«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заң»


экологиялық жағдайлар аймақтарында және ерекше



бет12/12
Дата09.06.2016
өлшемі0.73 Mb.
#123952
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

               экологиялық жағдайлар аймақтарында және ерекше
               қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын
               жүргiзу

      1. Теңiзде, iшкi су айдындарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргiзу мүмкiндiгi туралы жалпы рұқсатты мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi.


      2. Теңiзде, iшкi су айдындарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргiзудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      3. Кен орындарын пайдаланған кезде теңiздiң қорықтық бөлiгiнде мұнай тасымалдау Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген талаптар сақталған жағдайда құбырлар арқылы жүзеге асырылады.

      115-бап. Жер қойнауын пайдалануда халықтың және


               персоналдың қауiпсiздiк жағдайларын қамтамасыз
               ету

      1. Жер қойнауын пайдаланушы заңнамада көзделген жұмыс жүргiзу қауiпсiздiгi ережелерi мен нормаларының орындалуын, сондай-ақ авариялардың, жазатайым оқиғалар мен кәсiптiк аурулардың алдын алу және оны жою жөнiндегi iс-шаралардың жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге тиiс.


      2. Егер адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн болса, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге тыйым салынады.
      3. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк және өнеркәсiптiк санитария қағидалары мен нормаларының сақталуына мемлекеттiк бақылауды өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      4. Мыналар:
      1) жұмысқа - арнаулы дайындығы және бiлiктiлiгi бар адамдарды, ал тау-кен жұмыстарын басқаруға тиiстi арнаулы бiлiмi бар адамдарды жiберу;
      2) тау-кен және бұрғылау жұмыстарындағы адамдарды арнаулы киiмдермен, дербес және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;
      3) қауiпсiздiк талаптарына және санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сай келетiн машиналарды, жабдықтар мен материалдарды қолдану;
      4) қопарғыш заттар мен қопару құралдарын есепке алу, тиiсiнше сақтау және жұмсау, сондай-ақ оларды дұрыс және қауiпсiз пайдалану;
      5) жұмыстардың технологиялық циклын қамтамасыз етуге қажет және қауiптi жағдайларды болжауға жеткiлiктi геологиялық, маркшейдерлiк және өзге де байқау кешенiн жүргiзу, қауiптi аймақтарды уақтылы анықтау және оны тау-кен жұмыстары жоспарына түсiру;
      6) кенiш атмосферасының жай-күйiн, ондағы оттегi мөлшерiн, зиянды және жарылғыш қауiптi газдар мен тозаңдарды ұдайы бақылау;
      7) жұмысты жүргiзудiң қауiпсiз аймақтарының шектерiн анықтайтын техникалық құжаттаманы және аварияларды жоюдың жоспарларын деректермен уақтылы толықтыру;
      8) қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игерудiң жобалау жүйелерiн, мұнай, газ және жерасты суы кен орындарын игеру мен жайластырудың жобаларын және технологиялық сызбаларын сақтау;
      9) газдардың күтпеген жерден шығуын, судың, пайдалы қазбалардың және тау-кен жыныстарының сыртқа жарып шығып кетуiн, сондай-ақ тау-кен соққыларын болжау және олардың алдын алу жөнiндегi арнаулы iс-шараларды жүзеге асыру жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзудiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi талаптары болып табылады.
      5. Жұмыскерлердiң өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төнген жағдайда жер қойнауын пайдаланушылардың лауазымды адамдары жұмысты дереу тоқтатып, адамдарды қауiпсiз жерге тасымалдауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      6. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар әсер ететiн аймақтарда халықтың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төнген жағдайда тиiстi ұйымдардың басшылары ол туралы жергiлiктi атқарушы органдарға дереу хабарлауға мiндеттi.
      7. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар әсер ететiн аймақта халықтың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi және халықтың денсаулығы мен өмiрi үшiн қауiпсiз жағдай жасалмайынша және төнген қауiп жойылмайынша, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияны қайта бастауға құқылы емес. Қауiптi болдырмау үшiн өзге шараларды қолдану мүмкiн болмаған кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың қауiптi әсер ету аймағынан халық көшiрiлгеннен кейiн ғана жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды қайта бастауға құқылы.
      8. Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi жер қойнауын пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге сәйкес шарт негiзiнде қызмет көрсетедi.

12-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ҚОРҒАУ, ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ
САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ

      116-бап. Жер қойнауын қорғау саласындағы мемлекеттiк


               бақылау

      1. Жер қойнауын қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.


      2. Жер қойнауын қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау мiндетi жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жер қойнауының ластануын болғызбау және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайту бөлiгiнде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Жер қойнауын қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау:
      1) жер қойнауын қорғаудың мемлекеттiк мониторингiн;
      2) жер қойнауын қорғау саласына жататын лицензиялық-келiсiмшарт талаптарының сақталуын бақылауды;
      3) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудi және сарқынды суларды ағызуды бақылауды;
      4) кен орнының және қоршаған ортаның басқа да объектiлерiнiң бүлiнуiне әкеп соғатын ластанудан, су басудан, өрттен және техногендiк процестерден жер қойнауын сақтауды бақылауды;
      5) жер қойнауын пайдалану объектiлерiн консервациялау мен жоюды бақылауды;
      6) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде авариялық және өзге де қауiптi жағдайларды болғызбау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын бақылауды;
      7) жер қойнауын пайдалану және минералдық шикiзатты өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылауды;
      8) минералдық шикiзаттарды өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша жобалау шешiмдерiнiң сақталуын бақылауды қамтиды.

      117-бап. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалануды мемлекеттiк


               бақылау

      1. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалануды мемлекеттiк бақылауды жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.


      2. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалануды мемлекеттiк бақылау мiндетi жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарын iздеу және бағалау, өндiру кезiнде минералдық шикiзатты ұтымды әрi кешендi пайдалану, өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және пайдалану үшiн геологиялық зерттеу және жер қойнауы учаскелерiн бағалау кезiнде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалануды мемлекеттiк бақылау:
      1) қорларды ашуды, дайындауды және қазып алудың толымдылығын қамтамасыз ететiн, жер қойнауының бай учаскелерiн таңдап игерудi болғызбайтын жер қойнауын геологиялық зерттеу мен пайдалануды, кен орындарын игерудiң техникалық жобалары шешiмдерiнiң сақталуын бақылауды;
      2) пайдалы қазбалардың сыртқа шығарылатын және жер қойнауында айналыстан шыққан қорлары мен оларды өндiру кезiндегi ысырапты есепке алудың дәйектiлiгiн бақылауды қамтиды.

      118-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың


               жүргiзiлуiн мемлекеттiк бақылау

      1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың жүргiзiлуiн мемлекеттiк бақылауды мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреттерi шегiнде жүзеге асырады. Осы органдардың тексерулердi жүзеге асыратын лауазымды адамдары коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.


      2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың жүргiзiлуiн мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      3. Тексерулер "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 118-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

13-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ҚОРЫ

      119-бап. Жер қойнауы мемлекеттiк қорының жай-күйiн


               есепке алу

      1. Жер қойнауының мемлекеттiк қоры Қазақстан Республикасының жер қойнауларынан құралады.


      2. Жер қойнауының мемлекеттiк қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшiн:
      1) жер қойнауының мемлекеттiк мониторингi;
      2) жер қойнауына мемлекеттiк сараптама;
      3) геологиялық ақпаратты мемлекеттiк сақтау;
      4) пайдалы қазбалар қорының мемлекеттiк балансын жасау;
      5) мыналарға:
      пайдалы қазбалар кен орындары мен көрiнiс-белгiлерiне;
      жер қойнауына зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар көмiлетiн және сарқынды суларды ағызатын жерлерге;
      техногендiк минералдық түзiлiмдерге мемлекеттiк кадастрлар жасау жүргiзiледi.
      3. Жер қойнауын пайдаланушылар бастапқы есепке алу материалдарына негiзделген жер қойнауының жай-күйi туралы геологиялық есептiлiктi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн арнаулы нысандарға сәйкес ұсынады.

      120-бап. Жер қойнауының мемлекеттiк мониторингi

      1. Жер қойнауының мемлекеттiк мониторингi жер қойнауының мемлекеттiк қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мен олардың өзгеруiн уақтылы анықтау, келеңсiз процестер зардаптарын бағалау, олардың алдын алу және жою үшiн жер қойнауының жай-күйiн бақылау жүйесi болып табылады.
      2. Жер қойнауының мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      121-бап. Жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасы

      1. Жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалануға жағдайлар жасау, жер қойнауын пайдалануға төлемдердi, жер қойнауын пайдалануға берiлетiн жер қойнауы учаскелерiнiң шекараларын анықтау мақсатында пайдалы қазбалардың, барланған кен орындарының қоры мемлекеттiк сараптауға жатады.
      2. Өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына ие жер қойнауын пайдаланушы өндiрудi пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттiк сараптама жүргiзiлгеннен кейiн ғана бастауға құқылы. Барланған пайдалы қазбалардың қорын игерудiң рентабельдiлiгi туралы мемлекеттiк сараптаманың қорытындысы оларды мемлекеттiк есепке қоюға негiз болып табылады.
      3. Мемлекеттiк сараптамаға ұсынылған геологиялық материалдар пайдалы қазбалар қорының мөлшерi мен сапасын, олардың республика экономикасы үшiн маңызын, өндiрудiң тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа да жағдайларын объективтi бағалауға мүмкiндiк берген жағдайда мемлекеттiк сараптама кен орнын геологиялық зерттеудiң кез келген сатысында жүргiзiлуi мүмкiн.
      4. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға жарамды жер қойнауы учаскелерi туралы геологиялық ақпарат та мемлекеттiк сараптауға жатады. Жер қойнауының мұндай учаскелерiн жер қойнауын пайдалануға беруге геологиялық ақпаратқа мемлекеттiк сараптама жүргiзгеннен кейiн ғана рұқсат етiледi.
      5. Жер қойнауына мемлекеттiк сараптаманы Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы және пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi өңiраралық комиссиялар жүзеге асырады.
      6. Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары бойынша мемлекеттiк комиссиясының және пайдалы қазбалар қорлары бойынша өңiраралық комиссиялардың қызметiн ұйымдастыру, олардың құрамы, жұмыс регламентi мен iс қағаздарын жүргiзуi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары бойынша мемлекеттiк комиссиясы және пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi өңiраралық комиссиялар туралы ережеде айқындалады.

      122-бап. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансы

      1. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының минералдық-шикiзат базасының жай-күйiн есепке алу мақсатында жүргiзедi.
      2. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансында коммерциялық жолмен табылған пайдалы қазбалардың әр түрiнiң қорының мөлшерi, сапасы мен зерттелу дәрежесi туралы, олардың орналасуы туралы, өндiрiстiк игерiлу дәрежесi, өндiру, ысырабы туралы және өнеркәсiптiң пайдалы қазбалардың барланған қорларымен қамтамасыз етiлуi туралы мәлiметтер қамтылуға тиiс.
      3. Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттiк балансқа енгiзу және оларды мемлекеттiк баланстан шығару тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      4. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансы жөнiндегi ақпаратты бередi.

      123-бап. Пайдалы қазбалар кен орындарының және


               көрiнiс-белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастры

      1. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс-белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган жер қойнауын геологиялық зерттеудiң салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлеудi, кен орнын кешендi пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да мiндеттердi шешу мақсатында ұйымдастырады.


      2. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс-белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастры әрбiр кен орны бойынша негiзгi және онымен бiр жерде жатқан басқа пайдалы қазбалардың және олардағы компоненттердiң саны мен сапасын, кен орнын игерудiң тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық, тағы басқа жағдайларын және оны геологиялық-экономикалық бағалауды сипаттайтын мәлiметтердi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың анықталған көрiнiс-белгiлерi бойынша мәлiметтердi қамтиды.
      3. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс-белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      124-бап. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi


               қалдықтарды көмудiң және сарқынды суларды
               тағызудың мемлекеттiк кадастры

      1. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттiк кадастрын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты жедел алу, шешiмдердi қабылдау, жер қойнауына зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар көмiлетiн және сарқынды суларды ағызатын жерлердiң жай-күйiн жоспарлы бақылау мақсатында ұйымдастырады.


      2. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттiк кадастры көмiлген заттардың және ағызылған сулардың сандық және сапалық көрсеткiштерi, көму мен ағызудың тау-кен техникалық, арнаулы инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайлары көрсетiле отырып, олардың типтерi мен түрлерiн сипаттайтын мәлiметтердi қамтиды.
      3. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды ағызудың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      125-бап. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк


               кадастры

      1. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тәртiппен жүргiзедi.


      2. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастры сақтаудың сандық және сапалық көрсеткiштерi, тау-кен техникалық және экологиялық жағдайлары көрсетiле отырып, техногендiк минералдық түзiлiмдердiң типтерi мен түрлерiн сипаттайтын үйме объект бойынша мәлiметтердi қамтиды.

14-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОЙНАУЫ ЖӘНЕ ЖЕР
ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ
ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ

      126-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер


               қойнауын пайдалану туралы заңнамасын бұзғаны
               үшiн жауаптылық

      1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.


      2. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзыла отырып жасалған, жер қойнауын пайдаланумен байланысты мәмiлелер жарамсыз болып табылады.
      Аталған мәмiлелердi жасасуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылықта болады.

      127-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер


               қойнауын пайдалану туралы заңнамасын бұзумен
               келтiрiлген нұқсанды (зиянды) өтеу

      1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының талаптарын бұзу салдарынан зиян келтiрген тұлғалар, егер тек зиян еңсерiлмейтiн күштiң немесе зардап шегушiнiң пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде және тәртiппен өтеуге мiндеттi.


      2. Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген нұқсанның мөлшерiн жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган жер қойнауын пайдаланушылармен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен айқындайды.
      3. Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген нұқсанның мөлшерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес айқындайды.

      128-бап. Дауларды шешу

      1. Келiсiмшартты орындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты даулар келiссөздер жүргiзу жолымен шешiледi.
      2. Егер келiсiмшартты орындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiлмейтiн болса, онда тараптар дауларды Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шешуге құқылы.

15-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

      129-бап. Өтпелi ережелер

      1. Осы Заң, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ол қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн туындаған қатынастарға қолданылады.
      2. Құзыреттi органмен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарға жобалау құжаттары болмаған жағдайларда қол қойған жер қойнауын пайдаланушылар, осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап он екi айдан аспайтын мерзiмде оларды әзiрлеу мен белгiленген тәртiппен бекiтудi қамтамасыз етуге және осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап он сегiз айдан кешiктiрмей, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға жобалау құжаттарының негiзiнде барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарға жұмыс бағдарламаларын келiсуге ұсынуға мiндеттi.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жер қойнауын пайдалануға арналған бұрын жасалған келiсiмшарттар бойынша тараптар терминологияны бiрiзге келтiру, кадрлардағы қазақстандық қамту, ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде қазақстандық қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесiне сәйкес есептелген тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегi қазақстандық қамту туралы, құзыреттi орган бекiтетiн тәртiппен және нысандар бойынша жоспарланып отырған және нақты жүргiзiлген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу туралы ақпарат беру бөлiгiнде осы Заңда белгiленген талаптарды басшылыққа алуға мiндеттi.
      4. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген лицензиялар мен жасалған келiсiмшарттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының олармен байланысты барлық актiлерi өз қолданысын сақтайды.
      5. Жер қойнауын пайдалануға бұрын берiлген және қолданыстағы лицензияларға қатысты лицензиялық органның - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң функциялары құзыреттi органға жүктеледi.
      6. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған, 2004 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған бiр келiсiмшарттың шеңберiнде бiр бөлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бекiткен тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебитi аз немесе игерiлген кен орындары тiзбесiне енгiзiлген көмiрсутек шикiзатының бiрнеше кен орындарында өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар құзыреттi органға мұндай кен орнына (кен орындарына) қатысты өндiруге арналған бөлек келiсiмшарт жасасу жөнiнде жүгiнуге құқылы. Мұндай келiсiмшарт бастапқы келiсiмшарттың аяқталуына дейiн қалған мерзiмге жасалуы мүмкiн.

      130-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң, 2010 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 77-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      2. Қазақстан Республикасының мына заңдарының күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 150-құжат; 1999 ж., № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 6, 34-құжат; № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2006 ж., № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат);
      2) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 182-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 22, 170-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат).

      Қазақстан Республикасының


      Президентi                             

     Н. НАЗАРБАЕВ



Астана, Ақорда, 2010 жылғы 24 маусым

№291-IV ҚРЗ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет