Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет5/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
29.05.2023 dis

КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңда кәсіпқойлық – маманның бәсекеге 
қабілеттілігінің маңызды шарты, жұмысқа орналасуының өзіндік кепілі, ұлттық 
еңбек нарығының тиімді жұмыс істеуінің негізгі факторы болып табылады. 
Осыған байланысты білім беру мен ғылым салалары үшін жоғары білімді және 
жоғары білікті мамандар ұлттық еңбек нарығындағы мемлекеттік саясаттың 
ажырамас құрамдас бөліктерінің біріне айналуда. Бұдан бөлек, жоғары білім 
берудің басым міндеті қазақстандық білім беру мен ғылымның жаһандық 
бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
ҚР Президенті Қасым − Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі 
реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халқына жолдауында еліміздің 
болашағын қазақстандықтардың әлеуетін ашу үшін жаңа мүмкіндіктер құрумен 
байланыстыра келе, қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектің білімі еңбек 
нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз болып қалу мүмкіндігін алға тартып, 
құзырлы министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу 
міндеті тұрғанына тоқталды [1].
Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 
2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында «2029 жылға дейін жоғары 
білім беруді дамыту саясатын іске асыру заңнамалық негізді, ЖЖОКБҰ-ның 
дербестігін, университеттер мен ғылыми институттарға таланттарды тартуды, 
білім мен құзыреттілік деңгейін арттыруды, жаһандық құзыреттерді ескере 
отырып, дамушы технологиялар мен болашақ экономикасына негізделген 
ЖЖОКБҰ-ның заманауи білім беру бағдарламаларын қамтамасыз етуге 
бағытталған», – деп көрсетілуі [2], өз кезегінде, болашақ педагог-
психологтардың бәсекеге қабілетті болуын, кәсіби құзыреттілігін дамытудағы 
жаңашыл, жаһандық талаптарға сәйкес жолдарын қарастыруды талап етеді.
Педагог-психологтардың кәсіби қызметі мен еңбек функциялары оның 
кәсіби стандартында бекітілген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Болашақ 
педагог-психолог білім беру процесіне қатысушылардың қиындықтарын 
айқындау 
және 
диагностикалау, 
білім 
беру 
және 
әдістемелік- 
ұйымдастырушылық қызметі кезінде психологиялық көмекті көрсетуді 
қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орнында дайындықтан өтеді [3].
Осыған орай, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының
«Қазақстандық ЖОО-ның бәсекеге қабіліттілігін арттыру» міндетінің үшінші 
іс-шарасы ретінде дағдылар мен құзыреттіліктерді дамыту бойынша үздіксіз 
білім беруді қамтамасыз ету, оның ішінде техникалық және кәсіптік, жоғары 
және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектерін қолдау 
және «апгрейд» көрсетілген [4]. Бұл дегеніміз – білім сапасын көтерудегі 
құзыреттілікті дамытудың өзектілігін дәлелдейді. Олай болса, кәсіби 
құзыреттілік қазіргі заманғы педагог-психологтардың кәсіби қызметіндегі 
негізгі шарттардың бірі болып табылады. 
Жоғарыда аталған мәселелер өзектілігінің құндылығын Қазақстан 
Республикасы «Білім туралы» Заңы [5], Жоғары және жоғары оқу орнынан 
кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты [6], Мектепке 



дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық 
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандарттары және т.б. мемлекеттік құқықтық-нормативтік құжаттар 
да айқындай түседі [7]. 
Кәсіби қызметті жеке тұлғаның мәдениеті ретінде анықтай отырып, 
кеңестік және ресейлік философтар В.Г. Афанасьев [8], А.Н. Аверьянов [9], 
В.Н. Садовский [10], Э.Г. Юдин [11] мен отандық философтар Ж.М. Абдильдин 
[12], К.А. Абишев [13], А.С. Балгимбаев [14] ашық ұтымдылық тәсілдері 
аясында білім беру тұжырымдамаларын қалыптастыруда жеке тұлғаның 
қажеттіліктерін ескеруді алға тартады. Бұл тәсіл кәсіби білім беруді ашық жоба 
ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мұнда өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігі 
қалыптасқан құзыреттілікке тікелей байланысты. 
Ғылым мен практикада, мамандардың кәсіби қызметін ұйымдастыруда 
әртүрлі ұстанымдар қалыптасқан. Кәсіби дайындық – еңбек қызметінің бір 
саласы үшін маман қалыптастыру үрдісі, ең алдымен, психологиялық 
аспектімен байланысты болып табылады. Бұл бағытта зерттеу жүргізген 
психолог-ғалымдар арасында С.Л. Рубинштейн [15], Б.Г. Ананьев [16], 
Л.И. Божович [17], А.Н. Леонтьев [18]; қазақстандық ғалымдар арасында 
Ж.И. Намазбаева [19], Н.Қ. Тоқсанбаева [20], Р.К. Аралбаева [21] сынды 
ғалымдарды атап өту қажет. 
Зерттелетін мәселені педагогикалық тұрғыдан терең және жан-жақты 
зерттеуге Ю.К. Бабанский [22] өз еңбектерінде назар аударады. Н.В. Кузьмина 
[23] мұғалімнің кәсіби қызметінің құрылымын зерттеу бойынша үлкен жұмыс 
атқарды. Кәсіби қызметте мұғалімнің жеке басының ерекшеліктерін зерттейтін 
В.А. Сластениннің [24] зерттеулері ерекше назар аударуға тұрарлық. 
Р.И. Хмелюк [25] өз зерттеулерінде мұғалімдердің, кәсіби іріктеуіне ерекше 
назар аударуды ұсынады, Ю.А. Конаржевский [26] мұғалім қызметінің 
тиімділігі педагогикалық еңбектің ғылыми ұйымдастырылуына байланысты 
екенін 
дәлелдеді. 
В.П. Беспалько 
[27] 
педагогикалық 
шеберлікті 
қалыптастыруға баса назар аударады. Бұл зерттеулер ғалым педагогтардың 
кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мен дамыту мәселелерін зерттеуге негіз 
болды. 
Қазақстанда 
педагогикалық 
кадрларды 
дайындау 
мәселесінің 
әдіснамалық-теориялық негіздерін анықтауда Н.Д. Хмель [28], К.С. Оспанов 
[29], Ж.А. Караев [30], Н.Н. Хан [31] өз үлестерін қосқан. 
Cалыстырмалы түрде педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін 
дамыту мәселесі жаңа әрі кешенді екені сөзсіз. Себебі бұл бізден бірнеше 
топтағы ғылыми әдебиеттерге жүгінуді талап етті. 
Ең алдымен мамандардың құзыреттілігін түрлі аспектіде зерттеген 
ғалымдар К.С. Құдайбергенева [32], Г.Ж. Меңлібекова [33], Ш.Т. Таубаева [34], 
С.С. Құнанбаева [35], Э.Б. Жалолова [36], Г.Ж. Джадрина [37], Д.Т. Қаңлыбаева 
[38], А.И. Турчинов [39], А.В. Хуторской [40], И.А. Зимняя [41], Ю.В. Варданян 
[42], P. Vare [43], R. Boyatzis [44]; құзыреттілік мәселесін педагогикалық 
тұрғыдан қарастырған ғалымдар қатарында Горбунова Н.В. [45] (құзыреттілік 
көзқарас призмасы арқылы педагогикалық білім беру), Н.В. Евдокимова [46] 



(қазіргі, 
педагогикалық 
практикада 
«құзыреттілік» 
және 
«құзырет» 
ұғымдарының қалыптасуы), Шадриков В.Д. [47] (педагогикалық қызметтің 
негізгі құзыреттері) сынды ғалымдардың еңбектерін ескерген жөн. 
Педагог-психологтардың кәсіби қызметінің әдістемесі келесі отандық 
зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапты: Р.К. Толеубекова [48], 
А.Ж. Жақсыбаева [49], Б. Бақытбекқызы [50], А. Магауова[51], Ж. Салханова 
[52], А. Сапаргалиева [53].
Педагог-психологтардың кәсіби қызметін зерттеу нысанына алған 
шетелдік зерттеушілердің қатарында: L.F. Lowenstein [54], Yu.M. Zabrodin [55], 
Juan Fernández [56], Е. Славутская [57], Д. Давыдов [58], В. Чмыхова [59] 
сынды ғалымдардың еңбектерін атап өткен жөн. 
Республикада болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін 
қалыптастыру мен дамыту мәселесінің кейбір аспектілері зерттеледі. Бұл 
мәселені қарастыруда келесі ғалымдар елеулі үлес қосты: болашақ педагог-
психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру (П. Абдуллаева) 
[60], болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың 
педагогикалық шарттары (А. Аманова) [61], болашақ педагог-психологтардың 
кәсіби құзыреттілігін көптілді білім беру жағдайында қалыптастыру 
(Т.М. Есимгалиева) [62], болашақ педагог-психологтардың коммуникативті 
құзыреттіліктері (А.М. Гани, А.Ж. Аяганова) авторлардың еңбектерінде 
қарастырылған [63]. 
Шетелдік ғалымдар арасында: «Болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігі» (Е.В. Барышникова) [64], «Жаңа білім беру жағдайында педагог-
психологтың кәсіби құзыреттілігі» (Е.М. Фещенко) [65], «Болашақ педагог 
психологтардың өзіндік білім беру қызметіндегі кәсіби құзыреттілігін 
қалыптастырудың педагогикалық шарттары» (З.М. Алисултанова) [66], 
«Педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігінің өлшемдері» (A.A. Margolis) 
[67], «Студенттер тұрғысынан қарастырылатын педагогикалық психология 
саласындағы кәсіби құзыреттер» (Verónica Marín, Ignacio González López, Jorge 
F. Figueroa Flores) зерттеушілердің еңбектерінде жан-жақты зерттелген [68]. 
Диссертациялық жұмысымызда, біз, болашақ педагог-психологтардың 
кәсіби құзыреттілігін дамытуды жаһандану жағдайы тұрғысынан зерттедік. Ал, 
жаһандану, өз кезегінде, бұл – жан-жақты, кең ауқымды үрдіс. Оны біз
халықаралық қатынастарды, экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени 
үрдістерді интернационалдандырудың қазіргі кезеңі ретінде қарастырамыз. 
Білім беру жүйесінде жаһандану үрдісінің нәтижесінде «жаһандық білім беру», 
ұғымы пайда болды. Жаһандық білім беру-бұл болашақ мамандарға өз ойлары 
мен өзара байланысты жаһандық қоғамдағы өзіндік рөлімен бөлісуге және 
әлеуметтік, экологиялық, саяси және экономикалық күрделі мәселелердің 
байланысын түсіне отырып, талқылау үшін ойлаудың жаңа тәсілдерін 
қалыптастыру мүмкіндігі.
Жаһандану жағдайында білім беру мәселесін зерттеуде өз үлесін қосқан 
ғалымдар қатарына: P. Scott [69], Sandra L.Russo [70], Sadegh Bakhtiari [71], 
Wing On Lee [72], H.M. Alhothali [73], K.R. Breitkreuz, T.D. Songer [74] 
С.В. Камашев [75], К. Оразбаева кіреді. 


10 
Мәселе бойынша әдебиеттерге арнайы шолу бұл ғылыми жұмыстардың 
барлығы ерекше ғылыми қызығушылық тудыратынын және қарастырылып 
отырған мәселенің өзектілігін көрсетеді. 
Аталған ғылыми еңбектердің ішінде біздің зерттеу жұмысымызда 
қарастырылып отырған мәселеге жақын келетін ғылыми еңбектің авторы 
К. Оразбаеваның «Жаhандану жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби 
құзыреттілігін қалыптастыру» атты диссертациялық жұмысына арнайы талдау 
жасап, біздің ғылыми еңбектен ерекшеліктерін айқындауды жөн көрдік [76].
Біріншіден, ғалым К. Оразбаева [76, б. 3-156] өзінің диссертациялық 
жұмысының субъектісі ретінде болашақ мұғалімдерді қарастырған. Ал, 
«Педагог» кәсіптік стандартына сәйкес, мектеп педагогы мамандығының кәсіби 
қызметіне: оқу процесін жүзеге асыру, білім алушылардың оқу жетістіктерін 
бағалау, мамандыққа деген қоғамдық сенімді қолдау және білім алушыларды 
құндылықтармен қызықтыру, оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру кіреді. 
Яғни мектеп педагогының қызметінің негізгі мақсаты − білім алушының жеке 
басының білімін, іскерлігін, дағдыларын және интеллектуалдық, адамгершілік, 
шығармашылық және физикалық дамуын қалыптастыру болып табылады. 
Ендігі кезекте, осы стандартқа сәйкес, педагог-психологтардың кәсіби қызметін 
қарастыратын болсақ, педагог-психолог білім беру үрдісіне қатысушылардың 
қиындықтарын 
айқындау 
және 
диагностикалау, 
білім 
беру 
және 
ұйымдастырушылық-әдістемелік қызмет кезінде психологиялық көмекті 
сүйемелдеуді қамтамасыз етуді мақсат ете отырып, келесі кәсіби қызмет 
түрлерін жүзеге асырады: психологиялық-педагогикалық бейіні мен мақсатына 
диагностика жүргізу, білім беру үрдісіне қатысушыларға психологиялық-
педагогикалық көмекті көрсетуді, білім беру ортасын құру жағдайында 
психологиялық-педагогикалық мониторинг жүргізу, білім беру қызметінде 
дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауда оқу-әдістемелік жұмысты 
қамтамасыз ету. Демек, К. Оразбаеваның диссертациялық жұмысының зерттеу 
пәні болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру болып 
табылады, яғни, екі еңбекте зерттеу нысанына алынып отырған болашақ 
мұғалімдер мен болашақ педагог-психологтардың болашақ кәсіби қызметіндегі 
функциялары ерекшеленеді және сәйкесінше кәсіби құзыреттілікке деген 
пайым мен тұғырлар да әртүрлі болатыны сөзсіз. 
Екіншіден, автор К. Оразбаева өзінің диссертациялық жұмысында 
жаһандану жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін пәнін 
ғаламдық мәселелерге бағыттай алуға негіз болатын білімдері, ақпараттық, 
мәдениаралық 
қарым-қатынас 
біліктері, 
жергілікті 
және 
ғаламдық 
жауаптылықты сезіну қабілеттерінен тұратын, әлем азаматын қалыптастыруға 
дайындығын көрсететін олардың кіріктірілген күрделі cапасы ретінде 
түсіндіреді. Яғни, берілген ғылыми еңбекте жаһандану жағдайында болашақ 
мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруды бірнеше тілдерді 
меңгерумен, соның арқасында мәдениетаралық біліктері, ғаламдық ортамен 
тиімді әрекеттесе алу біліктері, ақпараттық сауаттылық, қоғам алдындағы 
азаматтық борышын атқарудағы, және өзіне жүктелген жауапкершілікті сезіну 
сияқты сапаны өзгеріп жатқан әлемнің білім беру кеңістігіндегі педагогикалық 


11 
әрекетте жүзеге асыруда көрінетін мұғалімнің кәсіби даярлығының көрсеткіші 
ретінде ұсынылады. Ал біз өзіміздің диссертациялық жұмысымызда жаһандану 
жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға 
және біздің ойымызша олардың болашақта жаһандану жағдайында ұтымды 
еңбек етуге кепіл бола алатын үш нақты құзыретті (инновациялық, 
толеранттылық және жаһандық) және әрқайсына тиесілі өлшемдерді 
(инновациялық – сыни ойлау, зерттеушілік, кәсіпкерлік; толеранттылық – 
эмпатия, өзін-өзі дамыту, шиеленістерді шешу; жаһандық – әлемді тану, 
мәдениетаралық коммуникация, шет тілін меңгеру) ұсынамыз және бұл 
өлшемдер жаһандық талартарға сай кәсіби құзыреттілігін шыңдаған 
білімгерлердің артықшылығын нақты дәлелдеуге мүмкіндік береді деп 
есептейміз. 
Үшіншіден, екі диссертациялық жұмыста зерттеу бағытына сәйкес 
таңдалған әдістемелер мен сауалнамалар, тесттер өзгеше. Зерттеуші 
К. Оразбаева ғылыми тұрғыдан дәлелденген төрт әдістемені іріктеп алып, 
авторлық сауалнама әзірлеген. Оның ішінде: Т.И. Ильиннің «ЖОО-да білім алу 
мотивациясын зерттеу» әдістемесін, «Өзіндік даму деңгейін анықтау 
диагностикасы» 
(Е.П. 
Никитин, 
Н.Е. Харламенкова) 
сауалнамасын, 
Е.И. Роговтың «Өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізге баға беріңіз» 
сауалнамасын және «Дж. Роттер бойынша бағалау локусын зерттеу» 
әдістемесін негізге алған. Ал біз өзіміздің зерттеу жұмысымыздың 
құрылымдық-мазмұндық моделдің тиімділігін дәлелдей алатын соңғы 
жылдардағы шетелдік ғалымдардың авторлық сауалнамаларын бейімдеп, 
қолдандық. Ұсынылған үш құзыретке тиесілі жалпы саны тоғыз өлшемге 
арнайы жеке әдістеме таңдалып, диагностика жүргізілді.
Берілген талдауда біз екі жұмыстың тек кейбір өзіміз маңызды деп 
санайтын аспектілеріне тоқталып өттік. Талдаудан көріп отырғанымыздай, екі 
ғылыми 
жұмыстың 
тақырыбының 
ұқсастығына 
қарамастан, 
бұл 
диссертациялық жұмыстардың мазмұны, құрылымы, негізгі қағидалары мен 
ғылыми жаңалықтары мүлдем өзгеше әрі дербес. Дегенмен, біз ғалым 
К. Оразбаеваның «Жаhандану жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби 
құзыреттілігін қалыптастыру» атты диссертациялық жұмысының ғылыми 
маңыздылығын ескере отырып, жаһандану жағдайында болашақ мамандардың 
кәсіби құзыреттілігін зерттеу мәселесіне зор үлесін қосты деп есептейміз. 
Сонымен, зерттеу барысында, жаһандану жағдайында болашақ педагог-
психологтардың кәсіби құзыреттілігінің құрылымы қандай болуы қажет, бұған 
дейін зерттелген ғылыми жұмыстардағы ұсынылған болашақ маманның кәсіби 
құзыреттілік мәселесі жаһандық талаптарға сәйкес қалай өзгеруі тиіс деген 
сияқты көптеген сұрақтар туындайды. Сондықтан, біздің ойымызша, жоғары 
оқу орындарында болашақ педагог-психологтарды қазіргі жаһандану 
жағдайында кәсіби қызметке дайындау үрдісін жаһандық талаптарға сай қайта 
қарау, оның теориясы мен ғылыми-әдістемелік негіздерін жаңарту мәселесі 
даярлау аспектісі және «жаһандық талаптарға сәйкес кәсіби құзыретті» 
түлектерді даярлау мүмкіндігі мен қажеттілігі жаңа әрі зерттеу үшін маңызды 
мәселе болып табылады.


12 
Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерге жасалған талдау болашақ 
педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мен дамыту 
мәселесінің кейбір аспектілерінің зерттелгендігін, «құзыреттілік», «кәсіби 
құзыреттілік» мәселелерінің басым зерттелгендігін көрсетті. Алайда болашақ 
педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін жаһандық талаптарға сәйкес 
дамыту мәселесі ғылыми әдебиеттерде қарастырылмағандығы осы процесті 
теориялық тұрғыдан зерттеп, оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыздандыру 
қажеттілігін байқатады. Осы тұрғыдан қоғам сұранысы мен бүгінгі ғылым мен 
практика арасында келесідей қарама-қайшылықтар бар екендігі анық: 
а) болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін жаһандық 
талаптарға сәйкес дамытуға қоғамның сұранысы мен оны дамытуға болашақ 
педагог-психологтардың 
дайындығы 
мәселесінің 
зерттелу 
деңгейінің 
жеткіліксіздігі арасында; 
ә) жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамыту мәселесін зерттеу қажеттілігі мен оның теориялық 
негіздерінің айқындалмауы арасында; 
б) жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамытуда жоғары оқу орындарындары білім беру процесінің 
жоғары мүмкіндіктері мен оны жүзеге асыру әдістемесінің жасалмауы 
арасында. 
Осы аталған қарама-қайшылықтар зерттеу жұмысының өзектілігін 
арттырады және жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың өз 
кәсіби іс-әрекетін тиімді атқарудың мазмұны мен қажетті құзыреттердің 
құрамын анықтауды, оны кәсіби білім алу барысында дамытудың шарттары 
мен әдістемесін айқындауды қажет етеді және зерттеу мәселесін туындатады.
Сол 
себепті, 
мәселенің 
көкейкестілігі 
мен 
аталған 
қарама-
қайшылықтардың шешімін іздестіру диссертациялық жұмыстың тақырыбын 
«Жаһандану 
жағдайында 
болашақ 
педагог-психологтардың 
кәсіби 
құзыреттілігін дамыту» - деп таңдауға негіз болды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет