15
1. Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың
кәсіби
құзыреттілігінің мәні анықталып, құрамы айқындалып,
оның сипаттамасы
негізделді.
2. Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби
құзыреттілігі дамуының инновациялық, толеранттылық, дүниетанымдық
құзыреттерге сәйкес көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалды.
3. Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби
құзыреттілігін
дамытудың
психологиялық-педагогикалық
шарттары
айқындалып, тұжырымдамалық, мазмұндық және нәтижелік бөліктерден
тұратын құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды.
4. Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби
құзыреттілігін
дамытудың мотивациялық, білімділік, біліктілік кезеңдерден
тұратын әдістемесі әзірленді және оның тиімділігі тәжірибелік-эксперимент
жүзінде тексерілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: зерттеу
барысында қол
жеткізген теориялық қағидалар мен тұжырымдар білім беру мазмұнын
жаңартуға арналған «Formation of global competence in the context of higher
education» атты элективті курсының бағдарламасын және «Жаһандану
жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту»
атты тренингті жоғары оқу орындарында іске асыру арқылы педагог-
психологтарды дайындау үрдісін
модернизациялау, сапасын арттыруға ықпал
етеді.
Диссертациялық жұмыс бойынша қол жеткізілген ғылыми-теориялық
нәтижелерді және олардың негізінде әзірленген әдістемелік ұсыныстар
ЖОО-ның білім беру үрдісінде, осы бейіндегі
мамандардың біліктілігін
арттыру және қайта дайындау курстарында, практикаға бағытталған
бағдарламаларын әзірлеу кезінде, оқу-әдістемелік құралдарды дайындау үшін
пайдаланылуы мүмкін, сондай-ақ ЖОО оқытушылары үшін
практикалық
семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу кезінде бағдарламаға
енгізілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: