Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Жерді мемлекеттік мұқтаждары үшін келесі жағдайларда қайтарып алуға болады



бет39/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   96
treatise203 (2)

Жерді мемлекеттік мұқтаждары үшін келесі жағдайларда қайтарып алуға болады:
1) халықаралық мiндеттемелер;
2) қорғаныс қажетiне, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатқа арнап жер беру;
3) учаскенiң астынан пайдалы қазбалардың кен орнының (кең таралғандарынан басқасы) табылуы;
4) жол салу, электр тарату, байланыс желiлерi мен магистральды құбырларды тарту, сондай-ақ осы объектiлердi орналастырудың басқа мүмкiн нұсқалары болмаған кезде мемлекеттiк маңызы бар басқа да объектiлер салу;
5) құлау (қирау) қаупi бар апатты және ескiрген тұрғын үйлердi бұзу;
6) қалалар мен өзге де елдi мекендердiң бас жоспарлары, аумақты аймақтарға бөлу схемалары және белгiленген тәртiппен бекiтiлген өзге де қала құрылысы немесе жерге орналастыру құжаттамасы негiз болып табылады.
Жер учаскесін мемлекет қажеттіктері үшін алып қоюдың міндетті және факультативті сатыларын бөліп қарастырады Ол міндетті сатылардың қатарына:

  1. дайындық сатысын;

  2. жер учаскесін сатып алу туралы шешім қабылдау сатысы;

  3. жер учаскесінің меншік иесімен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушымен сатып алу жағдайларымен келістіру сатысы.

Факультативті саты жер учаскесін сатып алу туралы талапты сотта қарауды білдіреді. Жер учаскесін мемлекет қажеттіктері үшін алып қою сатылары бірінен кейін бірі кезегімен жүзеге асырылуы тиіс.
Егер Ќазаќстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, сатып алу туралы шешiм ќабылдаған орган жер учаскесiнiң меншiк иесiне немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушыға бұл жөнiнде учаскенi сатып алудан кемiнде бiр жыл бұрын жазбаша түрде хабарлауға тиiс. Ал Алматы және Астана қалалары үшін кемінде үш ай бұрын хабарлауы тиіс. Осы мерзім ішінде жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың ортасында келесі сұрақтар шешілуі тиіс:
1. Шығынды қандай тұлға өтейді.
2. Оның сомасының өтеу мөлшері қандай болуы тиіс.
3. Жер қандай уақытта босатылуы тиіс. т.б.
Мемлекеттік мұқтаждар үшін жер алынғанда шығындарды өтейтін тұлға болып танылмайды оны өтеуге жер кімнің пайдасына берілді сол тұлға өтеу керек.
Мемлекеттік мұқтаждарға сатып алынатын жер учаскесiнiң бағасын айќындау кезiнде
1. жер учаскесiнiң немесе оған ќұќыќтардың нарықтық құны.
2. жер учаскесінде орналасќан жылжымайтын мүлiктiң нарыќтыќ ќұны.
3. үшiншi тұлғалар алдындағы мiндеттемелердiң мерзiмiнен бұрын тоќтатылуына байланысты өздерi шеккен шығындар.
4. жер учаскесiнен айырылуына байланысты меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген барлыќ шығын ќосылады.
Егер тараптар бірыңғай келісімге келмесе сот органдары шығындарды өтеу мөлшерін, қайтарып алудың құнын анықтауға құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет