Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет30/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54
235556 (1)

2.Айттырылып қойған қыз, өз сүйгенімен қашып кетсе, бұрынғы айттырған күйеуіне қыздың 
туыстары қалыңмалын қайтарумен бірге, бір қызды айып ретінде береді немесе қыз орнына
қалың мөлшерін төлейді. 


Қыз əкесі айыпты болмаған жағдайда, қызды алып қашушы төлейді 
3.Егер қыз əкесі алып қашушымен үндес, жымдас болса, бұрынғы құдасына қалыңын қайтарып, 
өз тарапынан айыбын төлейді немесе басқа қызын береді. 
4.Қызды айттырып қойған жақ, қызды алып қашушының тарапынан кешірім сұрау, немесе 
қалыңмалын айыбымен қоса қайтару кешіктірілсе өлім жазасын талап етуге, не барымтаға 
шығуына рұхсат. 
5.Егер айттырылмаған басы бос қызды алып қашса, онда алып қашқан адам қыздың ата-
анасына қалыңмал, түйе бастатқан тоғыз немесе қалың ретінде бір қыз беріп, алып қашқан 
қызға үйленеді. 
6.Біреудің əйелі келісімінсіз алып қашу өлім жазасына кесіледі, не құн төлейді. Егер келісімімен 
алып қашса қалың малын қайтарып, үстіне қыз қосады. 
7.Қызды, не əйелді зорлау өлім жазасына кесіледі, не құн төлейді, егер туыстары соған келіссе. 
Егер зорлықшы қызға үйленетін болса құн орнына қалың мал төлейді. 
Құда тарту 
Ұлына жар таңдаған əке жақсы ниетті білдіру үшін қалыс адамды “жаушы” етіп жібереді. 
Жаушы сөзін: “Сізде лашын бар, бізде сұңқар бар”, - деп бастап, құда болғылары келетінін 
айтады. Егер қыздың ата-анасы бұл ұсынысты қабыл алса, жіберілген адамдар сол арада 
қалыңмал туралы сөйлесіп, оның мөлшерін келіседі. Жаушы “қарғыбау” кəдесін тартады, 
құдалықты бекітер кəдесін-ат пен шапан береді. Қыз əкесі жаушы арқылы күйеу əкесінің 
туыстарының “құда түсер” мезгілін айтады. Қалыңдық аулына келе жатқан құдалар, өздерінің 
келе жатқандығы туралы хабар берді. Қалыңдық əкесі өз туыстары мен достарына
құдаларының келетінін айтып, киіз үй тігіп, ақсарбас қой сойылып, бата оқылады. Алғашқы 
“құда тарту” жігіт жағы қыз ауылына жақындағанда басталады. Құдалардың санына қарай 
қыз жағынан жігіттер қарсы шығып, ат үстінде “құда тарту” болады. Ең бағалы сый күйеудің 
əкесіне немесе оның орнындағы адамға тартылады. Уəденің белгісі ретінде қонақтардың алдына 
жіңішке етіліп кесілген құйрық пен бауыр қойылады. “Құйрық-бауыр” ең алдымен жігіт 
туыстарына, сонан соң қыз туыстарына беріледі. Құда түсу тойында құтты болсын айтып 
келген əйелдер құдаларға арнап шашу шашады. Құдалық үстінде басы жарылып, көзі шықса да 
ешкім режімеуі керек. Əйелдер одан соң қонақтарға жеке-жеке талап қойып, əн салдырып, күй 
тарытқызып, жұмбақ шештіріп, жаңылтпаш айтқызады. Талапты орындай алмағандар тиісті 
жазаларын алады: басына құрым қалпақ кигізіп, бетіне күйе, ұн, балшық жағады. Немесе үстіне 
суық су құйып, өгізге теріс қаратып мінгізеді, немесе шығырға байлайды, шаңырақтан арқан 
салып, аяғынан байлап жоғары көтереді. Бұл кеште əр түрлі қиын, қисынсыз талаптар қою 
арқылы қарсы жақты сынау, олармен өте жақындасуды мақсат еткен. Осының бəрін бір сөзбен
”құда тарту” - дейді. 
6. Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен кейін ғана құдалық уағда бекиді. 
7. Егер “қарғыбауы” беріліп, сөз салып қойған жігіт жағы келісімді бұзып, басқа біреудің қызына 
құда түспек болса, онда келісімді бұзған кінəлі жақ ат-тон айып төлейді жəне бүкіл киітті 
қайтарады. 
8. Егер алдында құдаласып, кейін басқа біреуге үйленбекші болып, келісімді бұзса, онда келісімді 
бұзған жақ бір түйе бастатқан тоғыз айыпты төлейді. Бірінші, құда түскен қалыңдықты алып, 
бəйбіше атандырып барып қана екіншісіне үйленуге хақы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет