Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн меншiк иесi мен жер пайдаланушыдан алып қою



бет41/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   96
treatise203 (2)

Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн меншiк иесi мен жер пайдаланушыдан алып қою. Егер учаскенi пайдалану Жер кодексінде немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген жердi ұтымды пайдалану ережелерiн өрескел бұза отырып жүзеге асырылса, атап айтқанда, егер учаске нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмаса немесе оны пайдалану ауыл шаруашылығы жерi құнарлылығының едәуiр төмендеуiне не экологиялық жағдайдың едәуiр нашарлауына әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейiн жер учаскесi меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкiн. Жер учаскесiн алып қою туралы талап-арыз Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан, талап-арыз беруден кемiнде үш ай бұрын меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жою қажеттiгi туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейiн ғана және осы мерзiм iшiнде меншiк иесi немесе жер пайдаланушы учаскенi пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жоймаған жағдайда берiлуi мүмкiн.
Егер меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы учаскенi нысаналы мақсатқа сай пайдаланбауында болса, алып қою туралы талап-арыз бергенге дейiн жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық орган учаскенiң меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының өтiнiшi бойынша жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселе бойынша учаске орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына ұсыныстар жіберуге мiндеттi. Бұл жағдайда учаскенiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселе оң шешiлмеген кезде ғана талап-арыз берiлуi мүмкiн.
Сот шешiмiмен учаскенi меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан алып қойған жағдайда жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу және атқарушылық заңдарында белгiленген тәртiппен ашық сауда-саттықта сатылады.
Сатудан түскен сома, учаскенi алып қою шығыстары шегерiле отырып, бұрынғы меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға төленедi. Бiр жыл iшiнде кемiнде үш рет сауда-саттыққа шығарудан кейiн ондай жер учаскесiн немесе оларға жер пайдалану құқығын сату мүмкiн болмаған жағдайда жер учаскесi сот шешiмiмен арнайы жер қорына қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет