Қалыңмал
1.Қалыңмал мынадай бөлімдерден тұрады:
а) Бас жақсы - түзу мылтық, берік сауыт, қашса құтылатын, қуса жететін бір сəйгүлік,
малдағы артық бір түйе немесе олардың орнына 20 жылқы береді.
ə) Қарамал - қалыңмалдың ең өзекті бөлімі.”47” осы қара мал есебіне енеді.”47”-нің ішіне-
жанама жақсы, жеке ту бие, төс ат кіреді, сол
есеппен аяқтымалдың саны əр жастағы малдан 33.
Орташа қалың мал ”37” осы тəртіппен санағанда қара мал есебімен 26.
Қалың малдың құрамы орташа есеппен;
1. Бас жақсы-10 жылқы:
2. құлынды бие; /16 бас/ ;
3. құнан-құнажын;7 бас ;
4. тай-7 бас;
5. жеке ту бие;
6. жанама жақсы- 1 таңдамалы жылқы не туйе;
7. аяқ жақсы-4 бас жылқы. Барлығы 47 бас. Ірі қара саны бір 20-дан бес 20-ға дейін барады.
б/ Ілу- қызын тəрбиелегені үшін ұрын барғанда берілетін кəде /қара малмен орайлас-
қымбат зат/.
в/ Той малы- қыз ұзату тойына сойысқа апаратын мал, жыртыс жəне қалыңдық
жасауының шығыны.Бұл 20-дан 70 бас жылқыға дейін. Жігіт жағынан отаудың кигізі
түгел.
г/ Сүт ақы- қалыңдықтың анасына беріледі-1-7 түйе.
д/ Босағаға байлау- қыз əкесінің босағасына төленетін ақы- 1-2 түйе, жылқы.
2. Қалыңмалдың көлемі 57-47-37-27-17-7 болып кішірейе береді. Ең кіші қалың “дөңгелек” -
7-10 бас ірі мал. Ең ірі қалың қара мал шектелмейді, мөлшері 57, 67, 77 жылқыға дейін.
Қалың мал мөлшері 100-ге дейін көтеріледі.
3. Қалың мал мөлшеріне сəйкес оның құрамы малдың түрлі қасиеттеріне, жынысына,
жасына, қоңына, қысырлығына т.б байланысты анықталады. Қалың мал қалындық əкесінің
талаптарына қарай малдың түлігі мен санының əртүрлі ара қатынастарында беріледі.
4. Қалыңмалға қыздың əкесінің ғана иелік етуге хақы бар.
5. Егер қыздың əкесі қайтыс болса, берілген қалың малға иелік ету тек қыздың аға-інісі,
немесе əкесінің туыстарының ішіндегі ең жақын ер адамға рұқсат етіледі.
6. Егер қалыңдық жігіттен бұрын төсек көрген болып шықса, жігіт жағы қалың малына
қоса бір тоғыз айып талап етуге хақылы/қайын атасының отау алдына күйеуге деген атын
пышақтап, шапанын дар айырып кетеді/.
7.Қалыңдық төсек көрген болып шықса іс билердің үкіміне түсер болса, сол іске кінəліден
қыз əкесінің пайдасына тоғыз даулауға хақы бар.
Жасау
1. Жасау-жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшеріне шамалас, кейде онан да асып түсетін,
ұзатылған қызға міндетті түрде берілетін мал-мүлік; жасауға киім-кешек , ыдыс-аяқ
сияқты мүлік түгел кіреді. Əр қайсысы 9-дан.
2.Жасау мөлшері əртүрлі болады: үлкені 2-5 түйе, қанауыс пен жібектен тігілген 125
шапан, сəукеле, 50 кілем, шұға мен жібектен тысталған 25 ішік, отау ағашы, 5 жылқы,
күміс ер тоқым, жүген, төсек-орын, киім-кешек т.б. / ”ат мініп, отауы артылған түйе
жетелеп келу”/.
3.Жастардың отауын қыз жағы дайындайды (отау ағашы). Киізін жігіт жағы
қалыңдықты алуға келгенде бірге ала келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |