«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заң»


сарапшылық комиссияның және кең таралған пайдалы



бет4/12
Дата09.06.2016
өлшемі0.73 Mb.
#123952
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

              сарапшылық комиссияның және кең таралған пайдалы
              қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер
              қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi
              сарапшылық комиссиялардың мiндеттерi, функциялары
              мен құқықтары

      1. Жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссияның негiзгi мiндетi осы баптың 2-тармағында көрсетiлген, кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бiр бөлiгiнiң) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердiң айналымымен байланысты мәселелер бойынша құзыреттi органға ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.


      2. Жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссияның функцияларына:
      1) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) иелiктен шығаруға;
      2) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығаруға;
      3) жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн), жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалардағы қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) кепiлге беруге;
      4) осындай жер қойнауын пайдалану құқығынан (оның бiр бөлiгiнен), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлерден ақы өндiрiп алу жағдайларында, оның iшiнде кепiлге салу кезiнде жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi өткiзу (сату) жөнiндегi жария сауда-саттыққа қатысуға;
      5) банкроттық рәсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде құрамына жер қойнауын пайдалану құқығы (оның бiр бөлiгi), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлер кiретiн конкурстық массаны өткiзу (сату) жөнiндегi жария сауда-саттыққа қатысуға;
      6) кепiлге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн), жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) өткiзу жөнiндегi сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланған жағдайда кепiл ұстаушының кепiлге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн), жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) сатып алуға;
      7) бiр немесе бiрнеше қатысушылардың қосымша салымдар енгiзуi жолымен, сондай-ақ заңды тұлғаның қатысушылары құрамына жаңа қатысушыны қабылдау жолымен жарғылық капиталды ұлғайту нәтижесiнде жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы үлеске құқықты сатып алуға;
      8) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның, сондай-ақ егер осы заңды тұлғаның негiзгi қызметi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешiмдерге ықпал ету мүмкiндiгi бар заңды тұлғаның акцияларын немесе акцияларға меншiк құқығын растайтын өзге де бағалы қағаздарды не акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналымға бастапқы шығаруға, оның iшiнде қосымша эмиссия шеңберiнде шығарылған осындай бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бастапқы орналастыруға;
      9) жұмыс бағдарламасы, келiсiмшарт бойынша мiндеттемелердiң өзгеруi;
      10) келiсiмшарттардың қолданылу мерзiмдерiн ұзартуға арналған өтiнiштердi қарау, оларға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы ұсыныстарды әзiрлеу, негiздеу және құзыреттi органға енгiзу кiредi.
      Құзыреттi органның тапсырмасы бойынша жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссия жер қойнауын пайдалануға байланысты өзге де мәселелердi қарайды және олар бойынша тиiстi ұсыныстар әзiрлеп, құзыреттi органға енгiзедi.
      3. Жер қойнауын пайдалану және олармен байланысты құқықтар мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссияның:
      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасуға;
      2) мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың өкiлдерiн және азаматтарды өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша отырыстарға шақыруға және тыңдауға;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан өз функцияларын жүзеге асыруға қажеттi материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
      4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жанынан құрылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссиялардың негiзгi мiндетi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына осы баптың 2-тармағында көрсетiлген, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалардағы қатысу үлестерiнiң (акциялар пакеттерiнiң) айналымына байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
      Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссиялар осы баптың 2-тармағында айқындалған функцияларды жүзеге асырады.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарының тапсырмасы бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссиялар кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдаланумен байланысты өзге де мәселелердi қарауға, олар бойынша тиiстi ұсыныстар әзiрлеп, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына енгiзуге құқылы.
      Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссиялар осы баптың 3-тармағында айқындалған құқықтарға ие болады.

      25-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi


              органның құзыретi

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:


      1) жер қойнауының қорғалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      2) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттiк кадастрын жүргiзедi;
      3) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген нұқсанның мөлшерiн айқындайды;
      4) келiсiмшарттық аумақта немесе одан тысқары жерде барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес және радиоактивтi қалдықтарды, зиянды заттарды көмуге және сарқынды суларға арналған жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға рұқсаттар берудi келiседi;
      5) мұнай операцияларын жүргiзу, мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезiнде аварияларды және өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөнiндегi iс-шаралар бағдарламаларын келiседi;
      6) жер қойнауын пайдалану объектiлерiн консервациялау мен жоюға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      7) барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттар жобаларына экологиялық сараптаманы жүзеге асырады;
      8) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын келiседi;
      9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      26-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де


              уәкiлеттi органдардың құзыретi

      1. Халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:


      1) кадрлардағы қазақстандық қамтуды есептеу әдiстемесiн әзiрлейдi және құзыреттi органның келiсiмi бойынша бекiтедi;
      2) жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша, сондай-ақ кемсiтпеушiлiк негiзiнде қазақстандық кадрлардың еңбек жағдайлары мен еңбегiне ақы төлеудi қамтамасыз ету бойынша келiсiмшарттық мiндеттемелердi орындауының мониторингiн жүзеге асыруға қатысады;
      3) кадрлардағы қазақстандық қамтудың ең аз санын есептеу тәртiбiн бекiтедi;
      4) құзыреттi органмен келiсiлген тәртiппен оған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына қосу үшiн кадрлардағы ең аз қазақстандық қамтуды табыс етедi;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      3. Бiлiм және ғылым саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттiлiктiң ең аз деңгейiн есептеу әдiстемесiн әзiрлейдi және құзыреттi органның келiсiмiмен бекiтедi;
      2) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық мамандарды оқыту бойынша келiсiмшарттық мiндеттемелердi орындауының мониторингiн жүзеге асыруға қатысады;
      3) оқытуға жататын персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың ең аз санын есептеу тәртiбiн бекiтедi;
      4) құзыреттi органмен келiсiлген тәртiппен оған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына қосу үшiн оқытуға жататын персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың ең аз санын табыс етедi.
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      27-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,


              астананың жергiлiктi атқарушы органдарының
              құзыретi

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:


      1) жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес келiсiмшартта айқындалған көлемде және мерзiмге жер пайдалану құқығына жер учаскесiн бередi. Қажет болған жағдайда жер учаскесiн аталған мақсаттар үшiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан алып қоюды жүргiзедi;
      2) өз құзыретi шегiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн берiлген жер және су учаскелерiнiң қорғалуын, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауiпсiздiк талаптарын сақтауын, археологиялық ескерткiштер мен басқа да тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      3) келiсiмшарт жасасу кезiнде өңiр халқының әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық мүдделерiнiң сақталумен байланысты мәселелердi шешу үшiн жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздерге қатысады;
      4) тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетiлетiн қызметтердегi және кадрлардағы қазақстандық қамту мен аумақтарды әлеуметтiк дамыту, оның iшiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттық мiндеттемелердi орындауының мониторингiн жүзеге асыруға қатысады;
      5) жер қойнауын пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар бередi;
      6) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
      7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзбесiн қалыптастыруды жүзеге асырады, ол жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмiн қалыптастыру мен жүргiзу мақсатында құзыреттi органға тоқсан сайын ұсынылады;
      8) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндiрудi жүргiзуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшiн конкурстарды дайындайды және ұйымдастырады;
      9) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстық комиссиялардың құрамын бекiтедi;
      10) жер қойнауын пайдаланушымен келiсiмшарттың талаптары туралы келiссөздер жүргiзедi және жер қойнауын пайдаланушымен бiрлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған келiсiмшарт жобасын дайындайды;
      11) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келiсiмшарттық құжаттар жобаларының сараптамасын жүргiзудi ұйымдастырады;
      12) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды жасасады, тiркейдi және сақтайды;
      13) осы Заңның 37-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды бередi, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге салу жөнiндегi мәмiлелердi тiркейдi;
      14) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған келiсiмшарттың орындалуын және қолданылуының тоқтатылуын қамтамасыз етедi;
      15) жер қойнауын пайдаланумен байланысты, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар объектiлердiң сақталуына жәрдемдеседi;
      16) құзыреттi және уәкiлеттi орталық атқарушы органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерi мен жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған, айрықша экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбелерiн бекiтедi;
      17) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндiруге арналған келiсiмшарттардың қолданылуын жаңғырту туралы шешiмдер қабылдайды;
      18) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келiсiмшарттық мiндеттемелердiң орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;
      19) Осы Заңда және Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшiн жердi резервте ұстауды жүзеге асырады;
      20) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

3-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ

      28-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының түрлерi

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргiзу:
      1) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу;
      2) барлау;
      3) өндiру;
      4) бiрлескен барлау мен өндiру;
      5) барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшiн берiледi.
      2. Жер қойнауын пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтемдi немесе өтеусiз болуы мүмкiн.
      3. Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығында тиесiлi жер учаскелерiнде кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшiн өндiру тұрақты және өтеусiз жер қойнауын пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
      Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың барлық қалған түрлерi уақытша және өтемдi жер қойнауын пайдалану негiзiнде жүзеге асырылады.

      29-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi

      1. Қазақстандық және шетелдiк жеке және заңды тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi болуы мүмкiн.
      2. Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын өз мұқтажы үшiн өндiрудi жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi болып табылуға тиiс.
      3. Бiр келiсiмшарт бойынша бiрнеше тұлға жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi болуы мүмкiн. Мұндай тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының бiрлескен иелерi болып табылады және келiсiмшарт негiзiнде туындайтын мiндеттемелер бойынша ортақ жауапкершiлiкте болады.
      Жер қойнауын пайдалану құқығының бiрлескен иелерiнiң құзыреттi органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына қатысты құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ олардың жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестерiнiң мөлшерi келiсiмшартта айқындалады.
      Жер қойнауын пайдалану құқығының бiрлескен иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi және ортақ iстердi жүргiзу тәртiбi келiсiмшартта, сондай-ақ бiрлескен қызмет туралы шартта айқындалады. Бiрлескен қызмет туралы шарттың ережелерi келiсiмшарттың ережелерiне қайшы келмеуге тиiс.
      Келiсiмшарт бойынша операторды құру немесе айқындау жағдайында жер қойнауын пайдалану құқығының бiрлескен иелерi бұл туралы құзыреттi органға жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
      Ұлттық компанияның мiндеттi үлестiк қатысуы бар келiсiмшарттарда ұлттық компанияның оператордың жарғылық капиталындағы қатысу үлесi кемiнде елу пайызды құрауға тиiс.
      Жер қойнауын пайдалану құқығының бiрлескен иелерi оператордың әрекеттерi үшiн мүлiктiк жауапкершiлiкте болады.

      30-бап. Жер қойнауын пайдаланушы құқықтарының


              кепiлдiктерi

      Жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтарының қорғалуына кепiлдiк берiледi. Келiсiмшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушының кәсiпкерлiк қызметiнiң нәтижелерiн нашарлататын заңнама өзгерiстерi мен толықтырулары осы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн жасалған келiсiмшарттарға қолданылмайды.


      Осы бапта белгiленген кепiлдiктер Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiктi, қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауiпсiздiк, денсаулық сақтау, салық салу және кедендiк реттеу саласындағы заңнамасының өзгерiстерiне қолданылмайды.

      31-бап. Ұлттық компанияның функциялары

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзыретке сәйкес ұлттық компанияның функциялары:
      1) жер қойнауын пайдалану саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;
      2) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және келiсiмшарттарда бекiтiлген өкiлеттiктер шегiнде ұлттық компанияның үлестiк қатысуын көздейтiн келiсiмшарттарда мемлекеттiк мүдделердi бiлдiру;
      3) конкурстың жеңiмпаздарымен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша келiсiмшарттарда үлестiк қатысу жолымен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу;
      4) тiкелей келiссөздер негiзiнде берiлген жер қойнауы учаскелерiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу;
      5) жер қойнауын пайдалану және көмiрсутек шикiзатын тасымалдау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық және iшкi жобаларына қатысу;
      6) Қазақстан Республикасының Президентiне және Үкiметiне келiсiмшарттардың орындалу барысы туралы жыл сайынғы есептердi дайындауға қатысу;
      7) пайдалы қазбаларды барлау, игеру, өндiру, өңдеу, өткiзу, көмiрсутектердi тасымалдау, мұнай-газ құбырларын және мұнай-газ өнеркәсiптiк инфрақұрылымын жобалау, салу, пайдалану мәселелерi бойынша корпоративтiк басқару мен мониторингтi жүзеге асыру;
      8) осы Заңның 13-бабының 8-тармағына сәйкес, иелiктен шығарушымен (иелiктен шығарушылармен) иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi сатып алу туралы келiссөздер жүргiзу және келiсiмдер жасасу болып табылады.
      2. Ұлттық компания жер қойнауын пайдаланушы болатын келiсiмшарттар бойынша барлауды қаржыландыруды, егер бiрлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, оның стратегиялық әрiптесi жүргiзедi.

      32-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды


              жүргiзу үшiн берiлетiн жер қойнауы учаскелерi

      1. Қазақстан Республикасы аумағының шекараларындағы жер қойнауы учаскелерi мемлекеттiк меншiк болып табылады және осы Заңда белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн берiледi.


      2. Жер қойнауы учаскесi айналым нысанасы бола алмайды.
      3. Жер қойнауын пайдалану құқығы осы Заңда айқындалған тәртiппен және талаптарда айналым объектiсi болып табылады.

      33-бап. Геологиялық және тау-кендiк бөлулер

      1. Барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған, сондай-ақ барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жер қойнауын пайдалану құқығының иесi жер қойнауын пайдалану жөнiндегi тиiстi операцияларды геологиялық немесе тау-кендiк бөлуге сәйкес айқындалған жер қойнауы учаскесi шегiнде ғана жүргiзуге құқылы.
      2. Геологиялық бөлудi жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган конкурс жеңiмпазы немесе осы Заңда көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткiзбей-ақ берiлген тұлға өтiнiш берген күннен бастап жиырма күн iшiнде бередi.
      3. Тау-кендiк бөлудi жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган конкурс жеңiмпазына немесе осы Заңның 35-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткiзбей-ақ берiлетiн тұлғаға аталған тұлға тау-кендiк бөлу жобасын берген күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей бередi.
      4. Өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының иесi тау-кендiк бөлумен айқындалған жер қойнауы учаскесi шегiнде барлау жөнiндегi операцияларды жүргiзуге құқылы. Қорлардың өсiмi және оларды жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасы растаған жағдайда келiсiмшартқа тараптардың жазбаша келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерiстер енгiзiлуге тиiс.

      34-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының туындауы

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығы:
      1) беру;
      2) табыс ету;
      3) құқық мирасқорлығы тәртiбiмен ауысу жолымен туындайды.
      2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға тiкелей мемлекеттiң беруiн бiлдiредi.
      3. Жер қойнауын пайдалану құқығын табыс ету жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға басқа жер қойнауын пайдаланушының беруiн бiлдiредi.
      4. Жер қойнауын пайдалану құқығының құқық мирасқорлығы тәртiбiмен ауысуы заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезiнде және жер қойнауын пайдалану құқығына ие жеке тұлға қайтыс болған кезде құқық мирасқорында жер қойнауын пайдалану құқығының туындауын бiлдiредi.

      35-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру



      1. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру осы баптың 3, 5, 6 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, келiсiмшарт жасасу жолымен жүргiзiледi.
      2. Барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарт конкурс нәтижелерiнiң негiзiнде оның жеңiмпазымен жасалады.
      Конкурс өткiзбей-ақ, тiкелей келiссөздер негiзiнде:
      1) барлауға арналған келiсiмшарт негiзiнде коммерциялық табумен байланысты өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен өндiру жөнiндегi операциялар жүргiзуге;
      2) барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi операциялар жүргiзуге;
      3) жалпыға ортақ пайдаланатын темiржол мен автомобиль жолдарын және көпiрлердi салу (реконструкциялау, жөндеу) кезiнде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндiру жөнiндегi операциялар жүргiзуге;
      4) ұлттық компаниямен барлау және (немесе) өндiру жөнiндегi операциялар жүргiзуге;
      5) осы Заңның 54-бабының 4-тармағында белгiленген жағдайда барлау және (немесе) өндiру жөнiндегi операциялар жүргiзуге;
      6) қойнауында жерасты сулары бар жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушысы осы учаскеде арнаулы су пайдалану құқығын иеленген жағдайда, онымен халықты ауыз сумен немесе шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн тәулiгiне екi мың текше метрден астам көлемдегi жерасты суларын өндiру жөнiндегi операциялар жүргiзуге келiсiмшарттар жасалады.
      3. Келiсiмшарт аумағындағы немесе одан тысқары жерлердегi барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес және радиоактивтi қалдықтарды, зиянды заттарды көмуге және сарқынды суларға арналған жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның жазбаша рұқсаты негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      4. Барлаумен немесе өндiрумен байланысты және барлауға немесе өндiруге арналған келiсiмшарттардың жұмыс бағдарламаларында көзделген жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру талап етiлмейдi.
      5. Шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық мақсатындағы жерасты суларын тәулiгiне елу текше метрден екi мың текше метрге дейiн алу лимиттерiмен өндiру құқығын беру, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, суды бұру саласындағы уәкiлеттi орган берген рұқсаттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      6. Жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын тәулiгiне екi мың және одан да көп текше метр көлемiнде қаттарға айдау үшiн оларды барлау немесе өндiру не тау-кен өнiмдерiн пайдалану кезiнде суды азайту мақсатында жерасты суларын өндiру құқығын беру, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның рұқсат беруi арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Осы тармақтың ережелерi жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiмшарт шеңберiнде жер қойнауын пайдаланушы жүзеге асыратын, тау-кен қазбаларын пайдалану кезiнде суды төмендету мақсатында жерасты суларын өндiруге қолданылмайды.
      7. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органымен келiсiмшарт жасасу жолымен жүргiзiледi.
      8. Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу жөнiндегi операцияларды жүргiзуге жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiмшарт (шарт) жасасу жолымен Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
      9. Кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшiн, сондай-ақ тәулiгiне елу текше метрден аспайтын көлемде жерасты суларын өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру қойнауында кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бар жер учаскесiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берумен бiр мезгiлде жүргiзiледi. Жер учаскесiн уақытша жер пайдалануға беру кезiнде кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшiн, сондай-ақ тәулiгiне елу текше метрден аспайтын көлемде өндiрiлетiн жерасты суларын пайдалану талаптары уақытша жер пайдалану туралы шартта көзделуi мүмкiн.

      36-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын және жер қойнауын



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет