Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі



бет25/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   96
treatise203 (2)

Жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі – азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер жер заңдарында өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады. Қазақстан Республикасының Жер кодексі заңды күшіне енгенге дейін шетел азаматтары, шетел заңды тұлғалары және азаматтығы жоқ адамдар жерге жеке меншік иесі болып табылмайтын. Қазіргі кезде жер заңнамасын саралау нәтижесінде аталған тұлғалардың жеке меншік құқығында үйлердi \құрылыстар мен ғимараттарды\ олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi және олардың кешендерiн салу үшiн немесе олар салынған жер учаскелерi бола латыны анықталды.


4. Жер учаскесі жерге заттық құқықтықтың объектісі ретінде түсінігі, белгілері және түрлері
Жер учаскесі деп – заңда белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін тұйық шекара ішіндегі бөлінген жер бөлігі.
Жер учаскесінің белгілері мынадай:
1. Тұрақты орналасқандығы;
2. Белгілі шекарада орналасқандығы;
3. Учаскеге құқығы бар екендігін растайтын құжаттың болуы. Жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттар дегеніміз – осылардың негiзiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскесiне тиiстi құқықтары (жеке меншiк құқығы, жер пайдалану құқығы, сервитуттар және жер учаскесiне өзге де заттық құқықтар) туындайтын құжаттар. Құқық белгiлейтiн құжаттарға атқарушы органдардың жер учаскесiне құқық беру туралы құқықтық актiлерi, сатып алу-сату шарттары (айырбастау, сыйға тарту немесе жер учаскесiн иелiктен шығару туралы өзге мәмiлелер) және сот органдарының жер учаскесiне жеке меншiк құқығын, жер пайдалану құқығын және жерге өзге заттық құқықтарды тану туралы шешiмдерi жатады.
Жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттар дегеніміз – жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларын көрсететiн және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның  құқық белгiлейтiн құжаттардың негiзiнде жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға беретiн құжаттары. Құқықты куәландыратын құжаттарға жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актiсi, тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi және уақытша (өтеулi, өтеусiз) жер пайдалану құқығы актiсi жатады.
Жер учаскесi бөлiнетiн және бөлiнбейтiн болуы мүмкiн. Өзiнiң нысаналы мақсатын өзгертпей және өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, құрылыстық және өзге де мiндеттi нормалар мен ережелердi бұзбай бөлiктерге бөлуге болатын, бөлiнгеннен кейiн әрқайсысы дербес жер учаскесiн құрайтын жер учаскесi бөлiнетiн жер учаскесi болады, бұлай болмаған жағдайда ол бөлiнбейтiн болып табылады.
Жер учаскесiнiң бөлiнбейтiндiгi жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжатта көрсетiледi. Бөлiнетiн жер учаскесiнiң бөлiгiмен мәмiле жасалған кезде бұл бөлiк белгiленген тәртiппен алдын ала дербес жер учаскесi болып бөлiнiп шығарылуға тиiс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет