бөлінбеген енші” деген ұғымға негізделеді. Л.Ф.Баллюзек (1871 ж.) (Сейдалин деректерінің
негізінде) қазақ дəстүрінің қайнар көзін былай баяндайды:
“Первый казахский родоначальник Алаш, по старости своих лет, отложив часть имевшегося у него
скота себе, остальное разделил между тремя сыновьями, от
которых происходят ныне
существующие три орды: большая, средняя и малая, назвал доставшуюся каждому из них долю
инчою (енші – Ж.А.) т.е. неотъемлемою и неприкосновенною собственностью каждого из них…
- Но прибавил он потом, - так как по условиям вашей кочевой жизни, по роду занятия вашего
скотоводством и по отчужденности вашей от оседлой жизни с ее торговлею и базаром …то вам
вечный завет: не берите при взаимном посещении вашем друг друга платы за съестные припасы,
будьте друг к другу постоянно как бы приглашенными в гости, пользуйтесь таким образом друг к
другу правом конак-асы …- на что примите от меня еще оставшуюся у меня четвертую долю
имущества и считайте ее уже не исключительно которого-либо из вас собственностью, а общим
достоянием и как бы неразделенною между вами на веки веков инчою (Алаштан қалған
бөлінбеген енші – Ж.А.)…
Другое, не менее конак-асы завещанное постомству мудрым Алашем добро – это – жылу, т.е.
вспомошествование погоревшим, или разоренным от неприятельского набега, или пострадавшим
от суровой зимы родовичам” (13, с.156-157).
Біздің пікірімізше бұл баяндалған əдет-ғұрып ережелері қазақ қоғамындағы ең түпкілікті
қасиеттер болып табылады. Қазақ қоғамының
өзегі рулық қатынастар, туысқанға көмек-міндетті
парыз. Жоғарыда көрсетілген “қонақасы”, “ортақ енші”, “жылу” сияқты қайырымдылық
нормаларынан бас тартқан адам өзіне бүкіл руды, қоғамды қарсы қойып алады. Мұның бəрі келіп
не айып төлеуге, немесе одан да ауыр жаза саналатын өз руластары мен бөгде елдің алдында
жексұрын атанмға, тіпті қоғамдық жиын-тойлардан шеттетуге алып келеді.
Осы субстраттық дəстүрлер мен құндылықтар беки бастаған уақыт - Алаша хан заманы, қазақ
шежіресінде мығым орын алатыны осы себептен. “Қазақтың басын құрап,
біріктіріп, орын
тептірген-Алаша хан. Сонан бері “Алаш” ұранды қазақбайдың баласы жанжал, ұрыс-төбелес
болса, “Алаш-Алаш” деп айғай салса естіген қазақта ес қалмайды” (45, б.7).
Қазақ шежіресі сақ, ғұн, ашина-түркілері өз ара жалғасқан көне заманның қараңғы бір кезеңін Уыз
ханмен байланыстырады. Рашид ад-Диннің “Жамиғ ат-тауарих” Əбілғазы бахадүр ханның “Түрік
шежіресіне”, “Оғыз наме” дастанына қарасақ бұл заман Евразияның ұлы даласында көшпелілердің
империя құрған, төрт құбылаға тұтас билігі жүрген, əлем халықтарын тізе бүкітірген өктем
шағына ұқсайды. Империялық биліктің қайнар көзі қазақ сахарасын мекендеген көшпелілер
дүниетанымы. Əбілғазының айтуы бойынша Уыз ханның əкесі Қара хан, оның атасы Моңғол хан,
арғы атасы-Түрік, арғы бабасы-Алаша хан. Шежіреге қарағанда ықылым заманнан бері бұл
патшалық əулет жазда қазақ сахарасын мекендейді: “Моңғол хан көп жылдар патшалық құрды,
төрт ұлы бар еді. Үлкені – Қара хан, екіншісі - Өз хан, үшіншісі – Көз хан, төртіншісі – Көр хан.
Моңғол хан бұл дүниеден өтерінде орнына балаларының үлкені Қара ханды қойып кетті – дейді
ұлы шежіреші. Қара хан əкесінен кейін бүкіл елге патшалық құрды. Жазды күні ол Ер тақ жəне
Кер тақ деген тауларды жайлар еді, кəзіргі күні бұл таулар Ұлы тау жəне Кіші тау аталады. Ал қыс
түскенде Қарақұмды жəне Сыр өзенінің жағасын қыстар еді” (7).
Осы Қара ханнан əлемге атағы жайылған Уыз хан өмірге келеді, оның шежіресін қазақ тарихының
терең білгірі, ғұлама М.-Ж.Көпейұлы тамылжыта баяндайды. Уыз ханның тарихы-көшпелілердің
империялық дəуірге аяқ басқан уақыты: “Əуел баста Нұқ пайғамбардан тарап бөлінгенде Жаппас
(Яфет-Ж.А.) деген баласынан Түрік, одан Түтік, одан Қой, одан Еділше, одан Алаша, одан Моңғол
мен Татар. Моңғолдан Қара хан, одан Уыз хан. Осы Уыз ханнан өрбіп, өнген нəсілден тарадық.
Киіз үй сол Уыз ханның жасатқан үйі.
Киіз туырлықты қазақ, уыз үйлі атанғаны содан” – деп
жазады М.-Ж.Көпейұлы (45, б.12).
Қазақ шежіресі “Уыз өскен соң ұлығ патша болып, дүние жүзіне əмірі жүріп, көп уəлəйаттарды
алып, қанша жұртты мұсылман қылды” – деп көшпелі тайпалардың империялық билік сатысына
өткенін, адам баласын алға жетелейтін негізгі саяси фактор есебінде күрделі билік институттарын
құрғанын мəлімдейді. Шежіредегі “мұсылмандық” - шартты ұғым, тарихи мəліметтер бойынша
бұл кезең көшпелілердің адамзат баласының алды болып мəжусилік қараңғылықтан “Бір Тəңірі”
деп жаратушыны мойындай бастаған кезеңі.
Уыз ханға байланысты тарихи аңыздардың ішінде ерекше назар аударатыны қазақтың “тоғыз”
аталатын салтына қатысты деректер: “Киіз үйді осы Уыз жасатып, ызуынан шығарып, соның
хақында үлкен той жасап, тоғыз жүз жылқы, тоқсан мың қой сойғызды. Былғарыдан тоқсан тоғыз
саба тіктіріп, тоқсанына қымыз, тоғызына шарап толтырып, барлық нөкерлерін шақырып сол киіз
үйді тігіп қойған. Сол үшін атамыз Уыз екені анық аталады. Уыз арғы бабам Түріктен өзіме шейін
Достарыңызбен бөлісу: