Бақылау сұрақтары
1. Шарапқа тұрақты мөлдірлік беру үшін қандай тәсілдермен өңдейді?
2. Металлокасты лайлануға қарсы тұрақтандыру дегеніміз не?
3. Микробиологиялық және биохимиялық лайлануға сипаттама және
түрлері.
8 - тәжірибелік сабақ.
Тақырып: «Шарап материалдарын өңдеу әдістері»
Сабақтың мақсаты: Шарап материалдарын өңдеу әдістерімен танысу.
Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары
Шарап өңдеушінің мақсаты тек қана жаңа өңделген шарап алумен
шектелмейді, сонымен қатар шараптың өзіне тән сапасын, дәмін сақтап қалу,
жүзімнен алынған шырын сапасын сақтап қалу және соған жағдай жасау.
Шарап дайындау ушын сақтау кезінде сыртқы ортаның қолайсыз
жағдайларынан, әр түрлі аурулардан сақтап сапалы шарап алу негізі
мақсаттарының бірі.
Мұның барлығы температураның өзгеруін, микроорганизмдердің
әсерін, ауаның жеткілікті болуын реттеп отыру арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |