Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет14/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70
29.05.2023 dis

Бұл ретте диссертациялық жұмысымызда біз жаһандану ұғымына 
келесі анықтама береміз: «Жаһандану бұл − әлемнің әр түкпіріндегі елдер мен 
қоғам арасындағы құндылықтарды, білімді, технологияны және мінез-құлық 
ережелерін білу, бейімдеу және дамытуға қатысты процес». 
Осы орайда, зерттеу шеңберіндегі көптеген ғалымдардың еңбектерін 
талдай отырып, жаһандану – әртүрлі тәсілдердің көмегімен түсіндіруге болатын 
күрделі, қарама-қайшы құбылыс деген тұжырым жасалды. Жаһандану 
процестерінің адамға, қоғамға және жалпы адамзатқа тигізер әсерін зерттеу 
философияның, 
әлеуметтанудың, 
мәдениеттанудың 
және 
пәнаралық 
зерттеулердің перспективалық бағыты болып табылады. Осы анықтамаларға 
сүйене отырып, заманауи әлемде жаһанданудың келесі артықшылықтарын 
бөліп көрсетуге болады: 
а) әртүрлі деңгейдегі көптеген қажетті біліммен, дағдылармен және 
зияткерлік активтермен жаһандық алмасу; 
ә) елдердің, қауымдастықтардың және жеке тұлғалардың синергияны 
құру үшін өзара қолдау, толықтыру; 
б) жергілікті қажеттіліктер мен дамуды қанағаттандыру үшін жоғарыда 
аталған жаһандық алмасу және өзара қолдау арқылы құндылықтарды құру және 
тиімділікті арттыру; 
в) халықаралық өзара түсіністікке, ынтымақтастыққа, үйлесімділікке 
және әртүрлі мәдени әртүрлілікті қабылдауға жәрдемдесу; 
г) бұл елдер арасындағы әртүрлі деңгейлерде коммуникацияларды, өзара 
әрекеттесулерді жеңілдету және көпмәдениетті үлестерді ынталандыру. 
Атап өтілгендей, жаһандану үрдісі бизнес, экономика салаларында бастау 
алып, кейіннен басқа салалар арасында да кең ауқымға ие болды. Білім беру 
саласы да жаһандану үдерісінің ықпалынан тыс қалмады, бұның салдарынан 
«жаһандық білім беру» феномені пайда болды және біз өз жұмысымызда осы 
ұғымға тоқталып өтуді жөн көрдік.
Жаһандық білім беру мәселесін қарастыру кезінде жаһанданудың жоғары 
білім берудің дамуына әсері де, жоғары білім берудің осы үрдістегі рөлі де 
қарастырылады. Мысалы, ағылшын зерттеушісі P.Scott барлық университеттер 


23 
жаһанданудың объектілері ретінде, тіпті жаһанданудың субъектілері немесе 
негізгі делдалдары ретінде қатысатынын айтады [69, р. 3-9].
Ендігі кезекте, жаһандық білім берудің рөлін кең мағынада және білім 
беру қызметі субъектісінің азаматтық ұстанымдары тұрғысынан қарастырып 
көрейік. Кең мағынада, жаһандық білім беру − бұл білім беру саласының 
субъектілеріне жаһандық тұрақты даму мәселелерін саналы түрде қарастыруға 
мүмкіндік беретін ынтымақтастыққа, теңдікке, құштарлыққа негізделген 
белсенді оқыту үрдісі. 
Яғни, жаһандық білім беру – аймақтық шекараларға қарамастан, әлемдік 
бастамаларға белсенді қатысуға және қоғамның тұрақты даму идеологиясына 
негізделген ұтымды шешімдер қабылдауға ықпал етеді. Білім беру қызметі 
субъектісінің азаматтық ұстанымы тұрғысынан жаһандық білім берудің рөлі аз 
дамыған және кедей елдердің мәселелерін бара бар түсіну болып табылады.
Қазіргі уақытта жаһандық білім берудің кең танымал екі моделі бар. 
Олардың авторлары американдық философтар Р. Хенви және Э. Боткин. 
Р. Хенвидің пікірінше, жаһандық білім берудің мәні келесідей: 
а) әлемді қабылдаудың біртектілігін түсіну; 
ә) ғаламшардың экологиялық проблемаларын түсіну; 
б) мәдениет диалогы призмасы арқылы басқа халықтардың мәдениетін 
түсіну; 
в) әлемдік өркениет дамуының жаһандық динамикасын түсіну; 
г) одан әрі даму жолын саналы таңдау [96]. 
Э. Боткиннің моделі Р. Хенвидің моделімен ұқсас, оның негізгі идеясы әр 
адамның әлемге бейсаналы бейімделуден белсенді және мағыналы әлеуметтену 
позициясына көшу қажеттілігі, оның өмірінде бұрын кездеспеген жаңа 
жағдайларды шешуге саналы дайындығы, оқиғалар мен олардың салдарын 
болжау, баламаларды анықтаудағы жеке бастамасы, белгілі бір шешімдер үшін 
жауапкершілікті қабылдауға дайындығы, сондай-ақ белсенді ынтымақтастық
диалог және өзара түсіну қабілетін дамыту болып табылады [97]. 
Сонымен, ғалымдардың ойын қорытындылай келе, жаһандық білім беру – 
әлемдегі жаңартылған үрдістерді қабылдай отырып, білім беру қызметінің 
субъектісіне қажетті білімдер мен құзыреттліктерді алуға, тұлғалармен 
үйлесімді қарым-қатынас құруға ықпал ететін дағдыларды жинақтауға
көмектесетін ресми және бейресми білімнің бөлігі деген тұжырымдамаға 
келеміз. Нәтижесінде, тұлғалар білімді, өзіне сенімді және жалпыға ортақ 
әлемнің жауапты азаматтары болады. 
Яғни, жаһандық білім берудің басты мақсаты − әлемнің әрбір тұрғынына 
жаһандық даму мәселелерін субъектілік ұғынуға және түсінуге мүмкіндігін 
беру, олардың елдегі және жеке өмірдегі өзекті мәселелерді шешуге тікелей 
(субъектілік) әсер ету рөлін арттыру, сондай-ақ біздің ғаламшардағы әрбір 
тұрақты татулық үшін қажетті өз құқықтары мен міндеттерін белсенді іске 
асыру тәсілдерін ұсыну. 
Ал жаһандық білім берудің басты трендтеріне тоқталатын болсақ, автор 
Р.Р. Хайрутдинов оларға: әлемдегі әділеттілік, орнықты мекендеу ортасы, 
бейбітшілік пен келісім, мәдениетаралық коммуникация, адам құқықтары мен 


24 
ресурстарын жатқызады. Бұл трендтер толеранттылық, ынтымақтастық, теңдік, 
адалдық, тартымдылық сияқты негізгі құндылықтарды анықтайды [98]. 
Сонымен, зерттеуші әлемдегі жаһандық білім беру және жаһандық білім 
әлемі – бұл субъект келесі мәселелерді біліп, түсіне бастаған кезде басталатын 
үрдіс деп санайды: 
а) әлемдік кеңістіктің жаһандық мәселелері; 
ә) осы мәселелердің артында тұрған күрделі даулы жағдай; 
б) адамдар арасындағы қатынасты субъективті өзгерту қажеттілігі; 
в) болып жатқан жаһандық үдерістердегі субъектілік рөлді айқындау 
және қайта ойластыру қажеттілігі; 
г) адамдарды субъект ретінде белсенді, жауапты және мағыналы түрде 
әрекет етуге ынталандырудың рөлі; 
д) жаһандық мәселелерді шешуді жеңілдетудің маңызы [98, с. 82-86]. 
Жаһанданудың білім беруді дамытуға әсерін зерттей отырып, кейбір 
сарапшылар жаһанданудың әсерінен жоғары білім беруді дамыту 
жағдайларының қалай өзгергеніне (ең алдымен, оның мемлекеттік 
қаржылануының қысқаруы) назар аударады. Ондағы: жоғары білім беру 
жүйесінің жұмыс істеу және ұйымдастыру негіздеріне, оның мекемелерінің 
қызметіне әсер етуі (жоғары білімді коммерцияландыру, оның мекемелерін 
басқарудағы өзгерістер, білім беру қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің 
күшеюі және т.б.). Басқа мамандар, ең алдымен, жаһанданудың (атап айтқанда, 
жаһандық ақпараттандырудың) және білім беруді интернационалдандырудың 
өзара байланысына, жаһанданудың университеттер қызметіндегі халықаралық 
құрамдас бөліктің өсуіне қалай ықпал ететініне (шетелдік білімгерлерді тарту
оқу бағдарламалары мазмұнындағы «жаһандық компонентті» ұлғайту, жоғары 
оқу орындарының халықаралық ынтымақтастығын және олардың халықаралық 
коммерциялық қызметін кеңейту, шетелде жоғары оқу орындарының 
филиалдарын ашу, интернет арқылы шетелде қашықтықтан білім беру 
бағдарламаларын тарату және виртуалды университеттерді құру); сонымен 
бірге, кейбіреулер жаңа ақпараттық технологияларды қолдану негізінде білім 
берудің жаһандану үдерісі белсенді дамып келеді деп санайды. 
Жаһандық білім беру, белгілі бір мағынада, білім беру субъектісіне 
қажетті білім алуға және әлемдегі үрдістер мен адамдар арасындағы үйлесімді 
қатынастарды жобалауға ықпал ететін дағды ретіндегі негізгі құзыреттердің 
рөлін түсінуге көмектесетін ресми және бейресми білім берудің бөлігі болып 
табылады [99]. 
Еуропа кеңесінің солтүстік-оңтүстік орталығымен бірлескен «Global 
Education Week Network» баспасы «Оқытушылар мен саясаткерлер үшін 
жаһандық білім беру тұжырымдамасы мен әдіснамасы білім беру саласындағы 
жаһандық принциптері» атты мақалада, жаһандық білім беру адамдарға қазіргі 
әлемнің күрделі шындығы мен үрдістерін түсінуге және өзара байланысты 
әлемнің қиындықтарына төтеп беруге мүмкіндік беретін құндылықтарды, 
көзқарастарды, білім мен дағдыларды дамытуға көмектесу үшін білім берудегі 
жаһандық өлшем мен тұтас перспективаны ашуға бағытталғанын ерекше 
атайды [100]. 


25 
ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры Коитиро Мацуураның 
«Жаһандану – бұл мәдени үрдіс» атты кітабында жаһанданудың технологиялық 
өлшемі туралы айтылып, онда технологияның ғаламдық таралуына басты назар 
аударылатынын алға тартады [101]. 
Қырғыз елінің авторлары «Білім беру саласындағы жаһандану және білім 
беру реформасы» аты еңбектерінде жаһанданудың басты салдарының бірі 
кедергілерді жою және еңбек көші-қонын жеңілдету болып табылатынын 
айтады. Электрондық байланыс 
құралдарын, соның 
ішінде бейне 
байланыстарды дамыту компанияларға мамандарды қашықтан жалдауға 
жүгінуге мүмкіндік беріп, осылайша өндірістік шығындарды азайтады. Мұның 
бәрі жоғары білікті мамандар арасындағы бәсекелестікті күшейтеді. Бұл қазіргі 
заманғы технологияларды қолданудың тамаша дағдыларына ие адамдарға, 
сондай-ақ дамыған коммуникативтік құзыреттілікке ие адамдарға бірнеше 
компанияларда, соның ішінде әртүрлі географиялық нүктелерде орналасқан 
компанияларда жұмыс істеу кезінде үлкен сұранысқа ие болуға мүмкіндік 
береді [102]. 
Танымал ғалым Барретт 21 ғасыр білімгерлері өзара байланысты, әртүрлі 
және тез өзгеретін әлемде өмір сүретіндігін айта келе, дамушы экономикалық, 
сандық, мәдени, демографиялық және экологиялық күштер бүкіл ғаламшардағы 
жастардың өмірін қалыптастырады және күн сайын олардың мәдениаралық 
байланыстарын кеңейтетінін алға тартады [103].
Біз айтылған пікірмен келісе отырып, қазіргі жастар өзара байланысты 
әлемге бейімделуді үйреніп қана қоймай, мәдени айырмашылықтарды бағалап, 
оларды тиімді деп санаймыз, себебі жаһандық және мәдениетаралық 
дүниетанымды қалыптастыру бұл – білім беру арқылы қалыптасатын өмір 
бойы жалғасатын үрдіс. 
Отандық зерттеуші К.О. Оразбаева өзінің «Жаhандану жағдайында 
болашақ 
мұғалімдердің 
кәсіби 
құзыреттілігін 
қалыптастыру» 
атты 
диссертациялық жұмысында жаһандық білім беруді ұлттық және әлемдік білім 
беру саясатының аясында жүзеге асырылатын ұлттық білім беру кеңістігінің 
үлкен жиынтығы ғана емес, мемлекет пен білім беру жүйесі арасындағы 
мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған ерекше қарым-қатынас қызметін 
атқаратын бірегей мега жүйе ретінде айқындайды [76, б. 30].
Отандық 
зерттеуші 
Б.Ө. 
Алтынбасов 
өзінің 
«Жаһанданудың 
Қазақстанның жоғары білім саласына ықпалы: саяси-құқықтық аспектілері» 
атты еңбегінде жаһанданудың Қазақстанның білім жүйесіне ықпалын 
қарастыра келе, оның көп ұтымды жақтары бар екенін алға тартады. Қазақстан 
білім саласындағы көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі болып, білімнің 
сапасын бағалау және аккредитациялау жүйелерін енгізді. Халықаралық 
стандарттар бойынша білім беріп, университеттер ішінара автономияға ие 
болды. Ал кейбір университеттер әлемнің жетекші университеттерімен 
екіжақты және көпжақты келісімдер арқылы серіктестік қарым-қатынас орната 
бастағанын атап өтті. Мысал ретінде автор Еуропалық жоғары білім кеңістігіне 
енген соң қазақстандық жоғары оқу орындардың әлемдік рейтингтерге (QS 
World University Rankings және т.б.) белсенді қатыса бастағанын және білім 


26 
сапасын сырттан бағалаудың механизмі ретінде университеттердің еуропалық 
аккредитациядан өту міндеттілігі енгізілгенін және ел ішінде жеке меншік 
тәуелсіз аккредитациялық компаниялар пайда болғанын келтіреді [104]. 
Жаһандық білім беру саласының негізгі принциптеріне сүйенетін болсақ 
жаһандық білім беру бұл – оқытудың жаңа әдісі емес, педагогикалық тәсіл 
екенін және олар әдетте бейбітшілік рухында білім беру, адам құқықтары 
саласындағы білім беру, даму және экологиялық білім беру салаларын 
жаһандық білім мазмұнының төрт саласы ретінде анықтайды. Бұл ішінара 
дұрыс анықтама, алайда мұндай кең және күрделі перспективаны анықтау үшін 
жеткіліксіз болып табылады. Жаһандық білім беру бұл – парадигма, әлемдік 
мәселелерді және олардың өзара байланысын түсінудің бастапқы нүктесі [104, 
б. 4-14]. 
В. Лысенконың пікіріне сүйенетін болсақ, жаһандық білім беру заман 
талабына сай өмір салтының мәдени, әлеуметтік, экономикалық және басқа да 
деңгейлеріндегі өзара байланыс жүйесіне үйлесімді енуге көмектесетін 
маңызды негіз болып табылады. Оның міндеті әлемді тану мүмкіндігін кеңейту, 
өз елінің басқа елдермен өзара әрекеттестік механизмдерін, оның әлемдік 
қоғамдастықтағы алатын орнын түсінуге және әлемге басқа халықтар көзімен 
қарауды үйренуге ықпал етеді [105].
Жаһандық білім беруде болашақ мамандарға қандай талаптар 
қойылатынын айқындау біз үшін өте маңызды болып табылады. Осы орайда 
ғалым Г.Р. Ломакинаның идеялары қызығушылық тудырады. Автор жаһандану 
дәуірінде дәстүрлі академиялық білімдерден басқа, түлектер келесі 
құзыреттерге, дағдыларға және қабілеттерге ие болуы керек деп есептейді: 
а) коммуникативтік құзыреттіліктің жоғары деңгейіне ие болу: маманнан 
электронды коммуникация құралдарын пайдалана отырып қашықтан жұмыс 
істеу кәсіби құзыреттіліктерден басқа, өз ойын, дәлелдері мен нәтижелерін 
ауызша және жазбаша да нақты баяндай білу дағдысының қалыптасуының 
жоғары деңгейін маманнан талап етеді; 
ә) ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдысының болуы 
(қашықтықтан жұмыс істеу ақпараттық технологияларды пайдаланудыталап 
етеді; белсенді меңгеру сізге қажетті ақпаратты оңай табуға және өз 
жұмысыңызды оңтайландыруға мүмкіндік береді); 
б) шығармашылық ойлау; 
в) үздіксіз білім алу қажеттілігі бар экономиканың инновациялық сипаты, 
адам қызметінің барлық салаларында үнемі жаңа технологиялардың пайда 
болуы өз біліктілігін тез және уақтылы арттыра алатын мамандардың бәсекеге 
қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді; 
г) топта жұмыс істей білу (бірнеше маманның бір тапсырма аясында 
жұмыс істеуі және олардың жұмысының тиімділігі көбінесе топтың әр 
мүшесінің қабілеттеріне байланысты болады); 
д) шығармашылық, тапқыр, өзін-өзі дамыта алатын, үздіксіз жұмыс 
істеуге қабілетті, айтарлықтай күш-жігерді талап етеді; 
е) тұрақты бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуге дайын болу (жоғары 
бәсекелестік жағдайында жұмыс істеу, өзінің кәсіби білімі мен құзыреттілігін 


27 
үнемі жаңартып отыру қажеттілігі үлкен күйзеліске ұшыратуы мүмкін, бұл 
сөзсіз еңбек тиімділігінің төмендеуіне әкеледі. Осы жағдайларға бейімделе 
алатын және оларды қалай қабылдауды білетін мамандарды ынталандыру); 
ж) өзінің мәдени деңгейін халықаралық деңгейде көрсету; 
и) нәтижеге бағытталған және шешім қабылдаудан қорықпау [106]. 
Жоғарыда 
көрсетілген 
авторлардың 
ғылыми 
еңбектері 
мен 
тұжырымдарына талдау бізге жаһандық білім беруге берілген анықтамаларды 
келесідей жүйелеуге мүмкіндік берді (2-кесте). 
Кесте 2 – «Жаһандық білім беру» ұғымына шетелдік және отандық 
зерттеушілердің берген анықтамалары 
Автор 
Анықтама 
«Global Education 
Week Network» 
баспасы 
Жаһандық білім беру – жаһандану дәуірінде әлеуметтік талаптар 
деңгейінің өсуіне жауап беретін дәстүрлі академиялық білімдердің 
мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған процес 
P.Scott 
Жаһандық білім беру − бұл білім беру саласының субъектілеріне 
жаһандық тұрақты даму мәселелерін саналы түрде қарастыруға 
мүмкіндік беретін ынтымақтастыққа, теңдікке, құштарлыққа 
негізделген белсенді оқыту процесі. 
Г.Р. Ломакина 
Жаһандық білім беру − жаһандану дәуірінде дәстүрлі академиялық 
білімдерден өзгеше құзыреттер, дағдылар, және қабілеттер 
жиынтығы 
Р.Р. Хайрутдинов 
Жаһандық білім беру − әлемдегі әділеттілік, орнықты мекендеу 
ортасы, бейбітшілік пен келісім, мәдениетаралық коммуникация, 
адам құқықтары мен ресурстарын негізге алатын тренд. 
В. Лысенко 
Жаһандық білім беру − заман талабына сай өмір салтының мәдени, 
әлеуметтік, экономикалық және басқа да деңгейлеріндегі өзара 
байланыс жүйесіне үйлесімді енуге көмектесетін маңызды негіз. 
Б.Ө. Алтынбасов 
Жаһандық білім беру бұл − парадигма, әлемдік мәселелерді және 
олардың өзара байланысын түсінудің бастапқы нүктесі. 
К.О. Оразбаева 
Жаһандық білім беру
– бұл тек қана ұлттық білім беру кеңістігінің 
көптеген жиынтығы ғана емес, онда ұлттық және әлемдік білім 
берудің саясаты мақсаты жүзеге асырылады, жеке тұлғаның даму 
мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған мемлекеттер мен білім беру 
жүйелері арасындағы арнайы қарым-қатынастық қызмет атқаратын 
ерекше мегажүйе.
 
2-кестеден көріп отырғанымыздай, ғалымдардың «жаһандық білім беру» 
ұғымына көзқарастары бірыңғай емес. Мысалы, P.Scott жаһандық білім беруді 
ынтымақтастыққа, теңдікке, құштарлыққа негізделген оқу процесі ретінде 
анықтаса, ғалым Г.Р. Ломакина дәстүрлі академиялық білімдерден өзгеше 
құзыреттер, дағдылар, және қабілеттер жиынтығы түрінде сипаттайды. Осы 
орайда, зерттеуші Б.Ө. Алтынбасовтың жаһандық білім беруді әлемдік 
мәселелерді түсінудің бастапқы нүктесі ретінде түсіндіретін көзқарасы ерекше 
қызығушылық тудырады.


28 
Ал отандық ғалым К.О. Оразбаева жаһандық білім беруде ұлттық білім 
беру мен әлемдік білім беру саясатын ұштастырады және жаһандық білім 
беруді ерекше «мегажүйе» ретінде анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет