жүргiзу
1. Сақтық аймағының шегiнде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы оларды судың деңгейi көтерiлген жағдайда теңiздiң ластануын болғызбайтындай не барынша азайтатындай етiп жүргiзуге мiндеттi.
2. Сақтық аймағының шегiнде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңiздiң ластануын болғызбау жөнiнде арнаулы бағдарламаларды әзiрлеуге және оларды жобалау құжаттары құрамында бекiтуге мiндеттi. Бұл бағдарламалар:
1) барлау немесе өндiру объектiлерiн теңiз аясынан қорғаудың тиiстi дәрежесiмен жедел консервациялау жөнiндегi;
2) сақтаудағы мұнайды, материалдарды, бұрғылау ерiтiндiлерiн және қоршаған ортаға зиян келтiретiн өзге де заттарды су басқан аймақтан шығару жөнiндегi;
3) теңiз ластанған жағдайда ластану ошақтарын оқшаулау және суды тазарту жөнiндегi;
4) теңiздi заңды пайдалануға және үшiншi тұлғалардың өзге де шаруашылық қызметтi жүзеге асыруына жол беретiн iс-шараларды қамтуға тиiс.
95-бап. Теңiзде барлау жүргiзу мен өндiру шарттары
1. Теңiзде барлауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы iздеу және барлау ұңғымаларын бұрғылауға келiсiмшарттық аумаққа барлық қажеттi геофизикалық және сейсмологиялық зерттеулер жүргiзiлген жағдайда ғана кiрiсуге құқылы.
2. Бұрын бұрғыланған ұңғыма бақылаудан алынған кезде, мұндай ұңғыманы бақылауға алу үшiн өзге әдiстердi қолдану мүмкiн емес не қалыптасқан жағдайларда тиiмсiз болып табылатын қысымды шығаруға арналған тығындау ұңғымасын бұрғылауды қоспағанда, iздеу, барлау, пайдалану ұңғымаларын немесе өзге де ұңғыманы құзыреттi органның жазбаша рұқсатынсыз бұрғылауға тыйым салынады. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы құзыреттi органға мұндай тығындау ұңғымасын бұрғылаудың басталуы туралы осындай тығындау ұңғымасын бұрғылау туралы шешiм қабылдауға әсер еткен нақты жағдайлар мен себептердi көрсете отырып, қисынды мерзiмде жазбаша хабарлауға мiндеттi.
3. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдаланушыда не өзi тартатын мердiгерде бұрғылау жұмыстарын жүргiзуге арналған тиiстi лицензия болған кезде, жер қойнауын пайдаланушының осы ұңғыманы бұрғылау кезiнде пайда болатын тәуекелдердi мiндеттi сақтандыру жөнiндегi мiндеттемелерiн сақтау фактiсi болғанда, мұндай ұңғыманы бұрғылаудың жобасы бойынша мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және теңiз құрылысын салуға не орналастыруға мемлекеттiк органның рұқсаты болған кезде ұңғыманы бұрғылауға рұқсат бередi. Мұндай өтiнiште көрсетiлген фактiлердi растайтын тиiстi құжаттар өтiнiшке қоса берiлуге тиiс.
4. Құзыреттi органның жазбаша рұқсаты болмаса, қат iшiндегi қысымды ұстап тұру үшiн iлеспе және табиғи газды айдауға тыйым салынады. Құзыреттi орган мұндай рұқсатты қат iшiндегi қысымды ұстаудың өзге де әдiстерi тиiмсiз болған жағдайда және мұндай айдау қоршаған орта мен адам өмiрi үшiн қауiпсiздiктiң жеткiлiктi деңгейiнде болса, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мұндай айдауды сипаттайтын жоба бойынша берген мемлекеттiк экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болған кезде беруге құқылы.
5. Теңiзде барлау мен өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының теңiз құрылысында не отыз минуттық қолжетерлiк шектерiнде теңiздi тазалау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн қажеттi мөлшердегi тиiстi жабдықтары, материалдары мен заттары болуға мiндеттi. Материалдарға, заттарға, олардың санына және оларға қолжетiмдiлiгiне нормативтер мен талаптарды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
6. Барлау мен өндiрудi жүргiзу кезiнде теңiздегi авариялық және өзге де қауiптi жағдайларды болғызбаудың осы Заңға сәйкес бекiтiлетiн бағдарламалары теңiздiң ластануы салдарынан болған ластану ошағын дереу оқшаулау және оны тазарту жөнiндегi шараларды қамтуға тиiс.
96-бап. Теңiзде мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану
1. Теңiзде мұнай-газ құбырларын салуды және пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе тарту жөнiндегi жұмысты құзыреттi органның жазбаша рұқсатынсыз бастауға құқығы жоқ. Мұндай рұқсат осы Заңның 90-бабының 8-тармағында белгiленген жалпы тәртiппен берiледi.
2. Теңiзде мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезiнде жүргiзiлетiн операциялардың адамның өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi талаптар мен нормалардың сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
3. Теңiзде мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану ерекшелiктерi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттарында көзделуге тиiс.
97-бап. Теңiзде мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын
салуға және пайдалануға тыйым салу
1. Теңiзде мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын салуға және пайдалануға тыйым салынады.
2. Мұнайды уақытша (жиырма күннен аспайтын) сақтауды қоспағанда, мұндай мұнайды танкерлермен теңiз құрылыстарынан тiкелей тасымалдау кезiнде теңiз құрылыстарында мұнайды сақтау мен қоймада ұстауға тыйым салынады.
98-бап. Жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен
қондырғылар
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң теңiзде мұнай операцияларын жүргiзуге, ғылыми зерттеулер мен басқа да мақсаттарға арналған жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды қоршаған ортаның қорғалуы мен сақталуы жағдайында салуға, пайдалануға және iске қосуға рұқсат беру мен реттеуге құқығы бар.
2. Жасанды аралдардың, бөгеттердiң, құрылыстар мен қондырғылардың төңiрегiне қауiпсiздiк аймақтары орнатылады, олар оның сыртқы шегiнiң әрбiр нүктесiнен бастап бес жүз метр арақашықтыққа созылып жатады. Аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар, сондай-ақ оларды қоршаған қауiпсiздiк аймақтары халықаралық кеме қатынасы мен балық шаруашылығы үшiн елеулi мәнi бар әдеттегi теңiз жолдарына кедергi болмайтын жерлерде орналасады.
3. Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды ұстау мен пайдалануға жауапты ұйымдар олардың күтiлуiн, сондай-ақ олардың орналасқан жерi туралы ескертетiн тиiстi құралдардың болуын қамтамасыз етуге тиiс.
4. Жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар, егер шаруашылық немесе өзге мақсаттарға пайдаланылмайтын болса, олар адамдардың қауiпсiздiгiне қатер, кеме қатынасына немесе балық шаруашылығына кедергi келтiрмейтiндей дәрежеге дейiн демонтаждалуға тиiс.
5. Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектiлердi құру, пайдалануға беру және пайдалану Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
99-бап. Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде
қалдықтарды теңiзге тастау мен көму
1. Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде қалдықтарды теңiзге тастауға және теңiз түбiне көмуге тыйым салынады.
2. Теңiзге өндiрiстiк және басқа да сарқынды суды ағызу мемлекеттiк бақылаушы органдардың рұқсатымен және бақылауымен ғана олар белгiленген нормативтерге дейiн тазартылған жағдайда жүзеге асырылады.
100-бап. Теңiздегi ғылыми зерттеулер
1. Теңiздегi ғылыми зерттеулер құзыреттi органның рұқсатымен ғана жүргiзiледi. Теңiздегi ғылыми зерттеулердi жүргiзудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
2. Теңiздегi ғылыми зерттеулердi қазақстандық та, шетелдiк те жеке және заңды тұлғалар, шетелдiк мемлекеттiк және құзыреттi халықаралық ұйымдар жүзеге асыра алады.
3. Теңiздегi ғылыми зерттеулердi жүргiзу кезiнде мынадай принциптер сақталуға тиiс:
1) теңiздегi ғылыми зерттеулер теңiздi заңды түрде пайдалануды жүзеге асыратын басқа тұлғаларға өзiн-өзi ақтамайтын кедергiлер жасамауға тиiс;
2) теңiздегi ғылыми зерттеулер табиғат қорғау шаралары сақтала отырып ғылыми әдiстермен және құралдармен тиiстi түрде жүргiзiледi;
3) теңiздегi ғылыми зерттеулер процесiнде жиналған барлық деректер өңделген және талданған соң Қазақстан Республикасына берiлуге тиiс және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсатынсыз еркiн таратылмауға немесе жарияланбауға тиiс.
101-бап. Өндiрiлген мұнайды өлшеу
1. Келiсiмшарттық аумақта өндiрiлген мұнайды өлшеу мен таразылауды жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге сәйкес жүргiзедi.
2. Жер қойнауын пайдаланушы белгiленген тәртiппен уақыттың белгiлi бiр кезеңi сайын құзыреттi орган өкiлiнiң қатысуымен мұнайды таразылау мен өлшеу үшiн пайдаланылатын жабдық пен аспаптарды жүйелi түрде сынаудан өткiзiп отырады.
3. Егер сынаған немесе тексерiп қараған кезде жабдық немесе аспаптар ақаулы болып шығып, оның бұзылу мерзiмiн анықтау мүмкiн болмаса, ақаулық мерзiмi бұрынғы өлшеген кезден бастап ақау анықталған күнге дейiнгi уақыттың жартысы ретiнде айқындалады.
10-тарау. МАГИСТРАЛЬДЫҚ ҚҰБЫР КӨЛIГI
102-бап. Магистральдық құбырға меншiк құқығы
1. Магистральдық құбыр бөлiнбейтiн технологиялық жүйе болып табылады және мемлекеттiк меншiкте те, жеке меншiкте де болуы мүмкiн.
2. Магистральдық құбырлар салу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.
3. Магистральдық құбырлар, сондай-ақ меншiгiнде магистральдық құбырлар бар заңды тұлғалардағы қатысу үлестерi (акциялар пакеттерi), меншiгiнде магистралдық құбырлар бар заңды тұлғалардың шешiмдерiн тiкелей немесе жанама айқындауға немесе қабылдайтын шешiмдерiне ықпал етуге мүмкiндiгi бар жеке және заңды тұлғалардың қатысу үлестерi (акциялар пакеттерi) Қазақстан Республикасының орнықты дамуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық маңызы бар стратегиялық объектiлерге жатады, оларды иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билiк ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiнiң жай-күйiне әсер етуi мүмкiн.
103-бап. Магистральдық құбырды пайдалану
1. Магистральдық құбыр объектiлерiн пайдалану Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен техникалық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.
2. Энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың магистральдық құбыр иесiмен келiспей, энергия тұтынудың белгiленген лимиттерiн шектеу жөнiнде режимдiк iс-шаралар жүргiзуiне тыйым салынады.
3. Магистральдық құбыр иесi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының және басқа да мүдделi ұйымдардың келiсiмi бойынша магистральдық құбыр объектiлерiн қауiпсiз пайдалану шарттарын қамтамасыз ету, мүмкiн болатын аварияларды, төтенше жағдайларды және олардың зардаптарын жою жөнiндегi бiрлескен iс-шараларды әзiрлейдi.
4. Магистральдық құбыр иесi техникалық регламенттер нормаларын сақтамағаны үшiн жауапты болады.
5. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн құрылыс нормаларымен және ережелерiмен белгiленген ең жақын қашықтық шегiнде магистральдық құбырға қатысы жоқ қандай да болсын объектiлердi салуға тыйым салынады.
104-бап. Магистральдық құбыр иесiнiң жергiлiктi өкiлдi
және атқарушы органдармен және жүк
жөнелтушiлермен өзара қарым-қатынасы
1. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың магистральдық құбыр операторының мұнайды айдау, сақтау және бөлу процестерiмен байланысты жедел өндiрiстiк қызметiне араласуға құқығы жоқ.
2. Магистральдық құбырдың авариялық қызметiнiң қызметкерлерi, авариялық және арнаулы техника басқа жұмыстарға тартыла алмайды.
3. Магистральдық құбырдың өткiзу қабiлетiнiң резервi болған жағдайда оның иесiнiң жүк жөнелтушiге мұнайды тасымалдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Бұл ретте жүктi жөнелтушiлердiң бiркелкi тарифтер бойынша көлiк қызметiнiң көрсетiлуiне тең құқығы болады.
105-бап. Магистральдық құбырлардың күзет аймақтары
1. Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиян келтiрудi болғызбау, сондай-ақ қауiпсiз пайдалану үшiн жағдай жасау мақсатында магистральдық құбырлар трассалары бойында (оларды қандай да болсын түрде тарту кезiнде), оның iшiнде магистральдық құбырлар объектiлерiнiң айналасында магистральдық құбырлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес сол жерлерде арнаулы белгiлермен айқындалатын күзет аймақтары құрылады. Бiрнеше құбырлар бiр техникалық дәлiзде орналастырылған кезде барлық құбырлар үшiн бiрыңғай күзет аймағы құрылады.
2. Магистральдық құбырдың күзет аймақтарына: қорғаныштық орман аймақтары, құрылыстардың, құрылғылар мен басқа объектiлердiң сақталуын, берiктiгi мен орнықтылығын қамтамасыз етуге қажеттi жер учаскелерi, қызметтiк жолдар, сондай-ақ сел қаупi бар, көшкiн қаупi бар аймақтардағы және басқа да қауiп-қатерлер төнетiн жерлерде орналасқан, магистральдық құбырға бөлiнетiн белдеуге iргелес жатқан жер учаскелерi кiредi.
3. Күзет аймақтарының шекаралары мен физикалық қорғауға жататын магистральдық құбырлар объектiлерi магистральдық құбырлар қауiпсiздiгi жөнiндегi техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес белгiленедi.
4. Магистральдық құбырлар инженерлiк коммуникациялармен қоса бiр техникалық дәлiзден өткен немесе олар өзара қиылысқан кезде осы құбырлар мен коммуникацияларды пайдаланатын ұйымдардың өзара қарым-қатынасы магистральдық құбырлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес айқындалады.
5. Магистральдық құбырлардың күзет аймақтарында магистральдық құбырлар иелерiнiң беретiн жазбаша рұқсатынсыз және күзет ұйымдарын ол туралы хабардар етпей, шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.
106-бап. Суасты құбырлары мен кәбiлдерiн орнату, тарту
және пайдалану
Суасты құбырлары мен кәбiлдерiн орнату, тарту және пайдалану мұнай айналымы саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.
11-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ЖЕР
ҚОЙНАУЫН ҰТЫМДЫ ӘРI КЕШЕНДI ПАЙДАЛАНУ, ХАЛЫҚТЫҢ
ЖӘНЕ ПЕРСОНАЛДЫҢ ҚАУIПСIЗДIГI
107-бап. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғаудың, жер
қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдаланудың
мiндеттерi
Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану:
1) халықтың денсаулығын және өмiрiн қорғауға;
2) жер қойнауының ресурстарын ұтымды әрi кешендi пайдалануға;
3) табиғи ландшафтарды сақтауға және бүлiнген жерлердi, өзге де геоморфологиялық құрылымдарды қалпына келтiруге;
4) жер сiлкiнудi, көшкiндi, су астында қалуды, топырақтың шөгуiн болдырмау мақсатында жер қойнауының үстiңгi бөлiктерiнiң энергетикалық жай-күйiн сақтауға;
5) су объектiлерiнiң табиғи жағдайын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, технологиялық жүйелердi және басқа да iс-шараларды қамтиды.
108-бап. Жалпы экологиялық талаптар
Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында болжауды, жоспарлауды, жобалауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар басымдық ретiмен сақталуға тиiс.
109-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды
жүргiзу үшiн экологиялық негiз
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарға, жобалау құжаттамаларына мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары мен экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiз болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы жоспарланған қызметтiң қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiне баға берудi және "Қоршаған ортаны қорғау" деген бөлiмдi қамтуға тиiс барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттарын мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаларға ұсынуға мiндеттi.
110-бап. Жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану мен
жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар
1. Мыналар:
1) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн, оның iшiнде өндiруге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн берiлетiн пайдалы қазбалар, кен орындары мен жер қойнауы учаскелерi қорының ауқымы мен құрылымын нақтылы бағалау үшiн жер қойнауын iлгерiлей геологиялық зерттеудiң толымдылығын қамтамасыз ету;
2) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзудiң барлық сатыларында жер қойнауы ресурстарын ұтымды әрi кешендi пайдалануды қамтамасыз ету;
3) бай учаскелердi таңдап өндiруге жол бермей пайдалы қазбаларды жер қойнауынан бөлiп алудың толымдылығын қамтамасыз ету;
4) кен орнын игеру кезiнде сыртқа шығарылатын және жер қойнауында айналыстан шыққан негiзгi және онымен бiр жерде жатқан пайдалы қазбалар қорларын және қосалқы компоненттердi, оның iшiнде минералдық шикiзатты өңдеу өнiмдерi мен өндiрiс қалдықтарын дұрыс есепке алу;
5) бастапқы өңдеу деректерi бойынша мемлекеттiк баланста есепте тұрған пайдалы қазбалар қорларын түзетудi жою;
6) су жинау алаңдарында және ауыз сумен немесе өнеркәсiптiк сумен қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын жерасты сулары жинақталған жерлерде өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын болғызбау;
7) жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалануды және игерудi қиындата түсетiн басқа да дүлей факторлардан қорғау;
8) жер қойнауының ластануын, әсiресе мұнайды, газды немесе басқа да заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезiнде ластануын болғызбау;
9) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды тоқтата тұру, доғару, кен орнын игеру объектiлерiн консервациялау мен жою жөнiндегi белгiленген тәртiптi сақтау;
10) қалдықтарды үю мен орналастыру кезiнде экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету;
11) iлеспе газды маңызды стратегиялық энергия көздерiн, не мұнай-химия өнеркәсiбi үшiн шикiзат ресурстарын алу және қоршаған ортаға зиянды барынша азайту мақсатында өңдеу жолымен оны барынша пайдалану жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланумен байланысты жұмыстарды жобалау, пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық зерттеудi, барлауды және игерудi жүзеге асыру кезiнде осы баптың 1-тармағында көзделген жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалануды және жер қойнауын қорғау жөнiндегi талаптарды қамтамасыз етуге мiндеттi.
111-бап. Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою мен
консервациялау
1. Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге, барлау мен өндiруге, оның iшiнде жерасты суларын, емдiк балшықты барлау мен өндiруге, сарқынды суларды ағызу үшiн жер қойнауын барлауға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану объектiсiнiң технологиялық бiрлiктерiн (блоктарды, панельдердi, қазбаларды, әртүрлi мақсаттағы мұнай және газ ұңғымаларын) қоспағанда, барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қатысты жұмыстар жүргiзiлетiн немесе жүргiзiлген жер қойнауын пайдалану объектiлерi жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды тоқтатқан кезде, сондай-ақ жобалау құжаттары мен жұмыс бағдарламасына сәйкес пайдалы қазбалар қорлары толық өңделген жағдайда жоюға немесе консервациялауға жатады.
2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектiсiн жою немесе консервациялау жөнiндегi жұмыстарды орындауға дереу кiрiседi. Өндiрудi тоқтату туралы шұғыл шешiм қабылдау қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы өндiрiстiк объектiлердi жою немесе консервациялау басталғанға дейiн олардың сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шаралар кешенiн жүргiзедi.
3. Жер қойнауын пайдалану объектiлерi қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге тиiстi лицензиясы бар жобалау ұйымы әзiрлеген, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi, өнеркәсiп қауiпсiздiгi, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органдармен келiсуден өткен және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою мен консервациялау қағидаларының негiзiнде жобаны жобалау мен iске асыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудi қаржыландыратын жер қойнауын пайдаланушы бекiткен жою немесе консервациялау жобасына сәйкес жойылады немесе консервацияланады.
4. Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою мен консервациялау жөнiндегi жұмыстар құзыреттi орган қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсiп қауiпсiздiгi, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi, жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлдерiнен құратын комиссия жер қойнауын пайдалану объектiсiн жою мен консервациялау жөнiндегi жұмыстарды қабылдап алу актiсiне қол қойғаннан кейiн аяқталған болып есептеледi.
5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен жер қойнауын пайдалану объектiсiн жою мен консервациялау жөнiндегi жұмыстарды қабылдап алу актiсiн алғаннан кейiн геологиялық, маркшейдерлiк және өзге де құжаттама жұмыстардың аяқталу кезiнде толықтырылады және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға белгiленген тәртiппен сақтауға тапсырылады.
6. Объектiнi жоюмен немесе консервациялаумен байланысты жұмыстарды қаржыландыру тарату қорының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Тарату қорына аударымдарды жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегi арнаулы депозиттiк шотқа аударады. Бұл ретте тарату қорын пайдалануды жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген құзыреттi органның рұқсаты бойынша жүзеге асырады. Тарату қорын құрудың тәртiбi, тарату қорына аударымдардың мөлшерi, осындай төлемдердiң мерзiмдiлiгi туралы талаптар келiсiмшартта белгiленедi.
112-бап. Экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және
рекреациялық жағынан ерекше құнды жер қойнауы
учаскелерi
1. Экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерi ерекше күзетiлетiн құқықтық режимi болатын не дағдылы, бiрегей және сирек кездесетiн геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлердi сақтауға арналған шаруашылық қызметi реттелетiн режимi бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiне жатады.
2. Экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерiн қорғау мен пайдаланудың ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасында айқындалады.
3. Экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерiн өзге қажеттер үшiн алып қоюға жол берiлмейдi.
4. Экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлер табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушылар тиiстi учаскеде жұмысты тоқтатуға және ол туралы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
113-бап. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар
салу шарттары
1. Елдi мекендердi, өндiрiстiк кешендердi және басқа шаруашылық объектiлерiн жобалауға және салуға жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның болашақ құрылыс учаскелерi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы туралы немесе оның маңыздылығының аздығы туралы қорытындыларын алғаннан кейiн ғана рұқсат берiледi.
2. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар салу, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын салу, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның рұқсатымен пайдалы қазбаларды өндiру мүмкiндiгi қамтамасыз етiлген немесе құрылыстар салудың экономикалық тиiмдiлiгi дәлелденген жағдайда жүргiзiледi.
3. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда өз бетiнше салынып жатқан құрылыстар жұмсалған шығындардың және келiсiмшарттық аумақтың жерлерiн рекультивациялауға және салынған объектiлердi қайта бұзуға кеткен шығындардың өтемiнсiз тоқтатылады.
114-бап. Теңiзде, iшкi су айдындарында, төтенше
Достарыңызбен бөлісу: |