тенденциялар болашақ мамандарды кәсіби даярлауға 
қойылатын талаптарды күшейту, соның ішінде адами қарым-қатынас 
дағдыларын дамыту, кәсіби біліктілік пен кәсіби ұтқырлықты үнемі арттыру 
қажеттілігін қалыптастыру, сондай-ақ адам мәдениетін тәрбиелеу болып 
табылады. 21 ғасырдағы адамды әлемдік мәдениетке баулу, оның мәдени 
деңгейін әлемдік стандартқа жақындату, бірнеше шет тілдерін меңгеру туралы 
мәселе туындайды, бұл өз кезегінде тілдік тұлғаны және оның оқыту жүйесінің 
негізін құрайтын нақты коммуникативтік, когнитивтік және мәдени 
құзыреттіліктерін қалыптастыруды талап етеді. Мәдени байланыстардың 
кеңеюі, еліміздің әлемдік өркениетке қосылуы шет тілінің қоғам өміріндегі 
және қазіргі маманның кәсіби қызметіндегі рөлінің артуына әкелді. Шет тілі 
бүгінде тұлғааралық қана емес, этносаралық, мемлекетаралық, мәдениетаралық 
қарым-қатынастың объективті құралы ретінде қызмет етеді [174]. 
Сонымен, біздің ойымызша, шетел тілін меңгеру тиімді мәдениетаралық 
қарым-қатынастың айқын артықшылығы болып табылады. Сондықтан да біз 
жаһандық құзыреттіліктің ажырамас бөлігі ретінде шет тілін меңгеру 
дағдысын қарастырдық.
Бүгінгі цифрлық дәуірде барлығымыз пайдаланатын әлеуметтік желілер 
бізге әлеммен қарым-қатынас құруға, тіпті бір-бірімізбен тікелей эфирге 
шығуға мүмкіндік беріп отыр. Ал онда өзге мәдениет өкілімен түсінісе 
алуымыз үшін шет тілін білу қажеттілігі туындайды. Шет тілі − бұл әлеуметтік 
медианың тамаша құралы. Шет тілін білу-бұл 21 ғасырдағы ең жоғары, жан-
жақты жаһандық құзыреттілігі, мансап жолындағы қажетті құралы және бүкіл 
әлемдегі жергілікті тұрғындар мен азаматтардың өмірінде маңызды талап [175]. 
Білім − бұл күш, ал шет тілін білу және мәдениетті білу жеке, кәсіби және 
әлем азаматтары ретінде біздің мүмкіндіктерімізді кеңейтеді. Шет тілін білу 
және басқа мәдениеттерді білу 21 ғасырдағы адамдар үшін жеке өмірдегі
жаһанданған нарықтағы кәсіпқойлар ретінде және жаһанданған әлемдегі әлем 
азаматтары ретінде маңызды әлеуметтік дағды болып табылады. 


62 
Жаһандану дәуірінде шет тілдерін үйрену өзектілігін жоғалтпайды. 
Білімгерлер өздерінің кәсіби, шығармашылық және әлеуметтік-мәдени 
ұмтылыстарын сәтті жүзеге асыру үшін шет тілдерін әсіресе ағылшын тілін 
меңгеруі [176]. 
Әрине, 21 ғасырдың қозғаушы күшінің бірі ол-ақпарат. Ал шет тілін 
білетін мамандар білім мен ақпараттың кең көзіне қол жеткізе алады, бұл 
жақсы ақпараттандырылған және теңдестірілген дағдылар мен дүниетанымға 
әкеледі. Қазіргі кезде, өкінішке орай, әлеуметтік кеңістік тіпті теледидар 
ақпараттары жалған (фэйк) жаңалықтарға толы. Ал бүкіл әлем бойынша 
жаңалықтар мен ақпараттарға түпнұсқа тілінде тыңдау үшін, шет тілін 
түпкілікті, жан-жақты меңгеруді талап етеді. Шет тілін білу − бұл жеке 
шеберлік, кәсіби шеберлік, ақпараттық шеберлік және оларды байланыстыру, 
әлеуметтік шеберлік және жаһандық шеберлік. Тілді еркін меңгеру нақты 
мақсат болғанымен, тіпті негізгі коммуникативтік дағдылар шет тілін 
үйренушіні бәсекеге қабілетті жұмыс орнында ерекшелендіреді [177]. 
Бұдан бөлек шет тілін білу және басқа мәдениетті тану когнитивті, 
әлеуметтік және мәдени артықшылықтарды қамтамасыз етеді. Әлеуметтік 
артықшылықтарға өз елінде және шетелде басқа адамдармен тікелей қарым-
қатынас жасау мүмкіндігі кіреді. Мәдени артықшылықтарға әдебиетті, вокалды 
музыканы, фильмдерді және танымал бұқаралық ақпарат құралдарын түпнұсқа 
тілінде бағалау мүмкіндігі кіреді.
Тіл үйрену арқылы қалыптастырылған жаһандық құзыреттілік, теориялық 
тұрғыдан шетелде оқыту бағдарламалары және т.б. арқылы мәдени әртүрлілікті 
қабылдауға көпір салуға қызмет ете алады [169, р. 30-44]. 
Шетел тілдерінің ішіндегі халықаралық тіл статусына ие және біздің 
еліміздің азаматтары арасындағы ең сұранысқа ие тілі – ағылшын тілі. Ол тілде 
әлем халқының төрттен бір бөлігі, шамамен 1,75 миллиард адам базалық 
деңгейде сөйлейді. Байланыс, ғылым, ақпараттық технологиялар, бизнес, ойын-
сауық және дипломатия тілі бола отырып, ол жаһандық коммуникацияның 
операциялық жүйесіне айналуда [178]. 
Education First (EF) жыл сайынғы есебіне сәйкес, Қазақстан ағылшын 
тілін меңгеру деңгейі бойынша басқа елдер арасында төменгі орынды алады. 
2020 жылы ол әлемнің 100 елі арасында ағылшын тілін меңгеру индексі 
тізімінде 92-ші орынға ие болды. Жағдай біршама қарама-қайшы болып 
көрінеді, өйткені көптілді білім беру Қазақстанның білім беру саясатындағы 
басым бағыттардың бірі болып табылады [179].
Ағылшын тілін үйренудің маңыздылығы оның халықаралық қарым-
қатынаста қолданылып, әрі әлем бойынша кең таралғандығынан туындап отыр. 
Әлемдегі ағылшын тілінде сөйлейтіндердің жалпы саны 1,5 миллиардқа 
бағаланса, оның ішінде ағылшын тілі ана тілі болып табылатын адам саны осы 
санның үштен бірінен де аз. Ағылшын тілі − халықаралық саяси істерде, 
дипломатияда, ғылымда, бизнесте және кез-келген трансұлттық институттарда 
қолданылатын негізгі тіл [180].
Осылайша, тілді меңгерудің жалпы деңгейін елдің осы саладағы жетістігі 
мен дамуына әсер ететін айнымалылардың бірі ретінде қарастыруға болады. 


63 
Ағылшын тілін жетік білетін елдер басқаларға қарағанда тезірек дамитыны 
және ағылшын тілін меңгеруге инвестиция салу экономикалық өсуге 
айтарлықтай ықпал ететіні анықталды. Сонымен қатар, ағылшын тілін білу 
еңбек нарығында, әсіресе дамушы елдерде Жеке табысқа жете алатын маңызды 
бәсекелестік артықшылық бәсекелестіктің талабы ретінде қарастырылады [181]. 
Осылайша, болашақ педагог-психологтарға ағылшын тілін үйренуді насихаттау 
және оған мүмкіндік туғызу оны адамдардың дағдысының негізгі элементіне 
айналдыру саяси және әлеуметтік-экономикалық маңызға ие етеді.
Сонымен, жоғарыда талданған көрсеткіштерді талдау бізге көрсеткіштер 
мен олардың мазмұны мен деңгейлерінің қысқаша сипаттамасын 6-кестеде 
жүйелі түрде беруге мүмкіндік берді.
6-кестеде көрсетілгендей, әрбір көрсеткіштерге сәйкес жаһандану 
жағдайында 
болашақ 
педагог-психологтардың 
кәсіби 
құзыреттілігін 
дамытудың үш деңгейін Б. Блумның оқу мақсаттарының дәстүрлі 
классификациясына негіздеуді жөн көрдік. Себебі бұл жүйе білімгерлердің 
құзыреттерінің даму деңгейлерін нақты өлшеуге мүмкіндік береді деп 
санаймыз.
Б. Блум 1956 жылы ойлау мінез-құлқының жіктелуін (немесе 
таксономиясын) фактілерді түсіндіруден талдау мен бағалау үрдісіне дейін 
ұсынды. Ол ақыл-ой дағдысының категорияларын әртүрлі деңгейдегі дағдылар 
ретінде қарастырады: қарапайым шеберліктен күрделіге дейін. Когнитивті 
саладағы мақсаттардың жіктелуі жоғары дамыған және жиі қолданылады, ол 
иерархиялық алты деңгейлі құрылым болып табылады [182]. Когнитивтік 
саладағы оқу мақсаттарының санаттары: 
– білу; 
– түсіну; 
– қолдану; 
– талдау; 
– жинақтау; 
– бағалау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет