Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет6/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
29.05.2023 dis

Зерттеудің мақсаты: жаһандану жағдайында болашақ педагог-
психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеу, 
әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде 
тексеру. 
Зерттеу нысаны: болашақ педагог-психологтарды кәсіби даярлау 
процесі.
Зерттеу пәні: жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың 
кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, теориялық-әдіснамалық талдаулар 
негізінде жаһандану жағдайындағы болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігі ұғымының мәні нақтыланса, оның дамуының көрсеткіштері мен 
деңгейлері айқындалса, аталған дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі 
жасалса және оны жүзеге асырудың әдістемесі әзірленіп, оның тиімділігі 
тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерілсе, онда болашақ педагог-
психологтардың жаһандық білім беру талаптарына сәйкес инновациялық, 
толеранттылық, дүниетанымдық құзыреттері деңгейі жоғарылайды, өйткені 


13 
аталған дамыту процесі тұжырымдамалық, мазмұндық, нәтижелік тұрғыдан 
қамтамасыздандырылады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігі ұғымының мәнін нақтылау. 
2. Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігі дамуының көрсеткіштері мен деңгейлерін айқындау.
3. Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау. 
4. Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамытудың әдістемесін әзірлеу және оның тиімділігін 
тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру. 
Зерттеудің жетекші идеясы: Болашақ педагог-психологтарды жаһандық 
білім беру талаптарына сәйкес кәсіби даярлау жоғары білім беруді жаңа 
сапалық деңгейге көтеруге және орта білім беру сапасын жақсартуға мүмкіндік 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет