Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі



бет26/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   96
treatise203 (2)

Бақылау сұрақтары
1. Жерге меншік құқығының түсінігі және түрлері
2. Жерге мемлекеттік меншік құқығы, оның объектісімен субъектілері және жүзеге асыру ерекшеліктері
3. Жерге жеке меншік құқығы, оның объектілері мен субъектілері және жүзеге асыру ерекшеліктері
4. Жер учаскесі жерге заттық құқықтықтың объектісі ретінде түсінігі, белгілері және түрлері


Әдебиеттер
1. Косанов Ж.Х. Право собственности на землю, право землепользования и иные права на землю. Алматы, “Данекер”, 2002г.
2. Краснов Н.И. “О соотношении земельного и гражданского права при переходе к рыночной экономике” // Государство и право.-1994-№ 7.

5 ТАҚЫРЫП. ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕРГЕ БАСҚА ДА ҚҰҚЫҚТАР
Сұрақтары:
1. Жер пайдалану құқығының түсінігі және оның түрлері.
2. Жер пайдалану құқығының субъектілері және олардың түрлері.
3. Жер меншік иелерімен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері.
4. Сервитуттар түсінігі, түрлері пайда болу және тоқтату шарттары.


1. Жер пайдалану құқығының түсінігі және оның түрлері.

Жер пайдалану құқығының анықтамасы Жер кодексінің 12-бабында көрсетілген. Жер пайдалану құқығы дегеніміз – тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі немесе өтеусіз негізде мерзімсіз немесе белгілі бір мезгіл ішінде иелену және пайдалану құқығы.


Жер пайдалану құқығының келесідей ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
1. Пайдаланудағы жер әрқашанда мемлекеттің меншігінде болып қалады;
2. Жер учаскесін пайдалануға мерзімсіз немесе бір мерзім ішінде беріліп отырады, ал меншік құқығында барлық пайдалану мерзімсіз болып табылады;
3. Жер учаскесін пайдалануға ақылы түрде берілуі мүмкін, бұл пайдалану өтеулі деп аталады. Заңда көрсетілген тұлғаларға жер тегін түрде беріледі, бұл пайдаланудың түрі өтеусіз деп аталады.
Жер пайдалану құқығының мынандай түрлері бар:
1. Тұрақты жер пайдалану құқығы;
2. Уақытша жер пайдалану құқығы;
3. Өтеулі жер пайдалану құқығы;
4. Өтеусіз жер пайдалану құқығы;
5. Иеліктен шығарылатын жер пайдалану құқығы;
6. Иеліктен шығарылмайтын жер пайдалану құқығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет