«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заң»


өндiрiстердi, магистральдық және өзге де



бет10/12
Дата09.06.2016
өлшемі0.73 Mb.
#123952
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

              өндiрiстердi, магистральдық және өзге де
              құбырларды дамыту мен пайдалану,
              инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi
              тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану жөнiндегi
              мiндеттемелердi iске асыру

      Жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтiн өндiрiстердi, магистральдық және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану жөнiндегi мiндеттемелердi жер қойнауын пайдаланушының iске асыруы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      80-бап. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын
              пайдалану жөнiндегi операцияларды тоқтатқан
              кездегi мiндеттерi

      1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушының барлық өндiрiстiк объектiлерi мен жер учаскелерi халық өмiрiнiң, денсаулығының қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн жағдайға келтiрiлуге тиiс, ал жер қойнауын пайдаланушылар жұмысының зардаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жойылуға тиiс.


      2. Барлауды немесе өндiрудi, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттың өзге де материалдық жеткiзгiштерiн ақысыз беруге мiндеттi.

      81-бап. Жер қойнауын пайдаланушының жабдық пен өзге де


              мүлiкке меншiгi

      1. Егер осы Заңда өзгеше белгiленбесе, ақшаны, бағалы қағаздарды және өндiрiстiк емес мүлiктi қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы барлауды немесе өндiрудi жүргiзу үшiн пайдаланатын жабдық пен өзге де мүлiкке меншiк құқықтарының ауысу мәселелерi келiсiмшартта айқындалады.


      2. Жабдыққа және өзге де мүлiкке меншiк құқығының Қазақстан Республикасына ауысуына қарамастан, келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi iшiнде, сондай-ақ мұндай жабдықты және өзге де мүлiктi құзыреттi органның жазбаша хабарламасына сәйкес басқа тұлғаға беру жағдайларын қоспағанда, келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi өткен кезден бастап бiр жыл iшiнде не келiсiмшартта өзгеше белгiленген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушыда мұндай жабдық пен өзге де мүлiктi өз есебiнен демонтаждау не келiсiмшарттық аумақтан әкету мiндетi сақталады.
      3. Жабдықтың және өзге де мүлiктiң тиесiлiгiне қарамастан, мұндай жабдық пен өзге де мүлiктi демонтаждауды және келiсiмшарттық аумақтан әкетудi жер қойнауын пайдаланушы адам өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауiпсiз тәсiлмен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға тиiс.

8-тарау. МҰНАЙ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

      82-бап. Мұнай операцияларын жүргiзудiң шарттары

      1. Мұнай операцияларын жүзеге асырушы жер қойнауын пайдаланушы мұнай операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ келiсiмшартта айқындалған тәртiппен және шарттарда жүргiзуге мiндеттi.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы барлауды немесе өндiрудi жүргiзу кезiнде кен орындарын игерудiң оң тәжiрибесiн және бекiтiлген жобалау құжаттарының талаптарын басшылыққа aлуғa мiндеттi.
      3. Барлауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының кен орындарының қорларын сынамалы пайдалануды жүргiзуге құқығы бар.
      Сынамалы пайдалануды жүргiзу талаптары мен мерзiмiн жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
      4. Кен орнындағы мұнайдың қоры, сондай-ақ мұнайдың алыну деңгейi Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясында жер қойнауын мемлекеттiк сараптауға және бекiтуге жатады.

      83-бап. Көмiрсутек шикiзаты кен орындарын барлау


              және сынамалы пайдалану

      1. Барлау далалық геологиялық-геофизикалық зерттеулердi, құрылымдық бұрғылауды, iздеу және барлау ұңғымаларын бұрғылауды, байқаудан өткiзу мен сынауды қамтиды. Барлау iздеу жұмыстарының бекiтiлген жобасы бойынша жүргiзiледi, онда ұңғымалардың саны, орналасқан жерi және бұрғылау мерзiмi, олар шешетiн мiндеттер, қажеттi зерттеулер кешенi мен көлемi негiзделедi.


      2. Мұнай және газ-мұнай кен орындарындағы барлау процесiнде осы Заңда белгiленген тәртiппен бекiтiлген сынамалы пайдалану жобасына сәйкес ұңғымаларды сынамалы пайдалану жүргiзiледi.
      3. Сынамалы пайдалануды сынамалы пайдалану жобасын белгiленген тәртiппен бекiтпей, сондай-ақ сынамалы пайдалану жобасының талаптарын бұзып жүргiзуге тыйым салынады.

      84-бап. Көмiрсутек шикiзаты кен орындарын өнеркәсiптiк


              игеру

      1. Көмiрсутектердiң кен орны немесе шоғыры өнеркәсiптiк игеру объектiсi болып танылады, оны қабылданған игеру нұсқасына сәйкес пайдалану iске асырудың барлық мерзiмiнде рентабельдi деп танылады.


      2. Көмiрсутектер кен орындарын игерудi жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн, пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану жөнiндегi бiрыңғай қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Егер:
      1) мұнай кен орнын барлау бойынша - жұмыстар орындалған, қажет болған жағдайда шоғырларды сынамалы пайдалану немесе кен орнының ауқымды учаскелерiн тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеру болса, ал газ кен орны бойынша кен орнын тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк пайдалану жүргiзiлген болса;
      2) көмiрсутектер қорларының және олардың құрамындағы басқа да iлеспе компоненттерiнiң мемлекеттiк сараптамасы жүргiзiлген болса және қорлар пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансына алынған болса;
      3) жоба өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген болса;
      4) өнеркәсiптiк игеруге арналған жобалау құжаттары белгiленген тәртiппен бекiтiлген болса, көмiрсутектердiң кен орындарын (шоғырларын) өнеркәсiптiк игеруге жол берiледi.
      4. Кен орнын өнеркәсiптiк игеру бекiтiлген тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеру жобасына, игерудiң технологиялық схемасына және өнеркәсiптiк игеру жобасына сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Жер қойнауын пайдаланушылар көмiрсутек шикiзатының кен орындарын өнеркәсiптiк игерудi жүзеге асыру кезiнде геологиялық және маркшейдерлiк бақылаулардың және тиiстi құжаттаманың толық, жүйелi және сапалы жүргiзiлуiн, оның сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      6. Өнеркәсiптiк игерудi, тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игерудi тиiстi жобалау құжаттарын белгiленген тәртiппен бекiтпей, сондай-ақ жобалау құжаттарының талаптарын бұзып жүргiзуге тыйым салынады.
      7. Өнеркәсiптiк игерумен байланысты жұмыстарды жер қойнауының жай-күйiне мониторинг жүргiзбей және кен орнын игеруге бақылау жасамай жүзеге асыруға тыйым салынады.
      8. Табиғи газды өндiруге арналған келiсiмшартта табылған кен орнынан өндiрiлетiн табиғи газды жеткiзiп беру жөнiндегi мәмiлелер жасалғанға дейiн табиғи газды өндiрудi бастауды талап етуге құзыреттi органның құқығы жоқ екенi, ал жер қойнауын пайдаланушының өндiрудi бастауға мiндеттi емес екенi көзделуi мүмкiн. Бұл ретте, егер келiсiмшартта өзгеше көзделмесе, келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi табылған табиғи газ кен орнынан өндiрiлетiн табиғи газды жеткiзiп беру жөнiндегi тиiстi мәмiлелер жасалған кезге дейiн үзiледi.
      Егер жер қойнауын пайдаланушы табиғи газды жеткiзiп беру жөнiндегi мәмiлелердi бiр жыл iшiнде жасаспаса, құзыреттi орган жер қойнауын пайдаланушының үшiншi тұлғамен қисынды шарттар бойынша газ жеткiзiп беруге, оның iшiнде үшiншi тұлға жер қойнауын пайдаланушымен мәмiле жасасуға келiскен жағдайда, жеткiзiлiп берiлетiн газды отандық не шетелдiк тұтынушыларға кейiн қайта сату мақсатында шарт жасасуды талап етуге құқылы. Егер жер қойнауын пайдаланушы және құзыреттi орган айқындаған мұндай үшiншi тұлға осы мәселе бойынша келiсiмге келмеген жағдайда, олар бұл даудың сот тәртiбiмен шешiлуiн талап етуге құқылы.

      85-бап. Iлеспе және (немесе) табиғи газды жағу



      1. Мынадай жағдайларды:
      1) авариялық жағдай қатерi немесе оның туындауы, персоналдың өмiрiне немесе халық денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнуi;
      2) ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орындарын сынамалы пайдалану кезiнде;
      3) технологиялық жабдықты iске қосу-баптау; технологиялық жабдықты пайдалану; технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезiнде газды технологиялық ерiксiз жағу жағдайларын қоспағанда, iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға тыйым салынады.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда және бекiтiлген техникалық регламенттерде көзделген мұнай мен газды өндiруге, жинауға, дайындауға, өңдеуге және тасымалдауға, механизмдердiң, жабдық пен құрылыстардың бүлiнуiне байланысты iс-шаралардың барлық технологиялық кешенi бойынша технологиялық жабдықтың жұмысындағы кез келген iстен шығумен (ауытқумен) байланысты болған жағдайларда, iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсатсыз жол берiледi.
      Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы мұндай жағу туралы мұнай және газ саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдарды он күн iшiнде жазбаша хабарландыруға мiндеттi.
      Мұндай хабарламада iлеспе және (немесе) табиғи газды жағу себептерi және жағылатын газдың көлемi туралы мәлiметтер қамтылуы тиiс.
      3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен әдiстеме бойынша есептелген нормативтер мен көлемдер шегiнде, жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарын сақтаған жағдайда, мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiлген рұқсаты бойынша жол берiледi.
      Iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      4. Ұңғыма объектiлерiн сынау кезiнде газды жағуға бекiтiлген жобаға сәйкес әрбiр ұңғыма объектiсi үшiн үш айдан аспайтын мерзiмге жол берiледi.
      Кен орындарын сынамалы пайдалану кезiнде газды жағуға үш жылдан аспайтын жалпы мерзiмге рұқсат берiлуi мүмкiн.
      5. Технологиялық жабдықты iске қосу-баптау кезiнде газды жағу iске қосу-баптау жұмыстарымен байланысты кезең iшiнде жүзеге асырылады.
      Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезiнде газды жағу жабдықтарды пайдалану кезiнде газды технологиялық ерiксiз жағудың көлемiнен асатын, реттелетiн көлемде жүзеге асырылады.
      6. Осы баптың 1-тармағының күшi 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейiн жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға, егер олар 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейiн мемлекеттiк органда бекiтiлген (келiсiлген) немесе 2006 жылғы 1 шiлдеге дейiн құзыреттi органда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органда келiсiлген болса, iлеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату жөнiндегi бағдарламаларды iске асыру мерзiмдерi аяқталғанға дейiн қолданылмайды.

      86-бап. Iлеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату


              және өңдеу

      1. Iлеспе және (немесе) табиғи газды өңдемей және (немесе) кәдеге жаратпай мұнай-газ кен орындарын өнеркәсiптiк игеруге тыйым салынады.


      2. Көмiрсутек шикiзатын өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаға зиянды барынша азайтуға, көмiрсутек газын жағу көлемiн барынша азайтуға, iлеспе газды, оны өңдеудi қоса алғанда, ұтымды және кешендi пайдалануға бағытталған iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
      3. Егер келiсiмшартта өзгеше белгiленбесе, iлеспе газ мемлекеттiң меншiгi болып табылады.
      4. Iлеспе газды өңдеу жөнiндегi мiндеттемелер осы Заң қолданысқа енгенге дейiн жасалған келiсiмшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушы мен құзыреттi органның арасындағы бөлек келiсiммен ресiмделедi және көмiрсутек шикiзатын өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшартқа қосымша болып табылады.
      5. Iлеспе газды өңдеу тиiмсiз кейбiр кен орындарында жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдардың келiсуi бойынша мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның шешiмiмен оны технологиялық мұқтаждықтарға пайдалану, қат iшiнiң қысымын арттыру мақсатымен қатқа айдау, сондай-ақ сақтау мақсатымен қатқа керi айдау жолымен өңдемей кәдеге жаратуға рұқсат етiледi.
      6. Көмiрсутектi кен орнын өнеркәсiптiк игеру жөнiндегi жобалық құжаттамада iлеспе газды өңдеу (кәдеге жарату) жөнiндегi бөлiм мiндеттi түрде қамтылуға тиiс.
      7. Мемлекеттiң маңызды стратегиялық ресурсы ретiнде iлеспе газды ұтымды пайдалануға қол жеткiзу мақсатында көмiрсутек шикiзатын өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар мен мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi орган iлеспе газды пайдалану жөнiндегi жобаларды бiрлесiп игерудi жүзеге асыра алады.
      8. Жер қойнауын пайдаланушылар мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның бекiтуiне және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсуге жататын iлеспе газды өңдеудi дамыту бағдарламаларын көздеуге мiндеттi, олар iлеспе газды жағу немесе қатқа керi айдау (кәдеге жарату) көлемдерiн қысқарту жолымен қоршаған ортаға зиянды әсерiн төмендету мақсатында әр үш жыл сайын жаңартылып отыруға тиiс.
      Бағдарламалардың орындалуы туралы есептердi жер қойнауын пайдаланушы мұнай және газ, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органдарға жыл сайын жiберуге тиiс.
      9. Осы баптың 1-тармағының күшi 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейiн жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға, егер олар 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейiн мемлекеттiк органда бекiтiлген (келiсiлген) немесе 2006 жылғы 1 шiлдеге дейiн құзыреттi органда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органда келiсiлген болса, iлеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату жөнiндегi бағдарламаларды iске асыру мерзiмдерi аяқталғанға дейiн қолданылмайды.

      87-бап. Мұнай операцияларын жүргiзу процесiнде авариялар


              мен өзге де қауiптi оқиғаларды болғызбау
              жөнiндегi iс-шаралар

      1. Мұнай операцияларын осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы кен орындарын игерудiң оң практикасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа ала отырып, мұнай операцияларын жүргiзу процесiнде адамдардың өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға, сондай-ақ мүлiктi жоюға қатер төндiретiн авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болғызбау жөнiндегi барлық қажеттi шараларды қабылдауға мiндеттi.


      2. Жер қойнауын пайдаланушы мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезiнде авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болғызбау жөнiндегi iс-шаралар бағдарламаларын әзiрлеуге және оларды жобалау құжаттарының құрамында бекiтуге мiндеттi.

      88-бап. Көмiрсутек шикiзатының кен орындарын жайластыру

      1. Қажеттi кәсiпшiлiк объектiлердi және көмiрсутектердi өндiру, дайындау, сақтау және өндiру мен сақтау орнынан магистральдық құбырға және (немесе) көлiктiң басқа түрiне аудару орнына дейiн тасымалдау үшiн қажеттi өзге де инфрақұрылым объектiлерiн салу белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн жобалау құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Көмiрсутектер кен орындарын жайластыру объектiлерiн жобалау мен салу кезiнде осы объектiлердiң қауiпсiз жұмыс iстеуi, ықтимал авариялық жағдайлардың зардаптарын шектеу мен мейлiнше азайту жөнiндегi қажеттi шаралар қамтамасыз етiлуге тиiс.
      3. Жайластыру объектiлерiн салу кезiнде кен орнын игерудiң қабылданған технологиялық нұсқасының жобалау көрсеткiштерiнiң өзгеруiне және өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiк жөнiндегi талаптардың бұзылуына әкеп соқпас үшiн оларды пайдалануға берудiң жобалау құжатында белгiленген кезектiлiгi сақталуға тиiс.

      89-бап. Шекара маңындағы кен орындарында барлау мен


              өндiрудiң ерекшелiктерi

      1. Егер жүргiзiлетiн барлаудың немесе өндiрудiң нәтижесiнде жер қойнауын пайдаланушы кен орны шекара маңындағы кен орны болып табылатындығын анықтаған жағдайда, мұндай жер қойнауын пайдаланушы бұл туралы құзыреттi органға дереу хабарлауға мiндеттi.


      2. Аумағында не құқықтық құзыретiнде осы шекара маңындағы кен орнының бiр бөлiгi бар мемлекетпен Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық келiсiмдерi болмаған жағдайда, құзыреттi орган шекара маңындағы кен орнында мұндай мемлекетпен тиiстi келiсiмге қол жеткiзгенге дейiн барлау мен өндiрудi тоқтата тұруды талап етуге құқылы. Бұл ретте құзыреттi орган барлау мен өндiрудi жаңғыртуға рұқсат бергенге дейiн келiсiмшарт өзiнiң қолданылуын үзген болып есептеледi.
      3. Осы Заңның және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы өзге де заңнамасының нормалары шекара маңындағы кен орнында барлау мен өндiру жөнiндегi қатынастарға Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
      Шекара маңындағы кен орындарында барлау мен өндiрудi жүргiзудiң Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалған тәртiбi мен шарттары осы Заңның нормалары алдында басымдыққа ие болады.

      90-бап. Кен орнында бiрыңғай объект ретiнде барлау немесе


              өндiру

      1. Егер жер қойнауын пайдаланушы барлау немесе өндiру операцияларын жүргiзетiн кен орнының бiр бөлiгi басқа жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарттық аумағының шегiнде болған жағдайда, онда мұндай жер қойнауын пайдаланушылар өздерiнiң таңдауы бойынша:


      1) осы кен орнында барлау және (немесе) өндiру құқығына ие тек бiр ғана жер қойнауын пайдаланушы қалатындай немесе бiр келiсiмшарттың негiзiнде iшiнара құқыққа ие бiрнеше жер қойнауын пайдаланушы қалатындай етiп жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезiнде белгiленген беру рәсiмдерiн сақтай отырып, барлауға және (немесе) өндiруге арналған өздерiнiң құқықтарын беруге;
      2) мұндай шартты құзыреттi органмен алдын ала келiсiп, жобалау құжаттарына тиiстi өзгерiстер енгiзе отырып, кен орнына бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзу туралы шарт жасасуға мiндеттi.
      2. Жер қойнауын пайдаланушылар осы баптың 1-тармағын сақтамаған жағдайда, құзыреттi орган жер қойнауын пайдаланушылардан кен орнында бiрыңғай объект ретiнде бiрлескен барлау немесе өндiру туралы шарт жасасуды сот тәртiбiмен талап етуге құқылы. Бiрлескен барлау немесе өндiру туралы шартты жасасу кезiнде бүкiл кен орны үшiн бiрыңғай жұмыс бағдарламасы әзiрленедi, ол жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен мiндеттi түрде келiсуге жатады.
      3. Бiрлескен барлауды немесе өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өздерiне келiсiмшартта, сондай-ақ жұмыс бағдарламасында жүктелген мiндеттемелердi орындау жөнiнде ортақ жауапкершiлiкте болады.

      91-бап. Мұнай операцияларын жүргiзу және мұнай тасымалдау


              кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      1. Мұнай операцияларын жүргiзу және мұнай тасымалдау кезiндегi қауiпсiздiк белгiленген талаптарды сақтау, адам өмiрi мен денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенiн орындау, жерүстi және жерасты құрылыстары мен жабдықтарын салу мен пайдаланудың қауiпсiз жағдайларын жасау, сондай-ақ ықтимал аварияларды болғызбау арқылы қамтамасыз етiледi.


      2. Мұнай, сондай-ақ оның өмiрлiк циклiнiң процестерi техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.
      3. Мұнай операцияларын жүргiзу және мұнай тасымалдау кезiнде жер қойнауын пайдаланушы пайдаланатын жабдық пен өзге де мүлiк техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.
      4. Мұнайды төгу және құю режимi, сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциясы және оларды пайдалану шарттары мұнайға және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне қатысты техникалық регламенттерде белгiленген өрт қауiпсiздiгi нормаларына сәйкес келуге тиiс.
      5. Мұнай өңдейтiн зауыттарға өңдеу үшiн жеткiзiлетiн мұнай Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қауiпсiздiк нормаларына сәйкес келуге тиiс.
      6. Мұнай операцияларын жүргiзу және мұнай тасымалдау кезiндегi қауiпсiздiк шараларының кешенi белгiленген тәртiппен бекiтiлген тиiстi жобалау құжатында көзделуге тиiс.

      92-бап. Ұңғымаларды салу

      1. Ұңғымаларды салу және оларды пайдалануға беру жөнiндегi барлық операциялар ұңғымаларды салу жобасына сәйкес жүзеге асырылуға тиiс. Ұңғымаларды салу жобалары өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органмен келiсуге жатады.
      1. Мынадай:
      1) газда күкiрттi сутегiнiң көлемi алты пайыздан астам болатын;
      2) тереңдiгi бес мың метрден астам болатын құрлықта;
      3) тереңдiгi төрт мың метрден астам болатын теңiзде;
      4) сағалық қысымы отыз бес мегапаскальдан астам болатын ұңғымалар салынған жағдайда, ұңғымаларды салу жобаларын құзыреттi орган бекiтедi.
      Ұңғымалардың өзге де түрлерi бойынша құрылыс жобасын жер қойнауын пайдаланушы бекiтедi.
      3. Ұңғымаларды салу жобалары құзыреттi орган бекiтетiн ұңғымаларды салу жобаларын жасау жөнiндегi арнаулы талаптар ескерiлiп әзiрленедi.

9-тарау. ТЕҢIЗДЕ ЖӘНЕ IШКI СУ АЙДЫНДАРЫНДА
МҰНАЙ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖҮРГIЗУ

      93-бап. Теңiзде және iшкi су айдындарында мұнай


              операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары

      1. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы оларды теңiз кеме қатынасына, балық аулауға және әдетте, теңiздiң нақты учаскесiнде жүзеге асырылатын өзге де заңды қызметке кедергi және зиян келтiрмейтiндей етiп жүзеге асыруға тиiс.


      2. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар теңiзде қоршаған ортаны қорғаудың ең озық практикасын басшылыққа алуға мiндеттi.
      3. Ұлттық компанияның тиiстi келiсiмшартында кемiнде елу пайыз мөлшерiнде жер қойнауын пайдаланушы ретiнде үлестiк қатысу теңiзде мұнай операцияларын жүргiзуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстардың мiндеттi шарты болып табылады.
      Теңiз түбiнде мұнай операцияларын жүргiзу үшiн теңiз түбiн пайдалану құқығы жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның рұқсат беруi жолымен берiледi.
      4. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңiзде жүргiзiлген мұнай операцияларының нәтижесiнде пайда болған теңiздiң ластануы жағдайында қоршаған ортаға және жеке немесе заңды тұлғаларға келтiрiлген зиян үшiн, егер зиянның еңсерiлмейтiн күштiң немесе зардап шегушiнiң пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, кiнәнiң болуына қарамастан жауапты болады.
      5. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңiздiң ластануын болдырмау жөнiндегi арнаулы бағдарламаларды әзiрлеуге және оларды жобалау құжаттарының құрамында бекiтуге мiндеттi.
      Бұл бағдарламалар:
      1) жүргiзiлетiн мұнай операцияларына iшкi бақылау;
      2) персоналды оқыту;
      3) ұңғымаларды бақылауға алу, авариялық және өзге де қауiптi жағдайлар туындаған және теңiз ластанған жағдайда қажеттi жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз ету;
      4) теңiзде аварияларды және олардың зардаптарын жоюға маманданған өзге де ұйымдарды тарту жөнiндегi iс-шараларды қамтуға тиiс.
      6. Теңiз ластанған жағдайда теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөнiндегi арнаулы бағдарламаларға сәйкес қолданылған алдын алу шараларына қарамастан, мұндай жер қойнауын пайдаланушы бұл үшiн өзiнiң қолжетiмдi барлық құралдармен теңiздiң ластануын жою не оның деңгейiн төмендету үшiн барлық мүмкiн болатын шараларды қолдануға мiндеттi.
      7. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы мұндай тұлғаның меншiгiндегi не пайдалануындағы теңiз құрылыстарына инспекциялар жүргiзу үшiн мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн, мұндай мемлекеттiк органдардың өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы инспекцияларды жүргiзуге өкiлеттi болған жағдайда тасымалдауды өзiнiң есебiнен ұйымдастыруға мiндеттi. Теңiз құрылыстарында мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң инспекцияларын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады және ол теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қалыпты қызметiне кедергi келтiрмеуге тиiс.
      8. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының құзыреттi органның жазбаша рұқсатын алмай теңiз құрылысын салуды немесе орналастыруды бастауға құқығы жоқ. Рұқсатты алу үшiн мұндай жер қойнауын пайдаланушы құзыреттi органға теңiз құрылысының жоспарланған орналастырылуына не құрылысының басталуына дейiн өтiнiш жасауға мiндеттi. Өтiнiште жоспарланған теңiз құрылысының не осындай теңiз құрылысын салу жөнiндегi жүргiзiлетiн жұмыстардың сипаты, мерзiмi мен орналасатын жерi қамтылуға тиiс. Құзыреттi орган теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының өтiнiшiн қарауға және өтiнiш берген кезден бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi.
      Теңiздегi жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу үшiн жұмыстар орындауды және (немесе) қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға осы бапта белгiленген нормалар қолданылады.
      9. Iшкi су айдындарындағы мұнай операцияларына теңiздегi мұнай операциялары үшiн белгiленген осы Заңның ережелерi қолданылады.
      10. Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзудiң ерекшелiктерi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттарында көзделуге тиiс.

      94-бап. Сақтық аймағының шегiнде мұнай операцияларын



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет