Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет20/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70
29.05.2023 dis

инновациялық құзырет.
Әлем жаһандық сын-қатерлер кезеңін өткеруде. Бұл жаңа технологиялық 
жетістіктер мен инновацияларды енгізу, IT-технологияларды жедел дамытуды 
қажет етеді [129].
Жаһандану үрдісі күшейген сайын инновация елдер арасындағы 
бәсекелестіктің кілтіне айналды. Шетелдік ғалым Jian Li өзінің «Инновациялық 
құзырет моделі» еңбегінде философиялық академиялық зерттеулердегі 
инновациялар ескі нәрселерден, ескі теориялардан және ескі әдістерден тыс 


45 
жаңа нәрселерді, жаңа теориялар мен жаңа жолдарды құруды білдіреді деп 
тұжырымдайды [130]. 
Зерттеушілер Е.С. Симбирских мен Ю.Б. Суворов «Инновациялық 
құзырет» ұғымы негізінен менеджмент, бизнес туралы мақалаларда 
кездесетінін ерекше атап өте, инновациялық құзыреттілік - бұл маманның 
инновацияны тез және тиімді игеруіне ықпал ететін қабілеттер, қасиеттер мен 
дағдылардың жиынтығы екенін айқындайды [131]. 
Алайда, 
біздің 
ойымызша, 
болашақ 
педагог-психологтардың 
инновациялық құзыреттілікті игеру қажеттілігі-бұл тек қана жаңа нәрселерді, 
жаңа теорияларды және жаңа әдістерді құрумен ғана шектелмейді. Біз зерттеу 
жұмысымызда басшылыққа алған модель болашақ педагог-психологтардың 
инновациялық құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін үш дағдыға негізделген: 
сыни ойлау, зерттеушілік және кәсіпкерлік. 
Біздің 
ойымызша, 
жаһандану 
жағдайында 
болашақ 
педагог-
психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін қажет келесі құзырет − 
толеранттылық құзырет. Әрине, «толеранттылық» ұғымы зерттеу бағытының 
кең спектріне ие, сондықтан толеранттылық мәселесін дамытумен бірқатар 
ғылымдар айналысады: психология, әлеуметтану, құқықтану, өйткені бұл ұғым 
адам құқықтарымен, оның қоғамдағы өмір сүру ерекшеліктерімен және осы 
қоғамдағы қатынастарды реттеумен байланысты. 
Толеранттылық 
ұғымы 
өте 
кең 
ауқымды. 
Әр 
мәдениетте 
толеранттылықтың өзіндік анықтамалары бар, олар көп жағынан ұқсас және 
көбінесе адамды немесе құбылысты наразылықсыз қабылдауға, басқаның 
бостандығын құрметтеуге, рұқсат етуге, тануға, жомарттық, шыдамдылық, 
төзімділік, татуласуға дайын болу, басқа адамды қабылдау қабілеттеріне 
негізделеді. Толеранттылықты түсінудің әртүрлі тәсілдері − оның маңызды 
әлеуметтік құндылық, әлеуметтік өмір нормасы, адамдар арасындағы қарым-
қатынас 
пен 
мінез-құлық 
принципі 
және 
жеке 
қасиет 
ретінде 
қарастырылатындығын көрсетеді. Толеранттылықтың басты талабы − басқа 
адамды өзіне тең деп тануға бағытталған. Халықаралық қағида ретінде ол «біз 
бәріміз бір-бірімізден ерекшеленеміз, бірақ бәріміз теңбіз» деген тіркес түрінде 
анықталады. 
О.Ю. Коновалованың «толеранттылық» ұғымдарына жүргізілген талдауы 
осы ұғымның педагогикалық түсіндірмесін анықтады, мұнда толеранттылық 
бұл − қоршаған әлемге төзімді қатынастар жүйесін білдіретін тұлғаның 
интегративті сапасы ретінде қарастырылады [132]. 
Тұлғааралық қарым-қатынаста тепе-теңдікті орнату және адамдарды 
біріктіру, төзімділік, эмоционалды қатынас ретінде, өз сенімдері мен өзін-өзі 
сәйкестендіруге қатысты мәселелер мен жеңілдіктердің барлық түрлеріне 
келісуді, 
елемеуді 
немесе 
немқұрайлылықты 
білдірмейді, 
бірақ 
айырмашылықтарды мойындау және әртүрлі идеялар мен сәйкестіктерге 
төзімділік танытуды білдіреді [133]. 
Толеранттылық бұл − біреуге ұнамайтын немесе келіспейтін пікірлердің 
немесе мінез-құлықтың болуына төзімділік немесе дайындық [134]. 
Толеранттылық бұл − адамдар арасындағы айырмашылықтарды қабылдау. 


46 
Толерантты болу дегеніміз − адамдар көбінесе күткеннен өзгеше 
болатындығын түсіну [135]. Сондай-ақ, толеранттылық бұл − төзімділік; бұл 
басқа сенімге, басқа пікірге құрмет. Көпмәдениетті қоғамның қазіргі 
проблемалары тұрақты қатар өмір сүру үшін жалғыз төзімділік жеткіліксіз 
екенін 
көрсетеді; 
әртүрлі 
топтарды 
құрметтеуді 
үйрену 
керек. 
Толеранттылықтың тиісті дәрежесі тұлғааралық қатынастардың беріктігі мен 
оған қажетті алғышарт болып табылады [136]. 
Cонымен, толеранттылық ар-ождан мен сөз бостандығымен бірге 
адамның жалпыға бірдей қадір-қасиетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде 
келтірілген. Толеранттылық, ең алдымен, адамның төзімділікке деген 
көзқарасын немесе қасиетін көрсетеді. 
«Толеранттылық бұл − әр адамның ерекше екенін білу». Бұл қысқа, бірақ 
өте терең идея көп мәдениетті команданы басқару және дамыту тұрғысынан өте 
маңызды. Көпмәдениетті топтың көшбасшысы төзімділікті келесідей 
жағдайларда қолдана алады [137]: 
а) топтың барлық мүшелеріне өздерінің (ерекше) пікірлерін, қиялдарын, 
ұсыныстарын ешқандай сынсыз білдіруге мүмкіндік беретін жаңа шешімдер 
мен мүмкіндіктер табылған кезде; 
ә) жұмыс істеу және белгілі бір мақсаттарға жету кезінде барлық 
қатысушыларға өздерінің тәжірибелік әдістері мен қадамдарымен жеке 
қарқынмен жұмыс істеуге мүмкіндік беру; 
б) шығармашылық атмосфераны қорғау және топта қарым-қатынас 
орнату арқылы топ мүшелеріне басқаларға және олардың көшбасшысына 
түсіністік, шыдамдылық және дайындық туралы сұрауға мүмкіндік беріңіз және 
бір уақытта сұрау; 
в) топтың тиімділігін арттыру кезінде топ мүшелері арасындағы жұмыс 
пен қарым-қатынастағы кішігірім қателіктерді мойындау, бірақ ережелерді, 
нормаларды, күтілетін нәтижелерді және т. б. компрамиссіз сақтауды талап 
ету. 
Жоғарыда көрсетілген қабілеттер тек белгілі бір топты басқаруда ғана 
емес, белгілі бір ұжыммен немесе мектеп оқушыларымен жұмыс жасағанда
әсіресе, болашақ педагог-психологтар үшін аса қажет қабілеттер деп санаймыз. 
Себебі, қазіргі кезде толеранттылықтың, әсіресе, жасөспірімдермен жұмыс 
жүргізуде маңызды. Біздің ойымызша, білім беру, тәрбие беру үрдістері сенім, 
шыдамдылық, құрмет ұғымдарымен ұштастырылуы қажет, сонда ғана біз 
нәтижеге қол жеткізе аламыз. Ал бұл мәселедегі маңызды көпір ретінде 
педагог-психолог болуы әбден мүмкін, сол үшін де болашақ-педагог 
психологтарға толеранттылық құзыретін дамыту өте маңызды деп санаймыз.
Сонымен, толеранттылық жалпымәдени құзырет. Ол адамның тұлғалық 
дамуының негізі болып табылады және адамдарға деген құндылық көзқарасқа 
негізделеді. Яғни, адам өзінің жеке өмірлік ұстанымдары бола тұра, басқа 
адамдардың өзгеше көзқарастарын, түсініктерін, іс-әрекеттерін құрметпен 
қабылдайды және әртүрлі көзқарастар негізінде қарым-қатынас құра алады.
Жаһандану 
жағдайында 
болашақ 
педагог-психологтың 
кәсіби 
құзыреттілігінің үшінші құрамдас бөлігі – дүниетанымдық құзырет. 


47 
Қазіргі белсенді дамып келе жатқан қоғамда жүйелік трансформациялық 
процестер жағдайында, қоғам өмірінің барлық салаларын, оның ішінде білім 
беруді 
қамтитын 
ғылыми-технологиялық 
және 
әлеуметтік-мәдени 
жаңғыртудың тиімді жолдарын үздіксіз іздеу жүргізілуде. 
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-
техникалық, қоғамдық және басқа да қызмет салаларындағы инновациялық 
белсенділігін, еңбекке және шығармашылыққа деген ынтасын, рухани 
адамгершілік, 
азаматтық-патриоттық, 
эстетикалық 
қабілеттерін 
қалыптастыруды қамтамасыз ететін жеке тұлғаны қалыптастыру өте маңызды 
болып табылады [138].
Осындай нәтижеге қол жеткізу өсіп келе жатқан тұлғаның қоршаған 
әлемді тану, ақиқатты және өзін-өзі тану, баға беру, ережелерді тұжырымдау 
және құру қажеттілігін өзектендіру негізінде мүмкін болады. Субъектінің 
жоғарыда аталған іс-әрекетке қабілеттілігі оның дүниетанымын жеке сананың 
өзегі ретінде қалыптастырады. 
«Дүниетанымдық құзырет» терминін Longview қоры «Әлем өңірлері, 
мәдениеттер мен жаһандық мәселелер туралы білім, сондай-ақ жауапты және 
тиімді өзара іс-әрекет жасау біліктері мен дағдыларының жиынтығы» ретінде 
анықтайды [139]. Сәйкесінше, Мансилла мен Джексон бұл терминді адамның 
ғаламдық маңызы бар мәселелерді түсіну мен іс-әрекетке деген қабілеті және 
көзқарасы ретінде сипаттайды және бұл 21 ғасырда өмір сүру үшін қажет білім 
мен дағдыларды қамтитынына ерекше назар аударады [128, р. 3-130]. 
Мансилла мен Джексонның пікірінше, дүниетанымы жоғары дәрежеде 
дамыған білімгер білуі қажет: 
1. Қоршаған ортадан тыс әлемді зерттеу, маңызды мәселелерді 
тұжырымдау және жақсы ойластырылған және жасына сәйкес зерттеулер 
жүргізу. 
2. Басқа адамдардың және өз көзқарастарын тану, тұжырымдау және 
мұндай көзқарастарды мұқият және құрметпен қабылдау. 
3. Әртүрлі аудиторияға идеяларды тиімді жеткізу, географиялық, тілдік, 
идеологиялық және мәдени кедергілерді жеңу. 
4. Өзін әлемдік аренада ойыншы ретінде қарастыру арқылы жағдайды 
жақсарту үшін шаралар қолдану [128, р. 10-25].
Сандра Н. Руссоның пайымдауынша дүниетанымы кең студент 
халықаралық өзара түсіністік құндылығын өзі үшін де, өзінің жеке өзін-өзі 
жүзеге асыруы үшін де мойындайды. Осылайша, дүниетанымның 
маңыздылығы тек оқуды аяқтағаннан кейін жақсы жұмысқа орналасуға 
кепілдік береді деген түсінікке негізделмейді. Жаһандық сауатты білім алушы 
өмір бойы осы белгіленген шеңберге сүйенеді. Жаһандық бәсекеге ие 
университетте оқу нәтижесінде білімгер үлкен қоғамдық игілік істер үшін жеке 
құзыреттіліктерді пайдаланады. Болашақта білімгер жергілікті және жаһандық 
деңгейде өз үлесін қоса алатын жаһандық құзыретті азамат болады деп 
күтіледі [70]. 
Ресейлік ғалым педагог-психолог Н.С. Куклина дүниетанымдық 
құзыретке келесідей анықтама береді: «Дүниетанымдық құзырет бұл − нақты 


48 
дағдылар емес, ол өзге мәдени ортаға жататын адамдармен жеке немесе 
виртуалды өзара іс-әрекет кезінде және ұлттық шекарасы жоқ әрі қазіргі және 
болашақ ұрпақтың өміріне әсер ететін жаһандық мәселелерді шешуге қатысу 
кезінде қолданылатын білім, білік, көзқарас пен құндылықтардың 
үйлесімі» [140]. 
PISA зерттеуіндегі дүниетанымдық құзыреттілік келесі құзыреттерді 
қамтитын көп өлшемді қабілет ретінде анықталады: жаһандық және 
мәдениетаралық 
мәселелерді 
зерттеу, 
әртүрлі 
дүниетанымдар 
мен 
перспективаларды түсіну және бағалау, басқалармен сәтті және құрметпен 
өзара әрекеттесу және ұжымдық әл-ауқат пен тұрақты даму үшін әрекет 
ету [141]. 
Дүниетанымдық құзырет көп қырлы құрылым ретінде жүзеге асырылады, 
ол көбінесе мәдениетаралық құзыреттілік сияқты альтернативті терминдермен 
алмастырылып қолданылады [142]. Қазіргі уақытта дүниетанымдық құзыреттің 
бірыңғай анықтамасы, сондай-ақ дүниетанымдық құзыретті деп танылуы 
мүмкін дүниетаным мен мінез-құлыққа қатысты консенсус жоқ. Сонымен 
қатар, дүниетанымдық құзыреттілік қандай да бір түрде білімнің, дағдылардың 
және көзқарастардың аспектілерін қамтиды және соған сәйкес сипатталуы 
мүмкін деген кең таралған пікір болуы мүмкін. Дүниетанымдық құзырет 
адамның әртүрлі ортадағы адамдармен өнімді және құрметті қарым-қатынасқа 
түсуіне және инклюзивті және тұрақты қоғамға ұмтылуына мүмкіндік беретін 
дағдыларды, білім мен көзқарастарды қамтиды деп мәлімдейді. Алайда, бұл 
анықтамалар әлемді түсінуге, позитивті қатынастарға және қоғамға бейімделуге 
ықпал етудің жалпы мақсатын көздейді.
Осы тақырып бойынша көптеген әдебиеттерді зерттей отырып, Leal, 
Gómez және Toma дүниетанымдық құзыретті жаһандық құзыретпен 
байланыстыра келе, өмір бойы оқытудың мақсаты ретінде түсіндіруді ұсынды, 
ол өзін-өзі көрсетуден басталады, жеке тұлғаның жергілікті, жаһандық және 
мәдениетаралық мәселелерді тануға, жаһандық өзара тәуелділікті, әртүрлі 
көзқарасты түсінуге және бағалауға қабілеттілігі мен дайындығына ықпал етеді. 
Әлеуметтік әділеттілік пен жер шарының тұрақтылығына ұмтылатын 
трансформацияға қабілетті адамдар болу мақсатында теңдік пен құрмет 
жағдайында оң қарым-қатынас орнату деп түсіндіреді [143]. 
Шын мәнінде, «дүниетанымдық құзырет» феномені Қазақстан үшін 
ерекше өзекті, себебі бүгінде Қазақстан әлемдік білім беру және ақпараттық 
кеңістікке кірігіп, көп мәдениетті әлемде еркін бағдарлай алатын заманауи 
маманның тұлғасын қалыптастырудың жаңа жолдарын іздеуде. Әрине, жоғары 
білім берудің жаһандануы студент алмасу және ынтымақтастық туралы 
келісімдерге қол қоюмен ғана шектелмейді. Бұл үрдіс мемлекеттік деңгейде де, 
білім беру мекемелері деңгейінде де ғылыми және білім беру қызметінің 
барлық аспектілеріне халықаралық стандарттарды енгізуді көздейді. Қазақстан 
үшін бұл өзгерістер түлектердің жаһандық деңгейде қызмет атқаруға, сондай-ақ 
халықаралық деңгейде танылған ғылыми қызметті жүзеге асыруға қажетті 
құзыреттердің кең жиынтығына толық көлемде ие болуы тиіс екенін білдіреді. 
Қазақстан университеттерінің сапасын арттыру, шетелдік студенттер мен 


49 
оқытушыларды тарту, сондай-ақ шетелде қазақстандық мамандардың 
сұранысын арттыру үшін халықаралық тәжірибе мен шетелдік сарапшыларды 
пайдалану.
Осы зерттеу нысанындағы зерттеушілердің зерттеулеріне сүйене отырып, 
біз «дүниетанымдық құзырет» ұғымын белгілі бір дағды және басқа мәдени 
ортаға жататын адамдармен жеке немесе виртуалды өзара әрекеттесуде және 
жеке тұлғалардың қатысуымен сәтті қолданылатын білім, дағды, көзқарас, 
құндылықтар жиынтығы ретінде анықтадық.
Жоғарыда көрсетілген талдауға сәйкес, әлемді зерттеу, перспективаларды 
таразылау, идеялармен бөлісу, әрекет ету және тәжірибені қолдану біліктерін 
игеру үшін болашақ педагог-психолог меңгеруі тиіс инновациялық, 
толеранттылық (тұлғалық сапа) және дүниетанымдық құзыреттердің жиынтығы 
қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде болашақ педагог-психолог кәсіби 
қызметін ұтымды жүзеге асыруда аса маңызды деп есептейміз. 
Сонымен, жоғарыда берілген педагог психологтың кәсіби портретіне (1-
сурет), жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігінің құрылымына (2-сурет) жасалған талдаулар бізге жаһандану 
жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін анықтауға 
және мәндік сипаттамасын беруге мүмкіндік берді (3-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет