толықтырулар енгiзу
1. Егер осы Заңда өзгеше белгiленбесе, келiсiмшарт талаптарын өзгертуге және (немесе) толықтыруға тараптардың келiсiмi бойынша жол берiледi.
2. Тараптардың бiрiнiң талабы бойынша келiсiмшарт талаптарын өзгертуге және (немесе) толықтыруға Қазақстан Республикасының заңдарында және келiсiмшартта көзделген негiздер бойынша және тәртiппен жол берiледi.
3. Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерiне, кен орындарына қатысты жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жер қойнауын пайдаланушының iс-әрекетi ұлттық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн өзгертуге әкеп соғатын жағдайда, құзыреттi орган Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру мақсатында келiсiмшарттың, оның iшiнде бұрын жасалған келiсiмшарттың талаптарын өзгертудi және (немесе) толықтыруды талап етуге құқылы.
72-бап. Келiсiмшарттың қолданылуын тоқтату
1. Егер тараптар осы Заңның 69-бабында белгiленген тәртiппен келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы келiсiмге қол жеткiзбесе, келiсiмшарт қолданылу мерзiмi өткеннен кейiн тоқтатылады.
2. Келiсiмшарттың қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға тараптардың келiсiмi бойынша, сондай-ақ тараптардың бiрiнiң талабы бойынша осы Заңда көзделген жағдайларда жол берiледi.
3. Құзыреттi орган мынадай жағдайларда:
1) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта не жобалау құжаттарында белгiленген мiндеттемелердi екi реттен көп бұзуды құзыреттi органның хабарламасында көрсетiлген мерзiмде жоймаса;
2) осы Заңның 36-бабының 5-тармағына сәйкес мұндай рұқсат ету талап етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, құзыреттi органның рұқсатынсыз осы Заңның 36-бабының 1 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi берген кезде келiсiмшарттың қолданысын бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатуға құқылы.
Жер қойнауын пайдаланушы құзыреттi органның хабарламасында белгiленген мерзiмде толық жойған келiсiмшарт талаптарының бұзылуы келiсiмшарттың қолданысын бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатуға негiз болып табылмайды.
4. Осы Заңның 71-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда құзыреттi орган, егер:
1) құзыреттi органнан келiсiмшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру туралы хабарлама алған күннен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде жер қойнауын пайдаланушы келiсiмшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнiнде келiссөздер жүргiзуге өз келiсiмiн жазбаша түрде растамаса не оларды жүргiзуден бас тартса;
2) жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнiнде келiссөздер жүргiзуге келiсiмi алынған күннен бастап төрт айға дейiнгi мерзiмде тараптар келiсiмшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнiндегi келiсiмге келмесе;
3) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру жөнiндегi келiсiлген шешiмге қол жеткiзiлген күннен бастап алты айға дейiнгi мерзiмде тараптар келiсiмшарттың талаптарына өзгерiстерге және (немесе) толықтыруларға қол қоймаса, бiржақты тәртiппен келiсiмшарттың қолданысын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға құқылы.
5. Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерiне, кен орындарына қатысты жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жер қойнауын пайдаланушының iс-әрекетi ұлттық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн өзгертуге әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құзыреттi орган келiсiмшарттың, оның iшiнде бұрын жасалған келiсiмшарттың қолданысын бiржақты тәртiппен тоқтатуға құқылы.
Келiсiмшарттың қолданылуы аталған негiз бойынша бiржақты тәртiппен тоқтатылған жағдайда құзыреттi орган ол жөнiнде жер қойнауын пайдаланушыны кемiнде екi ай бұрын ескертуге тиiс.
6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта не жобалау құжаттарында белгiленген мiндеттемелердi екi реттен көп бұзуды құзыреттi органның хабарламасында көрсетiлген мерзiмде жоймаған кезде кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған келiсiмшарттың қолданысын бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатуға құқылы.
Жер қойнауын пайдаланушы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының хабарламасында белгiленген мерзiмде толық жойған келiсiмшарт талаптарының бұзылуы келiсiмшарттың қолданысын бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатуға негiз болып табылмайды.
7. Егер жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстары нарықта қолданылатын бағалардың өзгеруi салдарынан, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының еркiне тәуелдi емес басқа да мән-жайларға байланысты келiсiмшарт жасасу, жұмыс бағдарламасы мен жобалау құжаттарын бекiту кезiнде ескерiлгендерден кем болып шықса, бiрақ бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы мiндеттемелерiнiң келiсiмшартта, жұмыс бағдарламасында және жобалау құжаттарында көзделген нақты көлемi толық көлемде орындалса, жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстарының мұндай азаюы келiсiмшарт талаптарын бұзу және келiсiмшарттың қолданысын бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтату үшiн негiз болып табылмайды.
8. Жер қойнауын пайдаланушы келiсiмшартты сот тәртiбiмен мерзiмiнен бұрын бұзуды талап етуге немесе келiсiмшартта белгiленген негiздер бойынша келiсiмшартты орындаудан бiржақты тәртiппен бас тартуға құқылы.
9. Келiсiмшарттың қолданысын тоқтату жер қойнауын пайдаланушыны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келiсiмшарттық аумақты мемлекетке қайтару және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың зардаптарын жою жөнiндегi мiндеттемелердi орындаудан босатпайды.
10. Құзыреттi орган келiсiмшарттың қолданысын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезде ұлттық компания келiсiмшарттық аумақты сенiмгерлiкпен басқаруға қабылдайды. Технологиялық процестiң үздiксiз болуын және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн құрылыстар мен жабдықтарды бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлiк берiлгенге дейiнгi мерзiмге ұлттық компанияның уақытша иеленуi мен пайдалануына беруге тиiс. Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол мүлiктi ұлттық компанияға беруден бас тартқан жағдайда құзыреттi орган осындай мүлiкке қатысты оның сенiм бiлдiрген адамы ретiнде iс-қимыл жасайды.
Құзыреттi орган келiсiмшартта көзделген жер қойнауы учаскесiн конкурсқа шығаруға немесе тiкелей келiссөздер өткiзуге мiндеттi.
73-бап. Барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге
арналған келiсiмшарттың қолданылуын қайта
жаңғырту үшiн негiздер
1. Құзыреттi орган мынадай жағдайларда:
1) келiсiмшарттың қолданылуын тоқтату туралы шешiм қабылдауға елеулi әсер еткен дәйексiз деректер негiзiнде келiсiмшарттың қолданылуын тоқтату туралы шешiм қабылдау фактiсi анықталғанда, оның iшiнде, егер келiсiмшарттың қолданылуын тоқтату туралы шешiм қабылдау күнi жер қойнауын пайдаланушыда дәлелдi себептер бойынша келiсiмшарттық мiндеттемелердiң орындалғанын растайтын құжаттар болмаса;
2) келiсiмшарт бойынша мiндеттемелердiң орындалмауы не тиiстi түрде орындалмауы, жер қойнауын пайдаланушының еркiне тәуелдi емес себептер салдарынан, оның iшiнде еңсерiлмейтiн күштiң әсерiнен болған себептер, яғни осындай жағдайлар кезiнде келiсiмшарт бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына не тиiстi түрде орындалмауына тiкелей әсер еткен төтенше және еңсерiлмейтiн мән-жайлар (дүлей зiлзала құбылысы, әскери қимылдар және тағы сондайлар) анықталғанда және расталғанда келiсiмшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы шешiм қабылдау және құзыреттi органның бастамасы бойынша бұрын қабылданған келiсiмшарттың қолданысын тоқтату туралы шешiмнiң күшiн жою жолымен өз бастамасы бойынша бұрын тоқтатылған барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың қолданысын сот қарауынан тыс тәртiппен қайта жаңғыртуға құқылы.
2. Өзiмен жасалған келiсiмшарт тоқтатылған тұлғаның өтiнiшi не құзыреттi органның бастамасы бойынша келiсiмшарттың қолданысын тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап алты ай iшiнде құзыреттi органның келiсiмшартты қайта жаңғырту негiздерiн дербес анықтауы құзыреттi органның бастамасы бойынша бұрын тоқтатылған келiсiмшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы мәселенi құзыреттi органның қарауы үшiн негiз болып табылады.
3. Құзыреттi органның келiсiмшарттың қолданысын қайта жаңғырту және құзыреттi органның бастамасы бойынша келiсiмшарттың қолданысын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешiмнiң күшiн жою туралы шешiмi өзiмен жасалған келiсiмшарт тоқтатылған тұлғадан өтiнiш келiп түскен не құзыреттi орган осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мән-жайларды анықтаған күннен бастап бiр ай iшiнде қабылданады.
4. Осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер бойынша барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың қолданысын қайта жаңғырту және құзыреттi органның бастамасы бойынша келiсiмшарттың қолданысын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешiмдi жою туралы шешiм қабылданған жағдайда құзыреттi орган және жер қойнауын пайдаланушы осындай шешiм қабылданған күннен бастап үш ай iшiнде келiсiмшартқа қосымша келiсiмдi белгiленген тәртiппен келiседi және жасасады, онда келiсiмшарттың қолданысын қайта жаңғырту мәселелерi, оның iшiнде келiсiмшарт бойынша қызмет үзiлiсiмен байланысты мәселелер және жауапкершiлiк мәселелерi реттелуге тиiс. Құзыреттi органның шешiмi бойынша келiсiмшартқа қосымша келiсiмдi келiсу және жасасу үшiн осы тармақта көрсетiлген мерзiм ұзартылуы мүмкiн.
5. Құзыреттi органның барлауға немесе өндiруге арналған келiсiмшарттың қолданысын жаңғырту және құзыреттi органның бастамасы бойынша келiсiмшарттың қолданысын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешiмнiң күшiн жою туралы шешiмi қабылданған күнiнен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде онымен жасалған келiсiмшарт бұрын тоқтатылған тұлғаның назарына жеткiзiледi және осы баптың 4-тармағына сәйкес келiсiмшартқа қосымша келiсiмге қол қойылғанға дейiн жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарт бойынша қызметтi қайта жаңғыртуына негiз болып табылады.
6. Осы баптың ережелерi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған келiсiмшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы шешiм қабылдаған кезде қолданылады.
74-бап. Келiсiмшартты жарамсыз деп тану
1. Мыналар:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың жарамсыз деп танылуы;
2) осы Заңда белгiленген мiндеттi талаптардың келiсiмшартта болмауы;
3) құзыреттi органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына оның осы тұлғамен келiсiмшарт жасасу жөнiндегi шешiмiне әсер еткен көрiнеу дәйексiз ақпарат берудiң анықталуы;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздер келiсiмшартты жарамсыз деп тануға негiз болып табылады.
2. Жарамсыз деп танылған келiсiмшарт, оның жарамсыздығымен байланыстыларды қоспағанда, құқықтық салдарға әкеп соқпайды және оны жасасқан кезден бастап жарамсыз болады.
Келiсiмшартты жарамсыз деп тану жер қойнауын пайдаланушыны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келiсiмшарттық аумақты мемлекетке қайтару және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың зардаптарын жою жөнiндегi мiндеттемелердi орындаудан босатпайды.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру және қайта ресiмдеу соның негiзiнде жүзеге асырылған шартты сот тәртiбiмен жарамсыз деп тану не бұзу нақ сол келiсiмшарттың емес, жер қойнауын пайдалану құқығын осындай беруге байланысты келiсiмшартқа қабылданған өзгерiстер мен толықтырулардың жарамсыздығына әкеп соғады.
4. Келiсiмшартты жарамсыз деп тану осындай келiсiмшарттың негiзiнде берiлген жер қойнауын пайдалану құқығы солардың нысанасы болып табылатын барлық кейiнгi мәмiлелердiң жарамсыздығына әкеп соғады.
7-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН
МIНДЕТТЕРI
75-бап. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
Жер қойнауын пайдаланушының:
1) келiсiмшартта көзделген талаптарға сәйкес өзiне берiлген келiсiмшарттық аумақ шегiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi iс-әрекеттi дербес жасауға;
2) егер келiсiмшартта не Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өз қызметiнiң нәтижелерiн, оның iшiнде минералдық шикiзатты өз қалауынша пайдалануға;
3) келiсiмшарттық аумақта, ал қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушыға белгiленген тәртiппен берiлген өзге де жер учаскелерiнде жұмыстарды жүзеге асыру үшiн қажеттi өндiрiстiк және әлеуметтiк сала объектiлерiн салуға, сондай-ақ шарттар негiзiнде келiсiмшарттық аумақта да, одан тысқары жерлерде де жалпыға ортақ объектiлер мен коммуникацияларды пайдалануға;
4) келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы келiссөздерге бастамашылық жасауға;
5) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерiн орындау үшiн мердiгерлердi тартуға;
6) осы Заңда белгiленген талаптарды сақтай отырып, құқықтарды немесе олардың бiр бөлiгiн басқа тұлғаларға беруге;
7) осы Заңда немесе келiсiмшартта айқындалған жағдайларда жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды тоқтатуға құқығы бар.
76-бап. Жер қойнауын пайдаланушының мiндеттерi
1. Жер қойнауын пайдаланушы:
1) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды келiсiмшартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларға қойылатын талаптарды сақтауға;
2) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде адам өмiрiнiң, денсаулығының және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
3) келiсiмшарттық аумақты тек қана келiсiмшартта көзделген мақсаттарда пайдалануға;
4) жер қойнауын пайдаланудың оң тәжiрибесiне негiзделген жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзудiң неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдауға;
5) егер келiсiмшартта өзге мерзiм көзделмесе, келiсiмшарт тiркелген күннен бастап барлауды немесе өндiрудi жүргiзуге кiрiсуге;
6) жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар жөнiндегi келiсiмшарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы Өндiрушi салалар қызметi ашықтығының бастамасын iске асыруға қатысты Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның талаптарын сақтауға;
7) персоналдың және халықтың өмiрi мен денсаулығы қауiпсiздiгiн, жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен келiсiлген жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған жобалау құжаттары мен технологиялық схемалардың ережелерiн сақтауға;
8) егер бұл қауiпсiздiктiң ерекше жағдайларымен байланысты болмаса және мұндай қызмет жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге кедергi келтiрмесе, келiсiмшарттық аумақ шегiнде басқа адамдардың еркiн жүруiне, жалпыға ортақ объектiлер мен коммуникацияларды пайдалануына кедергi жасамауға;
9) Қазақстан Республикасында өндiрiлген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнiмдi, олар конкурстың және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, мiндеттi түрде пайдалануға;
10) егер осы көрсетiлетiн қызметтер Қазақстан Республикасының резидент еместерi орындайтын бiртектес жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, темiр жол, су және басқа да көлiк түрлерiн пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi қазақстандық өндiрушiлердi мiндеттi түрде тартуға;
11) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге;
12) Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыру iсiн келiсiмшартқа сәйкес жүзеге асыруға; 13) құзыреттi органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына жұмыс бағдарламасын iске асыру туралы ақпарат беруге;
14) Қазақстан Республикасының бақылаушы органдары лауазымды адамдарының қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде оларға қажеттi құжаттарды, ақпаратты беруге және жұмыс орындарына оларды кедергiсiз өткiзуге және олар анықтаған бұзушылықтарды уақтылы жоюға;
15) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға келiсiмшарттық аумақтағы қызмет нәтижелерi бойынша геологиялық есептiлiктi ұсынуға;
16) салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi уақтылы және толық көлемде төлеуге;
17) сатып алуды жүргiзу жоспарланып отырған жылдың 1 ақпанынан кешiктiрмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк алпыс күннен кешiктiрмей, жыл сайын құзыреттi органға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нысандар бойынша және тәртiппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасын ұсынуға;
18) 1 ақпаннан кешiктiрмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк алпыс күннен кешiктiрмей, жыл сайын құзыреттi органға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нысандар бойынша және тәртiппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың алдағы кезеңдерге арналған орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын ұсынуға;
19) есептi кезеңнен кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрмей, тоқсан сайын құзыреттi органға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нысандар бойынша және тәртiппен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептер ұсынуға;
20) есептi кезеңнен кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрмей, тоқсан сайын құзыреттi органға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нысандар бойынша және тәртiппен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келiсiмшартты орындау кезiнде тартылған қызметкерлердi оқытуға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыреттi органмен келiсiлген мамандықтар тiзбесi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшерi бойынша мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептер ұсынуға;
21) есептi кезеңнен кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрмей, жыл сайын құзыреттi органға кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептi ұсынуға;
22) Өндiрушi салалар қызметiнiң ашықтығы бастамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есеппен расталған есептiлiктi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен ұсынуға;
23) егер мұндай қажеттiлiк туындаса, осы Заңның 78-бабының 3-тармағында көрсетiлген ақпаратты қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың мазмұны туралы ақпаратты үшiншi тұлғаларға, егер келiсiмшартта өзгеше белгiленбесе, тараптардың ортақ келiсiмiмен ғана беруге;
24) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтауға;
25) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу салдарынан бүлiнген жер учаскелерiн және басқа да табиғи объектiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрi пайдалануға жарамды қалыпқа келтiруге;
26) өз қызметiнiң экологиялық салдарын жобалау сатысында болжауға;
27) мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы шарт жасасуға;
28) келiсiмшарттық аумақтағы бұрын бұрғыланған барлық ұңғымаларды балансқа қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргiзуге;
29) жер қойнауының жай-күйiне мониторинг жүргiзудi және кен орындарын игеруге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
30) аффилиирленген және өзге де тұлғаларға жер қойнауын пайдалану құқығын, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының жарғылық капиталындағы қатысу үлесiн немесе акциялар пакетiн иелiктен шығару жөнiндегi жасалған мәмiлелер туралы мәмiле жасалған күннен бастап бес күн мерзiмде құзыреттi органға хабарлауға;
31) осы Заңның 77-бабының 7-тармағында көрсетiлген тұлғаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер және оларды өндiрушiлер тiзiлiмiнде тiркелуге;
32) тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу кезiнде бес жұмыс күнi iшiнде құзыреттi органға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нысандар бойынша және тәртiппен осы өзгерiстер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат беруге;
33) құзыреттi органның сұрау салуы бойынша ол белгiлеген мерзiмдерде жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарттық мiндеттемелердi орындауына қатысты мәлiметтердi, ақпаратты және құжаттаманы ұсынуға;
34) iшкi құжаттаманы қоса алғанда, iс-қағаздарын жүргiзуге, сондай-ақ қажет болған жағдайларда басқа тiлдердегi аудармасын қоса бере отырып, жазбаша түрде жасалатын мәмiлелердi қазақ және орыс тiлдерiнде жазуға мiндеттi.
2. Келiсiмшартта жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
77-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды
жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен
көрсетiлетiн қызметтердi иелену
1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу, оның iшiнде мердiгерлердiң иеленуi мынадай тәсiлдердiң бiрiмен:
1) ашық конкурс;
2) бiр көзден иелену;
3) баға ұсыныстарын сұрату;
4) электрондық сатып алу жүйесi арқылы;
5) тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.
2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi иелену тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
РҚАО-ның ескертпесi!
3-тармақ 2010.10.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.
3. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi иелену жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi мiндеттi түрде пайдаланылып немесе жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiнде орналастырылған, жұмысы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер және оларды өндiрушiлер тiзiлiмiнiң жұмысымен iлеспелi түрде жүргiзiлетiн электрондық сатып алудың өзге де жүйелерiн пайдалануы арқылы осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген тәсiлдермен жүргiзiледi.
4. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген тәсiлдермен иелену кезiнде сатып алуды жүргiзу туралы хабарландыру, конкурстық өтiнiмдердi ашу, конкурсқа қатысуға жiберу, қорытындыларын шығару хаттамалары жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмiнде мiндеттi түрде орналастырылуға, сатып алуды жүргiзу туралы және олардың қорытындылары туралы хабарландырулар аптасына кемiнде үш рет жарияланатын және Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде мiндеттi түрде жариялануға тиiс.
5. Жер қойнауын пайдаланушылар және олардың мердiгерлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкiлеттiк берген тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi иеленумен байланысты рәсiмдердi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тәсiлдердiң кез келгенiмен, Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруға мiндеттi.
6. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өткiзiлген конкурстың нәтижелерi бойынша жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын немесе жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi иеленудiң Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiбi бұзыла отырып сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi иелену жөнiндегi шығыстар құзыреттi орган келiсiмшарттық мiндеттемелердi жер қойнауын пайдаланушының орындауы ретiнде есепке алатын шығыстардан алып тасталады.
7. Осы баптың талаптары:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндiру жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға;
2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес иеленетiн жер қойнауын пайдаланушыларға;
3) акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызын тiкелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетiн жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға қолданылмайды.
78-бап. Қазақстандық өндiрушiлердi қолдау
1. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жер қойнауын пайдаланушы, сондай-ақ оның мердiгерлерi тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi, олар жобалау құжатының және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сай болған жағдайда, қазақстандық өндiрушiлерден осы Заңның талаптарына сәйкес сатып алуға мiндеттi.
2. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу жөнiндегi конкурсты ұйымдастырушы конкурстың жеңiмпазын анықтау кезiнде конкурсқа қатысушылардың - қазақстандық өндiрушiлердiң конкурстық өтiнiмiнiң бағасын жиырма пайызға шартты түрде азайтады.
3. Келiсiмшарттық мiндеттемелердi қазақстандық қамту бөлiгiнде орындауға қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер сатып алуды жоспарлауы және жүргiзуi, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығындар мен өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар туралы ақпарат құпия болып табылмайды.
79-бап. Жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтiн
Достарыңызбен бөлісу: |