құзыретi
Мұнай мен газ саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) мұнайды экспорттау үшiн басқа мемлекеттердiң өз аумағында құбырлар мен басқа да тасымалдау құралдарын салу және пайдалану мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн тиiстi органдарымен Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша келiссөздер жүргiзу және келiсiмдер жасасу;
2) мұнайдың стратегиялық қорларын қалыптастыруды қамтамасыз ету және олардың Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылуын есепке алу;
3) қажет болған жағдайда iшкi нарықтың жанар-жағармай материалдарына қажеттiктерiн жабуға қажеттi көлемде Қазақстан Республикасының iшкi нарығында өңдеуге арналған мұнай мөлшерiн графиктер (жылдық және ай сайынғы) бойынша айқындау;
4) техникалық регламенттерде белгiленген мұнайға және оның өмiрлiк циклi процестерiне қойылатын қауiпсiздiк талаптарының орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органдармен келiсу бойынша iлеспе газды қайта өңдеудi дамыту бағдарламасын бекiту, газды кәдеге жаратудың және iлеспе газды қайта өңдеудi дамытудың бекiтiлген бағдарламаларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
6) ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат беру;
7) жағалау жиегiнiң нақты орналасқан жерiн айқындау тәртiбiн әзiрлеу;
8) мұнай өндiрудiң және айналымының бiрыңғай дерекқорын жүргiзу тәртiбiн әзiрлеу;
9) жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектiлердi құру, пайдалануға беру және пайдалану тәртiбiн әзiрлеу;
10) жер қойнауын пайдаланушы келiсiмшарттық аумақта өндiрген мұнайдың көлемi мен салмағын өлшеу қағидаларын әзiрлеу;
11) теңiзде, iшкi су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргiзу тәртiбiн әзiрлеу;
12) теңiздегi ғылыми зерттеулердi жүргiзу тәртiбiн әзiрлеу;
13) еркiн өткiзу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен темiр жол эстакадалары қуаттарын пайдалану тәртiбiн әзiрлеу;
14) мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды жағу нормативтерi мен көлемдерiн есептеу әдiстемесiн әзiрлеу;
15) iлеспе газды өңдеудi дамыту бағдарламасын орындау туралы есептiлiктiң нысандары мен мерзiмдерiн бекiту;
16) кен орнын игеру жобасына сәйкес мұнай өндiрудi, сондай-ақ оның айналымын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру;
17) мұнайды өткiзудiң техникалық-экономикалық негiздемеде қабылданған есептiк бағалары шегiнде келiсiмшартқа қол қою сәтiндегi келiсiмшартқа техникалық-экономикалық негiздеменiң экономикалық көрсеткiштерiн негiзге ала отырып, жер қойнауын пайдаланушылар үшiн Қазақстан Республикасының iшкi нарығына шикi мұнайды қайта өңдеуге арналған жеткiзу көлемдерiн айқындау;
18) мұнай операцияларын жүргiзу мен мұнай тасымалдау саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу және нормативтiк-техникалық құжаттарды бекiту;
19) мұнай операцияларын жүргiзу және мұнайды тасымалдау саласындағы адамның өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiру қатерiне талдау жасау және оны бағалау;
20) iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат беру тәртiбiн әзiрлеу;
21) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келiсiмшартты орындау кезiнде тартылған қызметкерлердi оқытуға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыреттi органмен келiсiлген мамандықтар тiзбесi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшерi жөнiндегi мiндеттемелердi орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерiн жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртiбiн индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп әзiрлеу;
22) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың жылдық, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептерiн жасау және ұсыну нысандары мен тәртiбiн индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп әзiрлеу;
23) келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау тәртiбiн индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп әзiрлеу;
24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру кiредi.
19-бап. Индустриялық саясатты реттеу саласындағы
уәкiлеттi органның құзыретi
Индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi өңiраралық комиссиялар туралы ереженi бекiту;
2) мұнай операцияларын жүргiзу саласын қоспағанда, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу және нормативтiк-техникалық құжаттарды бекiту;
3) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi өңiраралық комиссиялар туралы ереженi әзiрлеу;
4) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ереженi әзiрлеу;
5) пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану жөнiндегi бiрыңғай қағидаларды әзiрлеу;
6) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн әзiрлеу;
7) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды ағызу тәртiбiн әзiрлеу;
8) мемлекет меншiгiнде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге әкету қағидаларын әзiрлеу;
9) жер қойнауына мемлекеттiк мониторингтi жүзеге асыру тәртiбiн әзiрлеу;
10) тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртiбiн әзiрлеу;
11) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшартты (шартты) жасасу тәртiбiн әзiрлеу;
12) жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және консервациялау қағидаларын әзiрлеу;
13) жер қойнауының жай-күйi туралы геологиялық есептiлiктi ұсыну нысанын әзiрлеу;
14) техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн әзiрлеу;
15) "Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi" деген мемлекеттiк ақпараттық жүйе арқылы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу қағидаларын әзiрлеу;
16) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде қазақстандық қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесiн әзiрлеу;
17) электрондық сатып алу жүйелерi жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi жұмысымен қадамдастыру тәртiбiн әзiрлеу;
18) тәулiгiне екi мың текше метр және одан да көп көлемдегi өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшiн оларды барлау мен өндiруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезiнде су деңгейiн төмендету мақсатында жерасты суларын өндiруге арналған рұқсатты беру тәртiбiн әзiрлеу;
19) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзбесiн қалыптастыру жөнiндегi қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
20) мұнай мен газ саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасында дамытылатын басымдыққа ие жоғары технологиялық өндiрiстер тiзбесiн бекiту;
21) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегi ең аз қазақстандық қамтуды есептеудiң жер қойнауын пайдалану құқығын беру конкурсының шарттарына енгiзiлетiн тәртiбiн әзiрлеу;
22) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуының жылдық, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептерiн жасау және ұсыну нысандары мен тәртiбiн мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп әзiрлеу;
23) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келiсiмшартты орындау кезiнде тартылған қызметкерлердi оқытуға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыреттi органмен келiсiлген мамандықтар тiзбесi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшерi жөнiндегi мiндеттемелердi орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерiн жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртiбiн мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп әзiрлеу;
24) келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау тәртiбiн мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп әзiрлеу;
25) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмiн қалыптастыру мен жүргiзу, сондай-ақ осы тiзiлiмге енгiзу үшiн оларды бағалау критерийлерiн әзiрлеу;
26) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру кiредi.
20-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi
уәкiлеттi органның құзыретi
Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) жер қойнауын геологиялық зерттеу мен кешендi пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) осы Заңның 35-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда тәулiгiне екi мың және одан да көп текше метр көлемiнде өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын барлауға және өндiруге рұқсаттар бередi және оларды қайтып алады;
3) жер қойнауын пайдалану құқығын бередi және жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге келiсiмшарттар (шарттар) жасасады;
4) барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келiсiмшарттар жасасады;
5) жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi, пайдалы қазбалар қорларын бекiтедi;
6) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу саласындағы жұмыстарды жүргiзуге арналған жоба-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;
7) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын, кен орындарының және пайдалы қазбалардың көрiнiс-белгiлерiнiң, қауiптi геологиялық процестердiң мемлекеттiк кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргiзедi;
8) тарихи шығындар көлемiн, геологиялық ақпарат алудың құны мен талаптарын айқындайды;
9) геологиялық ақпараттың республикалық және аумақтық қорларын ұйымдастырады және жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
10) жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын және кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртiбiн сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
11) өз құзыретi шегiнде жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар талаптарын орындауына мониторингтi және бақылауды жүзеге асырады;
12) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттар әзiрлеудi жүзеге асырады;
13) конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру бойынша құзыреттi органға ұсыныстар енгiзедi;
14) минералдық шикiзатты бастапқы өңдеудi (байытуды) қоса алғанда, жер қойнауының ұтымды және кешендi пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
15) геологиялық және тау-кендiк бөлулердi бередi;
16) техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын ұйымдастырады және жүргiзедi;
17) келiсiмшарттардың жобалары мен жұмыс бағдарламаларын келiседi;
18) суды пайдаланушылар мен гидрометеорологиялық қызмет ұсынатын жерасты суларын пайдалануды есепке алу деректерiнiң негiзiнде жерасты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырады;
19) жерасты сулары бөлiгiнде мемлекеттiк су кадастрын жүргiзедi;
20) жер бетiндегi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауыз су сапасындағы жерасты суларының жеткiлiктi қорлары бар аумақтарда ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етумен байланысты емес мақсаттар үшiн ауыз су сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсаттарды келiседi;
21) жерасты су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шараларына рұқсаттарды келiседi;
22) бассейндiк схемалардың және су объектiлерiне шектi жол берiлетiн зиянды әсер ету нормативтерiнiң негiзiнде жерасты су объектiлерiне арналған су пайдалану лимиттерiн келiседi;
23) су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру талаптарын келiседi;
24) бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын жүргiзуге арналған жобалау құжаттамасын, жерасты су объектiлерi арқылы өтетiн коммуникацияларды салу жобаларын келiседi;
25) жерасты су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салуға, реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға, сондай-ақ орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтамасыз ету кезiнде жерасты су объектiлерiнен тiкелей жерасты суын алуға қорытындылар бередi;
26) осы Заңда көзделген жағдайларда iлеспе және (немесе) табиғи газды алау түрiнде жағуға рұқсаттарды келiседi;
27) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссияның ұсынымдары негiзiнде жобалау құжаттарын бекiтедi;
28) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығарылуға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
29) барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын бекiтедi;
30) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу және оған мониторинг жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзумен байланысты объектiлердiң жоба-сметалық құжаттамасына экономикалық сараптама жүргiзу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою тәртiбiн бекiтедi;
31) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу және оған мониторинг жүргiзу саласындағы жұмыстарды жүргiзуге арналған уақыт және бағалау нормаларын бекiтедi;
32) кен орындары қорларын сынамалы пайдалануды жүргiзу талаптары мен мерзiмдерiн айқындайды;
33) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
21-бап. Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi
орталық комиссия және кең таралған пайдалы
қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi өңiраралық
комиссиялар
1. Орталық комиссияның негiзгi мiндетi пайдалы қазбалардың кен орындарын және жерасты суларын барлау мен игерудiң анағұрлым тиiмдi әдiстерiн қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.
Орталық комиссияның құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша оның ұсынымдары хаттамамен ресiмделiп, меншiк нысанына қарамастан, барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында пайдалы қазбаларды барлау мен игерудi жобалаумен және жүзеге асырумен айналысатын шетелдiк субъектiлер үшiн орындалуы мiндеттi болып табылатын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмiмен қабылданады.
Орталық комиссия мен өңiраралық комиссиялардың қызметiн ұйымдастыру, олардың құрамы, материалдарды және құжаттарды жинау мен сақтау тәртiбi құзыреттi орган бекiтетiн орталық комиссия және өңiраралық комиссиялар туралы ережеде айқындалады.
Құзыреттi орган орталық комиссияның құрамына қоғамдық бiрлестiктердiң, ғылыми зерттеу институттарының, ұйымдардың, өзге де тұлғалардың өкiлдерiн (сарапшыларын) тартуға құқылы.
2. Орталық комиссияның өз құзыретiне жатқызылған мәселелердi қарау мерзiмдерi бес айдан аспауға тиiс.
3. Орталық комиссияның құзыретiне жобалау кезiнде пайдалы қазбалар мен жерасты суларын барлау мен игерудiң анағұрлым тиiмдi әдiстерiн қолдануды қамтамасыз ету жатады.
4. Орталық комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөнiнде жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жобалау құжаттарын, оларға толықтырулар мен өзгерiстердi бекiту не бекiтуден бас тарту жөнiндегi ұсынымдарды қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға енгiзедi;
2) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға кен орындарын сынамалы пайдалануды жүргiзу мерзiмдерiн ұзарту туралы ұсынымдар жiбередi;
3) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға жобалаушы ұйымдар мен жер қойнауын пайдаланушылар үшiн минералдық шикiзатты ұтымды әрi кешендi пайдалануды арттыру бойынша ұсынымдар жiбередi;
4) жобалау құжаттарында пайдалы қазбаларды барлау мен игерудiң анағұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын қолдануды қамтамасыз етедi;
5) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарының және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану, минералдық шикiзатты дұрыс есепке алу, ұтымды әрi кешендi пайдалану мәселелерi жөнiндегi әзiрлемелерiн қарайды.
5. Орталық комиссияның:
1) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарынан және жер қойнауын пайдаланушылардан жер қойнауын пайдалану, минералдық шикiзатты ұтымды әрi кешендi пайдалану мәселелерi бойынша анықтамалық және басқа да материалдарды сұратуға;
2) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға жер қойнауын пайдаланушылардың өз құзыретi шегiнде ұсынылатын жобалау құжаттарына ғылыми-зерттеу ұйымдарында және мемлекеттiк органдарда қосымша сараптамалар жүргiзу қажеттiгi туралы ұсынымдар жiберуге;
3) жобалау ұйымдары мен жер қойнауын пайдаланушыларға ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарының және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану, минералдық шикiзатты дұрыс есепке алу, ұтымды әрi кешендi пайдалану мәселелерi бойынша жаңа нысандар мен әдiстер қолдануды ұсынуға құқығы бар.
6. Өңiраралық комиссиялардың өкiлеттiктерiне кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiнде жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жобалау құжаттарын, оларға толықтырулар мен өзгерiстердi бекiту не бекiтуден бас тарту туралы ұсынымдарды қарау және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшелерiне енгiзу жатады.
22-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған
конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссияның және
кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе
өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру
жөнiндегi конкурстық комиссиялардың мiндеттерi,
функциялары мен құқықтары
1. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды қарау және бағалау;
2) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысушылар қатарынан жеңiмпазды анықтау болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссияның функциялары:
1) конкурстық ұсыныстардың уақтылы және сапалы қаралуын қамтамасыз ету;
2) ұсынылған конкурстық ұсыныстарды объективтi және жан-жақты бағалау болып табылады.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссияның:
1) конкурсқа қатысу үшiн берiлген конкурстық ұсыныстарды бағалауға, салыстыруға;
2) конкурстың жеңiмпазын анықтауға;
3) осы Заңда белгiленген негiздер бойынша конкурсты өткiзiлмедi деп тануға;
4) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, өзге де тұлғалардан қажеттi ақпаратты сұратуға;
5) отырыстарда комиссия мүшелерiн, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, өзге де тұлғалардың өкiлдерiн тыңдауға;
6) осы Заңда белгiленген негiздер бойынша конкурстық ұсынысты қабылдамауға;
7) қажет болған жағдайда тиiстi салалардағы мамандар қатарынан сарапшыларды тартуға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының актiсi негiзiнде құрылатын, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстық комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды қарау және бағалау;
2) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысушылар арасынан жеңiмпазды анықтау болып табылады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстық комиссиялар осы баптың 2-тармағында айқындалған функцияларды жүзеге асырады және осы баптың 3-тармағында айқындалған құқықтарға ие болады.
23-бап. Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi
жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның мiндеттерi,
функциялары және құқықтары
1. Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) осы Заңның және Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi иелiктен шығару туралы өтiнiштердi қарау;
2) мемлекеттiң басым құқығын iске асыру мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу.
2. Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның функцияларына:
1) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау;
2) тұлғалардың жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалардағы өздерiне тиесiлi қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау;
3) егер осы заңды тұлғалардың негiзгi қызметi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, тұлғалардың шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешiмдерге ықпал ету мүмкiндiгi бар заңды тұлғалардағы өздерiне тиесiлi қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау;
4) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты иелiктен шығарылатын объектiнi мемлекеттiң сатып алуы туралы не сатып алудан бас тартуы туралы ұсыныстарды әзiрлеу, негiздеу және құзыреттi органға енгiзу кiредi.
3. Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасуға;
2) мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың өкiлдерiн және азаматтарды өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша отырыстарға шақыруға және тыңдауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан өз функцияларын жүзеге асыруға қажеттi материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
24-бап. Жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi
Достарыңызбен бөлісу: |