Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі



бет27/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   96
treatise203 (2)

Тұрақты жер пайдалану деп жерді алдын ала мерзімін белгілемей отырып пайдалану болып табылады. Тұрақты пайдалануға тек мемлекеттік тұлғаларға ғана беріледі. Бұл Жер кодексінің 34-бабында көрсетілген. Жер учаскелерi тұраќты жер пайдалану ќұќығымен мынадай мемлекеттiк жер пайдаланушыларға:
1) кондоминиум объектiлерiндегi үйлердi (ќұрылыстарды, ғимараттарды), үй-жайларды шаруашылыќ жүргiзу ќұќығымен немесе оралымды басќару ќұќығымен иеленетiн заңды тұлғаларға;
2) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiн жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
3) ерекше ќорғалатын табиғи аумаќтар жерiнде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға беріледі. Сонымен қатар, тұраќты жер пайдалану ќұќығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесiлi болмайды.
Уақытша жер пайдалану құқығы алдын ала мерзімін белгілей отырып пайдалану. Уақытша жер пайдалану құқығы екі түрге бөлінеді:
1. Қысқа мерзімді, ол бес жылға дейін пайдалану;
2. Ұзақ мерзімді, ол бес жылдан қырық тоғыз жылға дейін.
Уаќытша жер пайдалану ќұќығын табыстау мерзiмдерi жер учаскесiне берiлетiн ќұќыќты, оның нысаналы маќсатын және аумаќты аймаќтарға бөлудi ескере отырып белгiленедi.
Өтеулі жер пайдалану құқығы дегеніміз – жер пайдалану құқығы мемлекеттен сатып алынатындығын білдіреді. Жер учаскесiне уақытша өтеулi (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы азаматтарға, мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға табысталуы мүмкiн. Жер кодексіне сәйкес, жер учаскесін жеке меншікке сатып алудың төрт түрлі жағдайы көрініс тапқан. Олар:

  • Біріншіден, жерді жер учаскесінің кадастрлық бағалау құнына сәйкес сатып алу;

  • Екіншіден, жер учаскесін кадастрлық бағалау құнына сәйкес, сатып алу сомасын төлеу мерзімін он жылға дейін ұзарту арқылы;

  • Үшіншіден, жер учаскесінің кадастрлық құнына қарай айқындалатын жеңілдікті бағамен;

  • Төртіншіден, жер учаскесінің кадастрлық құнына қарай айқындалатын жеңілдікті бағамен сатып алу сомасын төлеу мерзімін он жылға дейін создыру арқылы сатып ала алады.

Өтеусіз жер пайдалану құқығы, керісінше мемлекеттен сатып алынбайтынын білдіреді. Оларға мыналар жатады:

  • шалғайдағы мал шаруашылығы, маусымдық жайылымдар үшін;

  • тұрғын халықтың мал жаю мен шөп шабуы үшін ;

  • мемлекеттік жер пайдаланушыларға;

  • бақша өсіру үшін;

  • қызметтік жер телімі;

  • ортақ пайдаланатын жолдарды салу, мемлекеттік меншігі және әлеуметтік мәдени мақсаттағы обьектілер құрылысы кезеңіне;

  • тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру кезінде;

  • ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен үйлерді және ғимараттарды уақытша өтеусіз пайдалануға берілген кезде,

  • Ғибадат обьектілері үшін діни обьектілер;

Қызметтiк жер телiмi ұзақ мерзiмдi уақытша өтеусiз жер пайдаланудың ерекше бiр түрi болып табылады. Қызметтiк жер телiмi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тізімге сәйкес, осы телiмге құқығы бар адамдар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жерден бөлiнедi. Ол қызметтiк тұрғын үйдi күтiп-ұстау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, шөп шабу және мал жаю үшiн берiледi.
Қызметтiк жер телiмi кейiнгi уақытша өтеусiз жер пайдалануға жатады және жұмысқа байланысты бөлiнген кезеңге берiледi. Қызметтiк жер телiмiне ауыл шаруашылығы дақылдары егiлген жағдайда, жұмыстан босатылған қызметкердiң қызметтiк жер телiмiн пайдалану құқығы өнiм жинап алынғаннан кейiн тоқтатылады. Қызметтiк жер телiмi:
1) жасы немесе мүгедектiгi бойынша зейнеткерлiкке шыққан соң еңбек қатынастарын тоқтатқан қызметкерлерде;
2) Қарулы Күштер қатарына мiндеттi мерзiмдi қызметке шақырылған немесе оқуға түскен қызметкерлердiң отбасында – бұл қызметкерлердiң мiндеттi қызметте немесе оқу орнында болған бүкiл мерзiмiне;
3) қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты қаза тапқан қызметкерлердiң отбасында: жұмысқа жарамсыз жұбайы мен қарт ата-аналары үшiн - өмiр бойы, балалары үшiн - олар кәмелетке толғанға дейiн сақталады.
Қызметтiк жер телiмiн пайдалану құқығына қатысты қандай да болсын мәмiле жасасуға жол берiлмейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет