және жануарлар дүниесін зерттейтін зооллогия (zoon — жануар). Зоология озі кезегінде бip



бет70/91
Дата30.11.2022
өлшемі3.9 Mb.
#466156
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91
МОРФ КИТАПП

Көптік бүйрек— бір-бірімен зәр шығару өзекшелері — бүйрек сабақшалары арқылы байланысып жатқан көптеген бүйрекшелерден қүралган. Оның сыртқы пішіні жүзім жемісіне үқсас. Бүйрек са- бақшалары өзара қосылып, несепағарды түзеді. Бүйректің бүл түрі ақ аюда, китте, дельфинде, тюленьде кездеседі.

  • Тілімді көпемізікшелі бүйрек— ірі қара малда болады. Бүл бүйректе бүйрекшелердің ішкі бөлігі бір-бірімен өзара дәнекерлесіп кеткен, ал шеттері толық қосылмай жатады. Осының нәтижесінде бүйректің сыртқы беті сайлармен тілімделініп түрады. Бүйректің ішкі кескінінен бір-бірінен анық ажырайтын көптеген емізікшелерді көруге болады. Емізікшелерді жасаушы түтікшелер тостағаншаларға ашыла- ды. Олардан шығатын сабақшалар бір-бірімен қосылып несеп өтістерін түзеді. Несеп ѳтістері өз кезегінде несепағарды қүрайды.

  • Тегіс көпемізікшелі бүйрек— шошқада болады. Бүйрекшелердің сыртқы қыртысты аумақтары толық қосылып кеткендіктен бүйректің

    беті тегіс болады. Бірақ оның ішкі кескінінде әлі де қосыла қоймаған смізікшелер көрінеді. Емізікшелер бүйрек тостағаншаларына — барып ішылады. Тостағаншалар қысқа сабақшалар арқылы бүйректің қуысы бүйрек түбеғіне — реіѵіз гепаііз — жалғасады. Бүйрек түбегінен не- сепағар шығады.
    4. Тегіс біремізікшелі буйрек— жылқыда, түйеде, үсақ малдарда, итте тағы басқа көптеген жануарларда кездеседі. Бүндай бүйректе бүйрекшелер бір-бірімен толық қосылып, бірігіп кетеді. Осының иәтижесінде бүйректің сыртқы беті тегіс, ішкі кесінінде үлкен бір смізікше көрінеді. Емізікше бүйрек түбегіне ашылады.
    Бүйректің ішкі қүрылысы
    Бүйректің паренхимасын оның қүрылым бірлігі бүйрек і үтікшелері —нефрондар — перһгоп — түзеді. Әрбір бүйректе не- фрондар миллиондап саналады. Нефрон бүйрек денешігінен бастала- ды. Олар шекаралық аумақтағы доғалық артериялардан қыртысты аумаққа тарамдалған сәулелі артериялардың бойында қатарласып ор- наласқан. Бүйрек денешіктері өз кезегінде капилляр шумақшасы (гломерула) — §1ошеги1а — мен оны қоршап жатқан екі қабат шу- мақша қабыгьінан (капсула)— сарзиіа £Іотеги1і — түрады.
    Капилляр шумақшасы бүйрек денешігіне сәулелі артерияның аф- <|)еренттік тармағы — әкелуші артериола арқылы еніп, капилляр қан тамырларына тарамдалуы нәтижесінде түзіледі.
    Бүйрек денешігінің шумақша қабығы одан әрі бірінші және екінші қатарлы иректелген буйрек тутікшелеріне— ІиЬиІі гепаііз сопіоііі — ауысады. Бүл түтікшелер бір-бірімен нефронның түзу ілмегі арқылы жалғасқан. Нефронның екінші қатарлы иректелген түтікшелері несеп жинаушы бүйректің тузу тутікшелерін— ІиЬиІі гепаііз гесіі — түзеді.
    Бүл түтікшелер бүйрек емізікшелерінің төбесіне көптеген тесікшелер арқылы ашылып, торлы алаң— агеа сгіЬгоза — жасайды.
    Нефронның бүйрек денешіктері, бірінші және екінші қатарлы иректелген бүйрек түтікшелері бүйректің қыртысты аумағын, ал түзу ілмектер мен жинаушы түтікшелер — оның ішкі бозғылт аумағын қүрайды.
    Әкелуші артериола арқылы шумақша капиллярына келген арте- рия қаны әкетуші артериоламен ағып шығып, бүйрек тканін қоректендіретін қан капиллярларына тарамдалады. Сөйтіп, әкелуші және әкетуші артериолаларды бір-бірімен артериялық капиллярлар тарамдары байланыстырады. Осы капиллярлар торын артериялық ғажап топ деп атайды. Әкелуші артериоланың қуысы, әкетуші арте- риоларның қуысына қарағанда кең болып келеді. Сондықтан, шу- мақшаға ағып келген қан мөлшері, ағып шығатын қан мөлшерімен салыстырғанда әлдеқайда мол. Осының нәтижесінде шумақша капил- лярлары ішінде қан қысымы күшейеді де, қан сүйығының біраз белігі қан капиллярларының кабырғалары арқылы гломерула қабығының қуысына шығарылып, одан әрі нефронның бөліктері арқылы жылжып ағады. Осы шумақша капиллярлары қабырғасы арқылы сүзіліп
    шыққан қан сүйықтығын алғашқы несеп дейді. Нефрон түтішкелерінің қабырғасы арқылы алғашқы несептен организмге ке- ректі заттар және су кері сорылып, керексіз ыдырау өнімдері несепке шығарылады. Сөйтіп, алғашқы несеп нефронның соңғы бөлігінде кәдімгі нағыз несепке айналады.
    Бүйрек қүрсақ қуысының бел аумағында бел бүлшықеттерінің төменгі беті мен қүрсақ қуысының сірілі қабығы — ішперденің ара- сында орналасады. ПІошқадан басқа жануарларда оң бүйрек бауыр- дың қүйрық белігімен жанасып, онда бүйрек батыңқысын қалдырады.
    Жүрек әрбір жиырылғандағы қолқаға айдалған қанның 15—30 % бүйрек артериялары — аа.гепаіез — арқылы бүйрекке тазалануға ағып келеді. Бүйректің қызметін кезеген жүйке, ал оның қан тамыр- ларының жүмысын симпатикалық жүйкелер реттейді.
    Ерекшеліктері. Жылқы бүйректері тегіс біремізікшелі. Оның оң бүйрегінің пішіні жүрекке үқсас, ал сол бүйрегі лобия тәріздес бола- ды. Бүйрек түбегінде ағзаның алдыңгы және артқы үштарына қарай созылып жатқан бүйрек жолдары — гесеззиз Іеппіпаіез — көрінеді. Бүйрек пирамидаларының саны 10—12. Оң бүйрек 14—15-ші қабырғалардан 2-ші бел омыртқаға дейінгі аралықта орналасады. Ірі қара мал бүйректері тілімді, көпемізікшелі. Бүйрек түбегі болмайды, оның орнына емізікшелер бірігіп түзілген екі негізгі өзек болады. Олар несепағарға жағасады. Оң бүйрек 12—13-ші қатырғалар мен 2—3-ші бел омыртқаларының аралығында орын тебеді. Пішіні үзын- ша келген, сопақ болады. Сол бүйрек оң бүйректің артқы жағында 2- ші мен 5-ші бел омыртқалардың түсында орналасады. Бірақ ол мес қарынның азықпен толуына байланысты кебіне оң жаққа қарай ығысып жатады. Оның артқы үшы алдыңғы үшына қарағанда калыңдау келеді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет