және жануарлар дүниесін зерттейтін зооллогия (zoon — жануар). Зоология озі кезегінде бip



бет69/91
Дата30.11.2022
өлшемі3.9 Mb.
#466156
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   91
МОРФ КИТАПП

Куйіс қайтаратын жануарлар мен іиоіиқада оң краниальды бөлікке негізгі бронхтан бифуркацняға жетпей кеңірдектік бронх та- райды. Күйіс қайтаратын жануарлардың краниальды оң бөлігінің өзі алдыңғы және артқы екі бөлікке бөлінеді. Сөйтіп, бөліктер саны көбейіп, сол өкпеде үш, оң өкпеде бесеу болады. Өкпенің сыртқы бетінде үялық сурет жақсы көрінеді.
Иттің өкпесінің төменгі бетіндегі сайлар өкпе бөліктерін негізгі бронхқа дейін бөліп түрады. Бірақ өкпенің сыртқы бетінен өкпе бөліктері нашар байқалады.
НЕСЕП-ЖЫНЫС АППАРАТЫ - АРРАКАТО8 ІШОСЕМТАІЛ8
Несеп-жыныс аппараты (мочеполовой аппарат)— зәр шығару және көбею мүшелер жүйелерінен қүралады. Бүл жүйелерді қүрайтын агзалардың атқаратын қызметі әр гүрлі болганмен, тарихи және жеке даму жолдары бір-бірімен тыгыз байланысты.
Азық қорыту жәйе тыныс алу жүйелерімен бірге зәр шыгару агзалары да организмдегі зат алмасу проңесін қамтамасыз етеді. Олар зат алмасу процесінің соңгы ыдырау өнімі — зәрді организмнен сыртқы ортага шыгарады.
Қызметіне қарай зәр шыгару агзалары екі бөлімге бөлінеді. Олар: негізгі несеп түзуші ағзалар — ог^апа игороеііса — жүп бүйрек пен зәр шығарушы жолдар — несепағар, қуық, үрпі (уретра).
ЗӘР ШЫҒАРУ АҒЗАЛАРЫНЬЩ ДАМУЫ
Зәр шығару ағзалары организмдегі зат алмасу процесімен тыгыз байланыста дамыған, ягни олардың күрделеніп жетілуі зәр түзуші тканьдердің денедегі ыдырау өнімдерін сыртқы ортаға шығаруға ар- найы негізделуі нәтижесінде іске асқан. Зәр шығару ағзалары өз фи- логенезінде даму процесінің көптеген сатыларынан өтеді.
Төменгі сатыдағы жәндіктер (қарапайымдылар, ішекқуыстылар) ыдырау өнімдерін организмнен сыртқы ортаға денесінің қабыгы арқылы диффузиялық жолмен шығарады. Инфузорияларда зәр шығару қызметін арнайы органелла — жиырылғыш вакуольдар атқарады.
Жануарлар дене қүрылысының күрделенуі организмде бір-бірімен үйлесімді қызмет атқаратын көптеген ағзалар жүйелерінің қалыптасуына әсерін тигізді. Солардың қатарында ыдырау өнімдерін денеден қоршаған ортаға шығаруга арналған зәр шығару мүшелері де жетіле бастаған. Бүл ағзалар көпклеткалы күрделенген организмде, мысалы жалпақ қүрттарда, шығару өзекшелер жүйесі түрінде қалыптасқан. Зәр бөлу өзекшелері — протонефридийлер дене парен- химасында тарамдалып, түйықтаушы клеткалардың көмегімен ыды- рау енімдерінен несеп түзеді және оны сыртқа шығарады. Прото- нефридийлер жәндіктерде эктодермадан дамыған.
Орга іиз.лнің одан әрі. күрделеніп, екінші дене қуысының пайда болуына байланысты, мысалы буылтық құрттарда (жауын қүрты), протонефридийлер дене сегменттеріне сәйкес орналасады. Олардың іәр бөлетін бастапқы клеткалары соленоциттер деп аталады.
Организмдер қүрылысының бүдан кейінгі күрделенуі нәтижесінде, мысалы қылтанаяқты қүрттарда, зәр түзу қызметі мезодермадан да- ммган өзекшелер — нефридийлерге ауысады. Олардың шелмек тәрізді кеңейген үштары екінші дене қуысы сегменттерінде орналасып, со- лардың санына сәйкес болады. Бүл нефридийлер қуыс ішіндегі іүйықтықтың ыдырау өнімдерін кірпікшелерінің көмегімен сорып іыртқа шыгарып отырады. Нефридийлер дене қуысынан иректеліп басталып, сәл кеңейіп, одан кейін сыртқы ортага ашылады. Бүл жа- пуарлар организмдерінде нефридийлерден басқа екінші дене қуысынан шолмек тәрізді кеңейіп басталатын өзекшелер де болады. Оларды це- ломодуктер деп атайды. Целомодуктер арқылы жыныс өнімдері дене қуысы — целомадан сыртқа шыгарылады. Целомодуктер де нефри- дийлер сияқты мезодермадан қалыптасып, көп жагдайда нефридийлер і»зекшелерімен бірігіп, екі жүйеге ортақ мүше — нефромикцияны гүзеді. Екінші дене қуысты қүрттарда целомодуктер тек жыныс онімдерін шыгару қызметін атқарады. Ал, басқа екінші дене қуыстары жоқ буынаяқтылар мен моллюскаларда олар несеп шығару қызметін де атқарады. Насекомдарда несеп шығару қызметін мальпи- ги атқарады. Олар ас қорыту жүйесі қуысына, ортаңғы және артқы ішектер шекарасына ашылады.
Төменгі сатыдағы хордалыларда, мысалы ланцентиктерде несеп шығару қызметін мезодермадан дамыган нефридийлер тәріздес түтіктер атқарады. Бүлардың саны жүз шақты жүп өзекшелерге тең болып, дененің желбезек аумагында сегменттерге сәйкес жүп-жүбы- мен орналасады. Нефридийлердің ішкі үштары бірнеше тесікпен дене қуысы — целомадан басталып, ал екінші үштары сыртқа — желбезек маңыдағы қуысқа ашылады. Целомадағы нефридийлер үштарының тесіктері басталар түсында қан тамыр капиллярларының жиі торы — капиллярлар шумағы түзілген. Осы шумақ капиллярларының қабырғалары арқылы қаннан сүзіліп бөлінген зәр нефридийлердің көмегімен сыртқа шығарылады. Айта кету кереқ ланцетниктерде не- фридийлер жыныс мүшелерімен байланыста болмайды. Кейінірек не- фридийлердің сыртқы үштары бірігіп, барлығына ортақ бір өзек — қарапайым несепағарды түзеді. Омыртқалы жануарларда нефридий- лер қүрылым бірлігі ретінде зәр шығару ағзасы — бүйректі қүрайды. Бүйрек филогенезінде зәр шығару қызметі дененің алдыңғы жағындағы нефридийлерден, оның артқы жағында дамыған несеп өзекшелеріне ауысады. Соңғы өзекшелер бірігіп, қүрылысы қомақты бүйректі түзе бастайды. Бүйректен шыгатын несепагар ішектің соңғы бөлімі — клоакаға ашылады.
Омыртқалыларда бүйрек бір-бірін алмастырып отыратын үш саты- дан өтеді. Олар: бастапқы бүйрек-пронефрос, аралық бүйрек-мезонеф- рос, түрақты бүйрек-метанефрос. Зәр шығару ағзаларының дамуы көбею ағзаларының дамуымен қатар жүреді. Пронефрос маныңда үрғашы жануарлардың көбею ағзалары дамып, кейінірек пронефрос несепағары аналық кебею ағзаларының жыныстық жолдарына айна- лады. Ал, мезонефрос несепағарынан аталық көбею ағзаларының жы- ныс жолдары дамиды.
Нефридийлердің күрделеніп, қан капиллярларьімен өзара әрекеттесуі нәтижесінде әр түрлі бүйрек сатыларына сәйкес бүйрек өзекшелері — нефрондар дамиды. Біріншіден, қан капиллярлары шу- мақшасы нефронның басталар үшындағы ыдыс тәрізді екі қабат қабығымен (капсуласымен) қапталып, бүйрек денешігін қүрайды. Бүл денешіктерде қан сүйығынан сүзілу процесі арқылы алғашқы зәр түзіледі. Ал, қабырғасы эпителий тканінен түратын бүйрек өзекше- лері алғашқы зәрден организмғе қажетті заттар мен суды кері сорып, керексіз ыдырау өнімдерін зәрге қосымша бөліп түрады. Яғни, нефрон қабырғасы экскреторлық қызмет атқарды. Осының нәтижесінде не- фронның соңғы бөліктерінде нағыз зәр түзіледі.
Бастапқы бүйрек немесе бастағы бүйрек — теіаперһгоз — дененің бас белігінде, 2—10 дене сегменттері түсында қалыптасады. Бүйрек негізінен 3—4 жүп шөлмекті өзекшелерден түрады. Әрбір өзекше шөлмегі маңында қан капиллярлар шумақшасы дамиды. Бастапқы бүйрек дөңгелекауызды және кейбір сүйекті балықтарда, қосмекеңцілер личинкаларында болады.
Аралық бүйрек немесе түлғалық бүйрек — шезоперһгоз — бас- тапқы бүйректен кейін, 10—30-шы дене сегменттері түсында, яғни де- не түлғасында қалыптасады да, бастапқы бүйректі алмастырады. Аралық бүйректе нефрондардың денедегі метамериялық (сегменттік) орналасуы бүзылып және целомамен байланысы үзіледі. Осының нәтижесінде ол қомақты бүйрекке айналады. Бүйрек нефрондардың ыдыс тәрізді кеңейіп басталатын үшы қан капиллярлар шу- мақшасының капсуласына айналып, бүйрек денешіктерін түзеді. Ара- лық бүйрек балықтар мен қосмекенділер кластары өкілдерінде негізгі зәр түзуші ағза болып табылады. Ал, қүстар мен қосмекенділерде ол тек эмбриональды даму кезеңінде ғана уақытша қызмет атқарады.
Түрақты бүйрек немесе жамбастық бүйрек — ргоперһгоз — алғашқы бүйректен кейін, 31—32-ші дене сегменттері түсында қомақты агза болып қалыптасады. Түрақты бүйрек бауырмен жорғалаушылар, қүстар және сүтқоректілер кластары өкілдеріне тән ағза.
Үй жануарларының онтогенезінде бүйрек мезодерманың нефрото- мынан (сегменттік аяқшалардан) дамиды. Даму кезінде ол филогенез- дегі бастапқы, аралық және түрақты бүйректер сатыларын қайталайды. Бастапқы бүйректін қалыптасуы дене сегменттерінің бас бөлігінде өте жедел жүреді. Сондықтан, оның сүтқоректілердегі даму процесінің мерзімін анықтау қиын. Бастапқы бүйректен кейін қалыптасатын аралық бүйрек іштегі төлде уақытша зәр түзу қызметін атқарады. Ал, клоакалы (үйректүмсық, ехидна) және қалталы (кенгуру) сүтқоректілерде аралық бүйрек эмбриональды ке- зеңнен кейін де зәр түзу қызметін біраз уақыт жалгастырады. Ара- лық бүйректің зәр шығару өзегі несепағар деп аталады да, клоакаға ашылады. Аралық бүйректен кейінгі жамбас сегменттерінде түрақты 172 бүйрек қалыптасады. Оның негізгі зәр түзуші бөлігі — нефрондар ме- юдерма нефротомының нефрогенді тканінен, ал бүйрек түбегі мен не- іепагар аралық бүйрек несепагарының соңгы бөлігінен дамиды. Қуық пен несепағар аллантоис пен клоакадан жетіледі.
Бүйрек
Бүйрек (почка)— геп (грек. перһгоз)— пішіні лобия тәріздес түсі қызыл-қоңыр, қомақты жүп агза. Ол қүрсақ қуысының бел аумагында орналасады. Сырт жагынан бүйректі май цабаты— сарзиіа




46—сурет. Бүйректер:


А — дельфиниің көптік бүйрсгі; Б — оның қүрылыс схемдсы; В — сиырдыц тілімді кепемізікшелі бүйрегі; Г — оның күрьілыс схемасы; Д — шошқаның тегіс кепеміэікшелі бүйрегі; Е — оның қүрылыс схемасы; 3 —
тегіс бірсмізікшелі бүйректің қурьілыс схсмасы. . 1— бүйрскше; Г— бүйрекшс болігі; 2— қыртысты аумақ; 3— шекдралық аумақ; 4— бозгылт аумақ; 5— бүйрек еміэікшелері; 6— бүйрек тостагаишасьі; 7— бүйрск сабақшалары; 8— несепагар; 9— бүйрек сайлары; 10— не- ссп жолдары; 11 — бүйректүбегі; 12— бүйрек баганшасы; 13— догалық артериялар; 14— фиброадық капсула; 15— бүйрек қақпасы; 16— бүйрек артериясы; 17— бүйрек яенасы.

асііроза, ал оның астында тікелей оны тығыз таліиықты қабық (кап- сула)— сарзиіа гепаііз ГоЬгоза — қаптан түрады. Бүйректің вентраль- ды беті қүрсақ қуысының сірілі қабыгы — ішпердемен астарланған. Бүйректің томпайған латеральды, дорсальды, вентральды және ойыс келген медиальды беттері болады. Оның медиальды ойыс бетіндегі үңгіленген түсын буйрек қақпасы — һііиз гепаіія — деп атайды. Ол арқьілы бүйрекке қоректендіруші артерия мен жүйке тамырлары еніп, одан вена қан тамырлары мен несепағар шығады.


Бүйректің ішкі кескінінен бір-бірінен айқын ажыратылған үш аумақты байқауға болады. Олар: бүйректің фиброзды капсуласыньщ астындағы шеткі қызғылт-қоңыр түсті несеп жасаушы қыртысты аумақ— согіех гепія, ішкі несеп өткізуші бозгылт аумақ— тесіиііа гепіз және осы екеуінің аралығындағы қоңыр түсті, ірі қан тамырлар отетін шекаралық аумақ— гопа іпіегтесііа (46—сурет).
Бүйректің қыртысты аумагында қаннан зәр түзуге қатысатын көптеген үсақ бүйрек денешіктері — согразсиіа гепаііз — қатарласып орналасады. Оларды бір-бірінен ішкі сәулелер ажыратып жатады. Бүйрек денешіктерінің қүрылысын микроскоп арқылы гана көруге бо- лады. Ішкі бозғылт аумақ көптеген бүйрек пирамидаларынан — ругатісіез гепаііз — қүралған. Бүл пирамидалардың табандары бүйректің шетіне жақын орналасып, одан оның қыртысты аумағына қарай ішкі сәулелер кетеді. Ал, пирамидалардың бүйрек ішіне қарай бағытталған төбелері-бүйрек емізікшелерін — раріііа гепаііз — қүрай- ды. Шекаралық аумақтагы доғалық артериялардан бүйректің қыртысты аумағына сәулелі (радиальды) артериялар тарамдалады. Бүл артериялардың екі жағында қатар-қатар болып бүйрек де- нешіктері орналасады.
Бүйректің түрлері. Үй жануарларында бүйректің түрлері әр түрлі болып келеді. Оның негізіне бүйректің бастапқы қүрылым бірлігі бүйрекшелер алынған. Бүл бүйрекшелерде де бүйрекке тән үш аумақ пен емізікшелер және оларға жанаса жалғасып жатқан бүйрек тос- таганшалары болады. Бүйрекшелер өзара зәр шығару өзектері мен дәнекер ткані арқылы әр түрлі дәрежеде байланысып, бүйрек түрлерін түзеді. Жануарларда олардың негізінен төрт түрі кездеседі (46—сурет).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет