Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет19/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   70
29.05.2023 dis

1. Әлемді зерттеу. Бұл бағытқа сәйкес болашақ педагог-психологтар өз 
сұрақтарының маңыздылығын нақты дәлелдей алады және әртүрлі жергілікті, 
ұлттық және халықаралық дереккөздерден, соның ішінде бірнеше тілде сенімді 
ақпаратты анықтау, жинау және талдау арқылы осы сұрақтарға қалай жауап 
беру керектігін біледі. Олар жергілікті мәселені жаһандық мәселемен 
байланыстыра алады, мысалы, университеттегі қоқысты қайта өңдеу жобасы 
сияқты жергілікті мәселе олардың оқу орнынан тыс жаһандық процестің бір 
бөлігі екенін жақсы түсінеді. 


43 
2. Перспективаларды таразылау.
Болашақ мамандар өздерінің белгілі бір 
көзқарасы бар екенін және басқалар оны бөлісуі немесе бөліспеуі мүмкін екенін 
мойындайды. Олар басқа адамдардың, топтардың көзқарастарын тұжырымдап, 
түсіндіре алады және осы көзқарастарға әсер ететін факторларды, соның ішінде 
білімге, 
технологияға 
және 
ресурстарға 
қол 
жеткізу 
адамдардың 
көзқарастарына қалай әсер ететінін анықтай алады. Олардың басқа адамдардың 
көзқарастарын түсінуі басқа мәдениеттер туралы, сондай-ақ қазіргі оқиғалар 
туралы терең тарихи білімге негізделген. 
3. Идеялармен бөлісу.
Бұл параметрге сәкес болашақ педагог-психологтар 
әр халықтың мәдениеті, географиясы, сенімі, идеологиясы, байлығы және басқа 
факторлары бойынша ерекшеленетінін және олар бір ақпаратты өзгеше 
қабылдай алатынын түсінеді. Олар әртүрлі мәдениет өкілдерімен тиімді түрде 
тілдесе алады. Ағылшын тілі әлемде кең таралған сауда және коммуникация 
тіліне айналғандықтан, жаһандық білімі бар студенттер кем дегенде ағылшын 
тілін шет тілі ретінде меңгерген. 
4. 
Әрекет ету.
Болашақ педагог-психологтар өздерін сырттан 
бақылаушылар емес, әрекет етушілер ретінде көреді. Олар мүмкіндіктерді 
жақсы қабылдайды− адам құқықтарын мақсатты қорғаудан бастап, бизнеске 
қажет дайын өнімді құруға дейін. Жалғыз немесе топта, жаһандық, этикалық 
және шығармашылық тұрғыдан сауатты студенттер қадамдарын дәлелдер мен 
түсініктерге сүйене отырып таразылай алады. 
5. Тәжірибені қолдану.
Бұл болашақ педагог-психологтардан кез келген 
мәселенің өзара байланысын және оның кең ауқымын, сондай-ақ кейбір 
нюанстарын түсіну үшін пәнаралық призма арқылы әлемдік жағдайларды, 
проблемалар мен тенденцияларды түсіну қабілетін талап етеді. Бәсекелестік 
басым әлемде не болып жатқанын білетін білімгерлер, экологиялық, қаржылық, 
әлеуметтік және басқа жүйелердің өзара байланысын түсінеді және қоғамдар 
мен мәдениеттер арасындағы күштердің салыстырмалы тепе-теңдігінің 
айтарлықтай қысқа және ұзақ мерзімді салдары бар екенін жақсы түсінеді. 
Осы аталған біліктерді игеру үшін болашақ пелагог-психолог дәстүрлі 
академиялық құзыреттерден тыс жаһандық талаптарға жауап беретін 
құзыреттер мен тұлғалық сапаларды дамыту қажет деп санаймыз. Сондықтан 
да, болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін жаһандық 
талаптарға сәйкестендіру үшін, яғни, ғаламдық тәжірибенің өзгеруіне, білім 
беру қызметтерін қайта жаңартуды жүзеге асыруға, білім беру үрдісіне 
инновациялардың енгізілуіне, әлеуметтік талаптардың деңгейінің өсуіне жауап 
беретін инновациялық, толеранттылық және дүниетанымдық құзыреттер 
жиынтығын қарастыру өте маңызды болып табылады. Осы айтылғандарға 
сәйкес жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін төмендегідей 2-сурет түрінде бейнеледік. 


44 
Сурет 2 − Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігінің құрамы 
Білім мен ғылымдағы жаңарулар мен өзгерістер инновацияға бағытталған 
мемлекет құруда маңызды рөл атқарады. Ал, педагог-психологтар ғылым мен 
білім беру саласындағы инновацияларға бағытталған мемлекеттің дамуында 
өте маңызды миссияны орындайтыны сөзсіз. Жаңашыл педагог-психологтарды 
даярлау мәселесі маңызды және өзекті мәселе болып табылады және біз 
болашақ педагог-психологтардың инновациялық құзыретінің маңыздылығын 
түсіну жаңашыл мамандарды дамытудың алғышарты мен негізі деп санаймыз. 
Сондықтан да біздің ойымызша, жаһандану жағдайында болашақ педагог - 
психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін қажет құзыреттердің бірі - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет