96
2. Қолданған мөлдірлейтін заттардың мөлдірлену кинетикасына әсері
қандай?
3. Тұмбаға түсу мөлшеріне материалдардың қандай қасиеттері әсер
етеді?
10 - зертханалық жұмыс.
Тақырып: «Шарапта спирт жиналуын бақылау және спирт қосуын
есептеу»
Жұмыстың мақсаты: Шарапта спирт жиналуын бақылау және
спирттеуді есептеу тәсілдерін үйреніп білу.
Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар
1. Жабдықтар: өнімұнтағыш, сүзгі, қасықтар, электрплиткі, 2-3л
кастрөлдер, 2-3л шөлмек банкілер, қайнататын ыдыс, қақпақтар,
рефрактометр.
2. Үлгілер: қызанақ
Жұмысты орындау әдістемесі
Спирттеу – шырынға, шарапматериалына, шарапқа белгілі есептелген
мөлшерде этил спиртін қосу. Спирт қосудың негізгі мақсаты шырынның,
шарапматериалының ашуын алдын алу немесе тоқтату. Ашу процесін
тоқтатуға жеткілікті спирт концентрациясын анықтау үшін Делле
эмпирикалық ережесі қолданады: шарап немесе шырының консервілеу
бірлігі (KБ) 80-нен жоғары болса олар ашуға төзімді келеді. Бұл қатынас
төменгі теңдеумен көрсетіледі:
4,5А + Б ≥ 80
мұнда, 4,5 – 1% спирт көлеміне сәйкес консервілеу бірлігі; А- спирт көлемі,
%; Б – қант мөлшері, г /100мл.
Шарап дайындау технологиясында шырынды және шарапты күштілігі
20% деңгейге дейн спирттеу рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: