Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Егер меншік иесі немесе жер пайдаланушы өз міндеттемелерін орындамай отырса оның жер учаскесі оның қарыздары бойынша өндіріліп алынады



бет40/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   96
treatise203 (2)

Егер меншік иесі немесе жер пайдаланушы өз міндеттемелерін орындамай отырса оның жер учаскесі оның қарыздары бойынша өндіріліп алынады. Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу кезiнде меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы ауысатын тұлғаның алып қойылған жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы туындаған кезден бастап тоқтатылады.
Кепiлге берушiнiң өтiнiшi бойынша сот дәлелдi себептер болған кезде (дүлей апат және өзге де төтенше жағдайлар), сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер кепiлге салынған жағдайда, кепiлге салынған жер учаскесiнен (жер пайдалану құқығынан) өндiрiп алу туралы шешiмде оның сатылуын бiр жылға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдыруға құқылы. Бұл жағдай өндіріп алу жағдай Азаматтық заңнамамен реттеліп отырады. Мысалы: Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңға сәйкес жер учаскесі оның иесінің қарыздары бойынша үш тәсіл арқылы өндіріліп алынады:
1. Сот органдарының шешімімен
2. Сауда саттық негізінде
3. Соттан тыс тәртіпте
Жерді нысаналы мақсатына сай емес пайдаланған жерді қайтарып алуы. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне не тұрғын үй құрылысы мен өзге де құрылысқа арналған учаске, егер Қазақстан Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзiм көзделмесе, бiр жыл iшiнде тиiстi мақсатында пайдаланылмаған жағдайларда жер учаскесi меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкiн. Бұл кезеңге учаскенi игеруге қажеттi уақыт, сондай-ақ дүлей апаттар салдарынан немесе осылайша пайдалануға мүмкiндiк бермеген өзге де мән-жайларға байланысты учаскенi мақсаты бойынша пайдалану мүмкiн болмаған уақыт кiрмейдi. Жер учаскесiн алып қою туралы талап-арыз меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз қойылғанға дейiн кемiнде бiр жыл бұрын учаскенi мақсаты бойынша пайдалану қажеттiгi туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейiн және осы уақыт iшiнде жер учаскесiнiң меншiк иесi не жер пайдаланушы учаскенi мақсаты бойынша пайдалану жөнiнде қажеттi шаралар қолданбаған жағдайда ғана берiлуi мүмкiн. Сот шешiмiмен учаскенi меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан алып қойған жағдайда жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу және атқарушылық заңдарында белгiленген тәртiппен ашық сауда-саттықта сатылады. Сатудан түскен сома, учаскенi алып қою шығыстары шегерiле отырып, бұрынғы меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға төленедi. Бiр жыл iшiнде кемiнде үш рет сауда-саттыққа шығарудан кейiн ондай жер учаскесiн немесе оларға жер пайдалану құқығын сату мүмкiн болмаған жағдайда жер учаскесi сот шешiмiмен арнайы жер қорына қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет