Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет31/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54
235556 (1)

9. Қалыңмалдың негізгі бөлігі немесе барлығы өтелген соң ғана күйеу жігіт қалындық ойнауға
барады (“ұрын бару”). Күйеу жігіттің бұл келуі бірінші келу болғандықтан, қалыңдық жағы той 


жасайды. 
10. Егер күйеу қалыңмалын өтемей, ұрын бармай, қалындық аулына келе қалса, онда оның атын 
тартып алып, ісін əдепсіздікке жатқызып, өзін жаяу жібереді. 
11. Егер ұрын барғанда қалындық аулында болғысы келсе, күйеу бір апта, тіпті бір ай жатуға 
еркі бар. Ұрын тойдан кейін күйеудің қалындық ойнап барып тұруына хақы бар. 
12. Күйеу жігіт қалындықтың ұзатылу тойына дейін жақындыққа баруға хақы жоқ. 
13. Егер күйеу ұрын тойда қалыңдығын пəктігінен айырған болса, неке жаулық төсеген 
жеңгелерге кəдесін береді. 
14. Ұрын тойға келіп кеткен күйеу қайтыс болса, онда туыстары қалыңдықты марқұмның 
аулына қайғылы күйде аза кəдесімен бірге əкеледі. Осындай қалындық /жесір/ күйеуін жыл бойы 
жоқтап, сонан соң оның інісіне немесе ағасына, тіпті болмаса жақын туысына тұрмысқа 
шығады. 
15. Неке қиюды қалыңдық ауылында молда өткізеді.Ол жігіт пен қыз жағынан кəде алып /алтын 
жүзік, сақина, садақ жебесі/ оны су құйылған сырлы тостағанға салады. Жігіт пен қалындық, 
олардың туыстары неке қияр суды ішуі жұбайлық өмірдің басы болып саналады. 
Неке қиярдың орнына жігіттің үлкен шаңырағында отқа май құю салтанаты жүреді. 
16.Қайын енесі тірі тұрғанда келін төрге шықпайды. Қайын енесі қайтыс болғанда келін отқа 
тағы да май құяды, одан əрі төрге шығуға рұқсат етіледі. 
Əмеңгерлік: 
1. Жесір əйелге əмеңгер таңдау қайтыс болған күйеуінің жылы толғанда шешіледі. 
2. Күйеуі өлген əйел билер /ақсақалдар/ шешімімен күйеуінің жақын бір туысына шығуы керек. (” 
Ерден кетсе де елден кетпейді”). 
3. Егер жесір қалған əйелдің өлген күйеуінің ағасы да, інісі де болса, онда жесір əйел күйеуінің 
ағасына шығу керек. 
4. Егер жесір əйел қайнысын таңдаса, оған рұқсат, бірақ жеңге алған інісі ағасына жолы 
ретінде “тоғыз” тартады. 
5. Егер жесір басқа біреуге тұрмысқа шыққысы келсе, оған рұқсат, бірақ мал-мүліктен ештеңе 
берілмейді. Ал тиетін күйеуінен толық қалыңмал алынады. Жесірдің есейіп қалған балалары 
əкесінің туыстарында қалады. 
6. Егер күйеуі жас өлсе, екі жақ құдалықты үзбей, қалыңдықты марқұмның інісіне атастырып, 
бұрынғы келісілген қалыңмалдың үстіне бір ат үстеме төлеп, əменгерлікке алуға рұқсат.
7. Егер өлген күйеудің басы бос інісі болмай, басқа жерде айттырылған қалындығы бар інісіне
немесе үйленген ағаларының біріне қосқысы келсе, бұрынғы келісілген қалыңмал үстіне түйе 
бастатқан тоғыз төлеп, некеге отырғызуға рұқсат. 
8. Егер қалындық ер жетіп қалған жағдайда басы бос, тым жас əменгері бола тұра, күйеу 
əкесінің еркі бойынша үйленген балаларының біріне қосатын болса, онда күйеу əкесі түйе
бастатқан тоғызды екі немесе үш еселеп береді.


9. Егер өлген күйеудің өзімен бірге туған ешбір еркек кіндік болмаса, немере туыстарының бірі 
қалындықты əменгері ретінде алуға хақы бар. 
10. Егер қыз əкесі бұндай жағдайда бас тартса қалыңмалды қайтарады. 
11. Егер күйеу ұрын келіп үлгермесе жəне қалыңдықтың əкесі қызын əлі үйленбеген, қыз 
айттырмаған əменгеріне бермей қойса, қыз əкесі қалыңмал үстіне бір тоғыз айып төлейді. 
Балдыз алу 
1. Егер қыз əкесіне құдасы немесе күйеу баласы ұнамаса, əсіресе өлген қызы түскен жерінде 
тиісті сый-құрмет көрмей, ылғи жəбірленіп жүріп дүние салса, басы бос бойжеткен қызы бола 
тұрып бермеуге хақылы. 
2. Егер марқұмның туған сіңілісі айыттырылып қойған болса, немере туыстарының қызын 
сұрауға хақылы. 
3. Өлген қалыңдықтың туған сіңілісі тым жас болса, оны күйеу жігіттің жас інісіне 
атастыруға болады. 
4. Ал басы бос қызы бола тұра қызын бермесе, қыз əкесі алған қалыңмалын түгел қайтарумен
бірге, түйе бастатқан бір тоғыз айып төлейді. 
5. Егер балдызы жездесіне ұнамай, жездесі балдызын алудан бас тартса, онда күйеу жағы əр 
түрілі мөлшерде айып төлейді. 
6. Егер балдызының жастығын ескеріп, жездесі одан бас тартса, онда қалыңмалдың үштен екісі 
күйеуге қайтарылып, өзгесі қыз əкесінде қалады. 
7. Егер оң жақта отырған қалыңдық қайтыс болып, қыз əкесі қалың малды алып қойса қыздың 
сіңлісін күйеуге беруге міндеті. 
8. Қалыңдық өлісімен күйеу бірнеше жолдастарымен қайын атасына келу керек, ол егер 
уақытында келмесе, ескертпесе, балдыз алуға хақы жоқ. 
9. Қалыңдығына ұрын барып қойған күйеу балдызын аларда “балдыз қалың” төлейді. “ Балдыз 
қалың” 1-2 түйеден, бір тоғызға дейін. 
Көп əйел алу 
1. Егер жан-жақты бай, тұрмысы ауқатты адам болса, бірнеше əйел алуға хақы бар, тек əр 
əйеліне енші бөліп, жеке ауыл етіп шығаруы керек. 
2. Əйелдердің ішінде шаруашылық жағын байдың бірінші əйелі “бəйбіше” басқарады. 
3. Əр əйелдің балаларының еншісі шешесіне бөлінген мал-дүниенің есебінен тиеді. 
Ажырасу 
1. Ері қаншалықты жаман, ынжық, кемтар немесе өте кəрі болған күнде де одан
əйелдің айырылысуға хақы жоқ. 2. Егер жас əйелдің күйеуі өзінің күйеулік міндетін
орындауға жарамсыз болса, мұндай дəрменсіздігі куəлар алдында дəлелденуі керек. 
Дəлелденген жағдайда айырылысуға рұқсат.


3. Егер ері əйелін жазықсыз ұрып-соға берсе, сондай-ақ ел ағаларының ескертуіне құлақ 
аспайтын меңіреу болса, əйел төркіні, немесе ел ағалары арқылы билер алдында жүгініп, 
айырылысуға хақылы. 
4. Егер күйеуінің ақыл-есі дұрыс болмаса, шаңырағы түгілі өз басын алып жүре алмайтын сорлы
болып, бала-шағасын асырауға шамасы келмесе, ақсақалдың ескертуінен ештеңе шықпаса, əйел 
билер алдында жүгінуге хақылы. 
5. Егер күйеуі əйеліне күн-көріс /нафаха/ қалдырмай, 6 ай 30 күн хабарсыз қалдырса немесе 7 жыл 
бойы із-түзсіз жоғалып кетсе, күн-көріс болған күннің өзінде əйелі күйеуінен ажырасуға хақы
бар. 
6. Күйеуінің əйелін жазалаудағы себеп əйел тарапынан болса, жəне əйел басқа біреуге қашып 
кетсе, билер үкімі бойынша əйелді күйеуіне қайтарып, қамшымен жазалайды жəне оны 
айнытқан адам айып төлейді. 
7. Шариғат рəсімімен еркектер тарапынан əйелін тастау “талақ етуі”. Үш рет “талақ” деп 
айтқаннан кейін, үш ай мерзім ішінде айырылады. 
8. Əйел жеңілдікке салынып, күйеуінің көзіне шөп салса жəне ол 4 куəмен дəлелденген болса 
ажырасады. Əйелге мал-мүліктен ештеңе берілмейді, қара сиырға теріс міңгізіп, бетіне күйе 
жағып, мойнына құрым киіз іліп, төркініне қайтарады.
9. Егер ері əйелінің ойнасы үстінен шықса, əйелін де, оның көңілдесінде өлтіре алады.
10. Еркегін сыйламағаны үшін, немесе көңілі толмаған, сыйластық болмаған жағдайда күйеуі 
əйелін (бəйбішені) жасау-жабдығымен төркініне аттандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет